«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстан тарихы»



Дата27.12.2022
өлшемі387,66 Kb.
#164609
Байланысты:
Қ.тарих ГОС 130 жауап хт22-11кс-11к (3)


«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы.


Пәннің мақсаты – білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету.
Пәннің міндеттері: 1) Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр).
2) XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау.
3) Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу(XVIII - ХХ ғғ.басы).
4) Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.
5) Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
Қазақстан тарихы пәнінің тарихнамасы және дереккөздері: Қазақстан тарихы пәнінің ежелгі дәуірінде археологиялық деректер кең пайдаланылады, ортағасырлық Қазақстан тарихында кесенелер және жаза деректер негіз болады. Тарихнама – тарихтың тарихы.
Кезеңделуі:Көне заман бұл ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардан б.з.д V аяғына дейін.
Әуелгі орта ғасыр VI-XII ғасырлар немесе түркілік.
Орта ғасыр XIII-XVII ғасырлар немесе монғолдық.
Жаңа заман XVIII-XIX ғасырлар Жоңғар шапқыншылығы,Отарлау,Ұлт азаттық қозғалыстар. Қазіргі заман XX ғ немесе революциялар қоғамдық қатынасарды қайта қуру. Тәуелсіз Қазақстан немесе 1990 ж 25 қазаннан бастап қазіргі күнге дейін.

2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі. Адамның шығу тегіне байланысты тарихта көзқарастар 3 топқа бөлінеді. Біріншісі — діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген ұғым. Екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген.Ал, үшінші пікір бойынша — адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды.Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін.1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде “зинджантроп” деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде “епті адам” деп атаған. Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Адамзат дамуының кезекті сатысы “тік жүретін адамдар” кезеңі. Бұл адамдардың өкілдері питекантроп пен синантроп. Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген.


3.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің аздыкөпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер ХІХ ғасырдың 50- жылдарынан басталады. 1862 жылы қазіргі Атырау облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы П. Михайэлестың тілегі бойынша, Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес жаңқышақтар, тас балталар қойылады. Бұқтырма үңгіріндегі адамдар тұрған қонысқа қазба жұмысы жүргізілген. Жұмыстың барысында от орындары, көп қырлы жаңқышақталған өзекшелер табылған. Көне тас дәуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал – жабдықтарға зер салып қарасақ, алғашқы адамдар өміріндегі болған жаңалықтарды байқау қиын емес. Тастан жасалатын құралдар саны - сапасы, түрі жағынан дамып отырған. Бұдан байқалатыны адам баласының жетілұі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп өсуі. - Алғашқы адамдар топ-топ болып жүрді дейміз, оны қалай білуге болады? - деген сұрақ тууы мүмкін. - Оны біз тастан жасалған құралдардың бір жерден және от жағылған жердің айналысынан көптеп кездесуінен көреміз. Мәселен, Арыстанды өзенінің бойындағы Ш. Уәлиханов қонысындағы мыңдаған тас құралдардың бір жерден табылуы адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымын, дәлірек айтсақ, рулық құрылыстың бастамасы екендігін көрсетеді. Ал қоныстардан отты пайдаланудың байқалуы алғашқы адамдардың өмірінде өз кезіндегі үлкен прогрессивтік жаңалық екендігін Ф. Энгельс орта ғасыр дәуріндегі адам баласының бумен жүретін машинаның табуымен салыстырады. Отты пайдалану деген сөз алғашқы адамдардың өмір сүру үшін табиғатпен күрес жүргізуінің басталғандығы. Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит - (мезо-орта, лит-тас, яғни “орта тас”) дәуірі бар. Бұл дәуір б.з.д. 10 мың жылдықтан – б.з.д. 5 мың жылдыққа дейіндегі тарихи дәуірді қамтиды. Мезолит дәуірінің өзіне тән бір ерекшелігі – адам баласының өмірінде ірі- ірі екі оқиға болды: - Біріншісі, - жаңа қарудың пайда болуы: Садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер – үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. - Екіншісі, - дәуірдің аса маңызды белгісі мал өсіру мен егіншілік, яғни өндіруші шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына: жиып – теру, аң аулаудың орнына келеді. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінен одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы шаруашылықтың осы екі формасының даму, жетілу тарихы болып табылады.
4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3 —2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Қоладан жасалған құрал-жабдықтың және әшекей бұйымдардың көптеп табылуына қарағанда, адамдар руда бар жерді тауып металл өндеуді игерген. Академик Қ. Сәтбаевтың айтуына қарағанда, ертедегі кеншілер құрамында 5 фаиз мысы бар рудаларды пайдаланған. Ертедегі Жезқазған рудасынан 1000000 тоннадай алынған. Сонымен қатар бұл кездегі адамдар әлі де болса тастан, сүйектен құрал жасаудан бас тартпаған. Оған дәлел қоладан жасалған құрал-жабдықтардың өзі өмірге деген қажеттілікті толық өтей алмағандығын көрсетеді. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі мәдениеті үш кезеңге бөліп зерттеледі: -бірінші кезеңі - б.з.б. ХVIII--ХVI ғғ; -екінші кезеңі - б.з.б. ХV – ХIII ғғ; -үшінші кезеңі - б.з.б. ХII--VIII ғғ.
Қазақстан қола дәуірі дүние жүзіндегі қола дәуірінің ажырамас бір бөлігі. Бірнеше мыңдаған жылдардың өткеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан, бұдан былай да сақтала беретін, әдет-ғұрып, салт-сана, әсемдік-сәндік өнердің бастамасы болып келген үлгілі ою-өрнектер халқымыздың ұлттық мақтанышы болып жалғасуда. Олар бүгінгі күнімізде тәуелсіз Қазақстан елінің жаңа өміріңде оның рухани жан дүниесімен жаңаша жасарып, әрі қарай жалғаса бермек.

5.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.


Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай көзқарастар аясында туындаған зерттеулер барысында Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтары да қамтылып, жүздеген петроглифтік орындар анықталды. Олардың біразы ежелгі ғибадатхана орындары, яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде көрсету мақсатында жасалған тастағы таңбалар осының айғағы. Ашық аспан астында су көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасаған адамдар діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсіруге тырысқан. Мұндай көріністерді Қазақстан жерінен табылған петроглифтерден анықтау қиын емес. Себебі, Қазақстан, әcipece Жетісу өңipi - петроглифтерге бай аймактардың бipi болып табылады. Солардың ішіндегі ең көрнектісі - жартастағы жазу дәстүрлі көркем стилінің негізін қалаған Тамғалы тас жазулары ерекше танымал. Тамғалы петроглифтері орта қола ескерткіштеріне жатады. Ежелден киелі саналатын Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Тамғалы петроглифін Шу-Іле тауының оңтүстік-шығыс бөлігінен 1957 жылы 19- қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың басшылығымен жүргізілген археологиялық экспедиция тапты . Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш зерттеу аясындағы алғашқы «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі жарық көреді, онда ескерткішке жүргізілген зерттеудің жарты ғасырлық тарихы берілген. Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің бірнешеуіне тоқталсақ: «Күн басты адамдарды, қол ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды қарсы алу ғұрпына орай туған Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған. Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді
6. Атқа міну мәдениетінің генезисі
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі ата міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символьна айналды. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі¬зіл¬ген қазба жұмыстары жылқы¬ның тұң¬ғыш рет қазіргі Қазақстан аума¬ғын¬да қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар. «Ат – ер қанаты» деп ұғынатын қазақ халқының дүниетанымы мен тұрмыс салтында, күнделікті шаруашылық өмірінде жылқының алар орны зор. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны айтылған. Оған тарихи дәлелдер жеткілікті. Қазақ пен жылқының жақындығы жөнінде көптеп айтылатыны да сондықтан.
Ғалымдар ең алғаш рет жылқы қазіргі Украина жерінде жүгенделген деген пікір қалыптастырған. Алайда бұл жаңалық 1980 жылы еліміздің солтүстігінде Ботай қонысы табылған кезде жоққа шығарылды.
Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға болғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға жеккені, бие байлап, қымыз ашытқаны археологиялық қазбалар арқылы дәлелденген. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы 20 гектар аумақты алып жатыр. Қоныс шамамен бір ғасырдан артық уақыт өмір сүрген. Археологтар қыш құмыраларды, ыдыс-аяқтарды, жылқының қаңқаларын көптеп кездестірген. Сондай-ақ осы қонысты мекен еткен адамның сүйегі табылды. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз.

7. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар мен сарматтар.


Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, дамудың жаңа кезеңінде адам қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмады.
Осының нәтижесі – темірдің игерілуы болды. Темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағанда, Қос өзен – Тигр және Евфрат бойындағы елдермен Египет жеріндегі жұртшылық темірді б.з.б. үшінші-екінші мың жылдықтарда білген. Темір құрал-саймандар Қазақстан территориясында б.з.б. VIIIVII ғғ. жасалған. Оған жазба деректерде белгілі болып жүрген атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың мекендерінен табылған семсер, қанжар сияқты темір заттар толық дәлел. Жалпы әлем тарихында темірді игеру орасан зор жетістік. Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, темірді қорыту үшін 1530 градус жылу қажет.
Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған. Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді: 1.Тиграхауда сақтары – ол шошақ қалпақ киген сақтар; 2.Хаомаварға сақтары – жүзімнен (хаома – жүзім) сусын қайнатушылар; 3.Парадарайя сақтары—теңіздің арғы жағында тұрушы деген ұғымды берген. Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі – 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т.б. деп те атайды. Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер депте аталады. Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген.
Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір тіршілігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бүйымдар жасауда, нағыз зергер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, киелі фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері – тамаша мүсінші, суретшісі.
Сақтардың барлық бұйымдары, тастағы суреттері де жануарлар бейнесі мен әшекейленгендіктен, олардың мәдениеті жалпы әлем мәдениетінде “аң стилі” деп аталады.
Савроматтар (Сарматтар) туралы оқулықтардағы материалдар өте аз. Б.з.б. II ғ. грек-рим деректері: Қара теңіз жағалауындағы скиф тайпаларының шығыс жағында Аростор мен Роксолан тайпалары өмір сүрген, дейді. Археологиялық зерттеу жұмыстары олардың савромат, сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Батыс Қазақстанда Еділ- Жайықтың төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің жоғарғы ағыстарында олардың ескерткіштері (обалар) кездеседі. Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі Андронов және Ресейдің Оңтүстік аудандарындағы қола дәуірінің бір мәдениеті болған қима мәдениетінің кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар. Батыс Қазақстандағы өмір кешкен сармат тайпаларының ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттелген. Батыс және Солтүстік Батыс Қазақстанның жерін мекендеген ежелгі темір тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстар, оларды негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады: 1. Бірінші кезең – б.з.б. VII-IV ғғ. 2. Екінші кезең – б.з.б. VI-II ғғ. Көрсетіліп отырған кезеңдердің біріншісі археологиялық материалдар бойынша ежелгі савроматтар деген атымен белгісі болса, ал екіншісі жазба деректер бойынша соңғы кездегі сарматтар. Бұлар өздерінің осы атауларымен б.з. IV ғасырына дейін белгілі болған. Сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Сарматтардың обаларынан көбіне: қанжар, семсер, садақтың қырлы ұштары; әшекей бұйымдардан: түрлі-түсті моншақтар, қол айналар, қапсырмалар, әртүрлі аңдардың суреттері бейнеленген асыл тастар табылады. Аяқтарында басын жерге салып тұрған жыртқыш аңдар бейнеленген, күнге немесе отқа табынуды көрсететін тас шырақтар кездеседі. Обаларда өте көп кездесетін құрал-саймандардың бір түрі ат-әбзелдердің ішінде, ауыздық, пен оның сулығы. Жалпы, Сармат тайпаларының шеберлері сулық жасауға ерекше мән берген. Шамасы, олар көлік ретінде мініс аттарына аса назар аударған тәрізді. Сулықты қола, темір, сүйек сияқты заттардан жасаған. Сармат тайпаларының мекендерінен табылған әшекей, сәндік бұйымдар оларда шебер зергерлердің болғандығын көрсетсе, ал темірден жасалған үзеңгі, ауыздық және оның сулықтары, тағы да басқа металл бүйымдар, тайпаларда он саусағынан онер тамған тамаша темір ұсталарының болғандығының айғағы. Зерттелген обалардың қайсысынан болмасын ер-тұрман жабдықтары табылады. Бұдан шығатын қорытынды, сармат тайпалары мал шаруашылығымен шұғылданған. Сарматтар қыс кезінде тұрақты мекен жай салып, қыстауларда тұрған. Әзірше ондай түрақты жайлар Барки қонысынан белгілі. Осыған қарағанда сарматтарда жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болған. Қазіргі зерттелген деректерге қарағанда оларда әлеуметтік теңсіздік болған. Сарматтардың қандай тілде сөйлегендері әлі белгісіз. Табылған заттардың ішінде Таяу Шығыс, Орта Азия елдерінен келген бүйымдар да кездеседі. Ол сол елдермен болған қарым-қатынасты көрсетеді
8.Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған.
9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. . Билеушісін «гуньмо» деп атаған.
Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Үйсін сөзі қытай деректемелері арқылы белгілі. Сөздің мағынасы осы уақытқа дейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Ал Жетісу жеріндегі үйсіндер қорымдарынан алынған бас сүйектер, антропологиялық жағынан европеидтер. Бірақ олардың бет-пішіндерінде монголоидтық белгілер де болған. Түркілер үстемдігі кезінде олардың арасында өздерін “сары түргештерміз” деп атаған ру-тайпалар болған. Ал соңғы орта ғасыр кезінде қазақ халқының құрамына енген Ұлы жүз тайпалары өздерін үйсіндерміз деп атаса, олардың ішінде “сары үйсіндер” деген ру да бар. Түйіндей келгенде үсүн сөзімен үйсін сөздерінің бір-бірімен үндес екендігі еш күман туғызбайды. Бұл деген ертедегі үсүндермен кейінгі үйсіндердің арасында белгілі бір этникалық байланыс бар болғандығының толық дәлелі. Адамды жерлеу, жерден ұзыншақ төрт бұрышты, тереңдегі 70 см. ден 1 м. дейін, кеңдігі 50-60 см мүрде қазылып, мәйіттің бас жағын батысқа қаратып, заттармен жабылып, оны айналдыра бір, екі қатар тастар тізіп, дөңгелек белдемелер жасалатын, оның үстіне тас, топырақтан үйінді жасап оба тұрғызатын. Жерлеудің мұндай тәсілі б.э.б. III-I ғғ. үсүн тайпаларында болса, ал б.э. I- IV ғғ. үйсіндерде адам жатқызатын мүрде, қазылған жердің бір жағынан қиып, үнгір болып жасалды. Ал зираттың сыртқы көрінісі бұрынғыдай тастан дөңгелек белдеулер тізілмей, құм, тас, топырақтан оба тұрғызылады. Жерлеу тәсілдерінің мұндай өзгеріске ұшырауын археолог ғалымдар үйсін тайпаларындағы діни-сенімдердің өзгеріске түсуі және әлеуметтік, экономикалық жағынан дамуы деп тұжырымдайды.Үйсіндер жартылай көшпелі, жартылай отырықшылық шаруашылық-пен шүғылданған. Қазба жұмыстары кезінде табылған қол диірмендер, үккіш тастар, олардың егіншілікпен де айналысқандарының дәлелі. Тұрақты мекен-жайлардың маңында арық тоғандардың орындары сақталған. Тұрақты мекен-жайлардан, қорымдардан алынған ыдыстар жасалу жағынан да, түрі жағынан да бір-біріне ұқсас. Жазба деректерге қарағанда үйсіндер жылқы өсіруге аса зор көңіл бөлген. Үйір-үйір жылқылары болған. Қытай қызына үйленген үйсін "ханы" шамасы "қалың мал" үшін болу керек 1000 бас жылқы беретын болған. Үй жануарларының ішінде түйе өсіруге де көңіл бөлінген. Үйсіндер обасынан табылған алтын жүзіктің үстінде шөгіп жатқан қос өркешті түйенің мүсіні түйеге табынғандықты байқатады. Зираттардан алынған металдан жасалған құрал-саймандарға қарағанда үйсін шеберлерінің темір, қола сияқты металдарды ұқсата білген ұсталар екендігін көрсетеді. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. "Усунго"-Усун мемлекеті, "Синго" көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірсе, ал таптық жіктерді, білдіретін гуньмо - усун билеушісі, хоу - бай, даня - тархан деген әлеуметтік атаулар болған. Негізгі өндіруші тап қарапайым шаруалар болған. Деректерге қарағанда Үйсіндер көшпелі мемлекет. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен, тең хұқықты дәрежеде саяси және сауда-қатынас жасаған. Соңғы кездегі, жүргізілген зерттеулер, үйсіндердің VI-VII ғғ. Түркі қағанаттарына тәуелді болғандығына қарамастан, өздерінің бүрыннан дамып келе жатқап әдет-ғұрып, салт-санасып сақтағандығын көрсетеді Деректемелердің ішінде көңіл аударарлық ең бастысы, үйсін тайпаларының Х ғ. Түркі және Қытай жазба деректерінде өз аттарымен кездесуі. е, осы соңғы атымен қазақ халқының құрамына кіреді. Жетісуда болған орыс ғалымдары мен саяхатшыларына Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері өздерін үйсіндерміз деген. Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда айтылғандай соңғы орта ғасырда айтылып жүрген үйсіндер ежелгі үсүндердің жалғасы, ұрпақтары.

10. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.


Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі Қаңлылар. Олар қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары "Авеста" мен "Махабхарата"да қанха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Кангю-тарбанд деген кенттің аты бар. "Кангюй", Қангха, кангю-Тарбанд сөздерінің көрнекті ірі елдердің жазба деректерінде сақталуының өзі қаңлы тайпалар бірлестігінің, жай ғана ру-тайпалық деңгейде өмір сүріп қоймай, олардың мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, ол елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасағандарын да көрсететін сияқты. Ал кангюй немесе қаңлы этнонимінің мағынасы немесе оның пайда болған мерзімі осы күнге дейін белгісіз. Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары дейді. Қытай деректеріндегі Чжан-Цяннің хабары бойынша б.э.б III ғ. Қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битянь қаласы болған. Ол қала Сырдарияның бойында деп айтылып жүргенімен, оның дәл қандай жерде орналасқандығы осы уақытқа дейін анықталмай отыр. Жалпы, Орта Азиямен, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген. - Қауыншы мәдениеті; - Жетіасар мәдениеті; - Отырар-Қаратау мәдениеті; Бұлай бөлудің өзі біріншіден материалдық мәдениеттегі заттардың жасалу мерзімдеріне байланысты болса, екіншіден олардың жасалуы жағынан болған өзгерістерге байланысты. Сонымен қатар әрбір аймақтың, ауданның жергілікті өзгерістеріне де көңіл бөлінген немесе әрбір мәдениеттің бір-біріне тән ортақ қасиеттерінің болғандығы анықталған. Ал ондай жергілікті өзгерістер, ортақ қасиеттер, заттардың түрлерінің көбеюі, даму динамикасы көрінісі екендігін ескертеді. Қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне және оның аймағына жүргізіліген археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси өмірінен, әлеуметтікэкономикалық жағынан көптеген материалдар берді. Алғашқы көзге түсетін басты мәселе шикі кірпіштен жасалған тұрғын шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде жазылғандай "Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде өмір сүреді" деген хабарлар бекер айтылмаса керек. Кенттердің айналысына жүргізілген арық, тоғандар да жиі кездеседі. Олар көп жағдайда егіндік жерлерге тартылған ірі өзендерден (Талас, Сырдария) тартылған тоғандар қаңлы тайпаларының отырықшы жер кәсібімен айналысқандығына дәлел. Тайпалар жерді көлдетіп суғару, тәлім суғару сияқты түрлі тәсілдерін білген. Жетіасар қалашығының зерттелуіне қарағанда оның аймағында Сырдарияның айрықтарын ортасынан буып бөгет жасап, егістікке тоған арқылы су шығарған. Ал таулы жерлерде, кішігірім таудан ағып шығатын өзен--жылғаларды, бастаулардың суын пайдаланған. Тұрақты мекен-жайлардан төрт түлікті үй жануарларының сүйектері түгелдей кездеседі. Мұндай материалдардың айтарлықтай кездесуі қаңлы тайпалар-ының отырықшы мал шаруашылы-ғымен айналысқандығына толық дәлел. Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарға, олардың әдетғұрпы, салт-саналарын баяндайтын көптеген материалдар табылған. Өлген адамдармен бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сән-салтанатты әшекей бұйымдар, о дүниге сенуді, ата-баба аруағына сиынуды көрсетеді. Табылған заттар қолөнердің, зергерліктің қаңлы тайпаларында өз дәрежесінде дамығандығын байқатады. Қыстақ-кенттердегі тұрғын үйлердің салынуы, бөлмелердің үлкенді-кішілігі зираттардан табылған бұйымдар мен қымбат бағалы әшекейлердің біркелкі болмауы, әлеуметтік теңсіздіктің болғандығының айғағы. Қорымдардан алынған бас сүйектерге жүргізілген антропологиялық зерттеулерге қарағанда қаңлылардың нәсілдік сипатында европейдтік және монголойдтік белгілер анықталған. Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын, оның мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгендігін баяндайтын хабарлар да бар. Сол материалдарды археологиялық материалдармен салыстырғанда, шындығында қаңлы тайпаларын Қазақстан жеріндегі алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекеттің дәрежесіне көтерілген тайпалар деп қарастырған дұрыс болады.

11.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.


Соңғы деректер мен зерттеулер бойынша, б.з. I—X ғасыр аралығында Орталық Азия мен Моңғол үстіртінде саяси үстемдік жүргізген түркітекті теле тайпалар одағы болғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Алтай, Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар мен Шығыс Түркістандағы басмылдар да Орталың Азияны билеуге ұмтылды. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.

Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.


Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
Батыс түрік қағанаты (603—704).
Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.

12.Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.


Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.

VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды.


Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған.
13. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б.З.VIIIғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды.
Қарахан мемлекеті (IX ғ.аяғы –XIII ғ.басы). Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды. Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы Сатұқ Боғра хан өзін жоғары қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра хан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білім сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондай- ақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін құптайтын.
Түркілер XIV-XVғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады.
Барлық құқықтар қорғалған.Түркілердің ислам дінін қабылдауы | Қазақстандағы Ислам
14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны.Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыпшақтар жайлы нарративті деректер мәліметтері мен қыпшақтардың шежірелік мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы. Тайпалардың көші-қон және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштерін қосу. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).

15.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.


Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.

Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.


16. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.


Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.

17.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.


Қыпшақтың тегі – Қазақ. Қыпшақ, Қазақ, Ғұн, Сақ, Алаш, Түркі – синоним. Бәрі бір ел, бір ұлттың балама атаулары, бәрі бір Атаның, яғни Қазық жұртта (Қазақ даласында) отырған ұлы елдің ұрпағы. Оны батыстықтардың Қумандар деген атауынан да айқын көруге болады.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар (Қидан, Қиян, Қияттар М.Қ.), баяндурлар, баяуыттар (байұлылар М.Қ.), қаңлылар (Маңғыстаулық Қаңғалықтар (М.Қ.), ұран (Тұран М.Қ.) тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

18.Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы.


Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.

XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.


Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

19. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.


20.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.


Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы. "Түркі" термині алғаш 542 жылы қолданылды. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына қоныстанды.
Түркі мәдениетінің дамуына және одан ары таралуына ең басты рөлді «Ұлы Жібек жолы» атқарды. Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. «Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды. Жібек жолы бойымен діни идеялар, тауарлар және олардың өндірісі туралы ақпарат атап айтқанда, жібекті, түрлі-түсті шыныны, қағазды, кітап басуды, оқ-дәрі мен зеңбіректі дайындау тәсілдері таралды.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда 9 ғасыр мен 13 ғасырдың басында өзінің ең биік деңгейіне жеткендігін айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары болып қалды. Оларға солтүстік-шығыс Жетісудың Қоялық, Екі-оғыз қалалары қосылды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасады. Бұл қалалар Арал бойындағы құрғақ шөлейт аймақта өте жақсы сақталды. Олардың күн қаққан сары қабырғалары әлі күнге дейін биіктен көрінеді, ал төбелер астында үлкен көне қорымдар сақталған. Тараздың жанында Жамуқат қаласы болған. Оның қалдықтары Талас алқабында жатыр. Бұл орын қазір Қостөбе деп аталады. Жібек жолының бойында бірнеше жаңа қала пайда болып, ал бұрынғы қалалар дами түсті.
6 ғасырдың екiншi жартысында түркiлер Ұлы Жiбек жолының бiраз бөлiгiне иелiк еттi. Нақты осы түрiк кезеңiнде Қытайдан Жетiсу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстiгiне өткен Ұлы Жiбек жолы бойында жандану байқалады. Бұл жолдың негізгі бөлігі болды және керуен саудасы мен елшiлiк сапарлары 6-13 ғасырларда осы жермен өттi. Бұл жағдай Жетiсу мен Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңа қала орталықтарының пайда болуына түрткi болды, осыған дейін бар қалалардың тез өсуiне әсер еттi. Жiбек жолының түрiк бөлiгi бойынан мұндағы қызу керуен саудасының көптеген заттық дәлелдерi табылды.
Қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде өтті. Онда Орталық Азия халықтарының түрлі жүзжылдықтардағы мәдени жетістіктерін көрсеткен үлкен көрме ұйымдастырылды. Және де ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған үлкен мұраны зерттеуге ғана емес, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұрасы нысандарының тізіміне «Ұлы Жібек жолы» номинациясында 30-дан астам тарих және археология ескерткіштерін енгізді.

21. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.


Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны — 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.

22.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.


Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.
Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады.
Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген.
Қожа Ахмет пайғамбар жасына келгенде, бар дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге, ғəріп- міскіндерге таратып беріп, қылует (фəниден жалғыздықта күн кешу) жасауға бел байлайды. Ол өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінəжатханада өткізеді. Сопы: «Алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнə», — деп өзіне бір тоқтам жасайды. Қылуетте (халуетте) тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған, білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді.
«Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы» деген жолдарда əдемі көрініс тапқан. Расында, ер адамның тірліктегі əрбір іс-əрекеті, жасаған еңбегі, біреуге берген қол қайыры кəкір-шүкір жай нəрсе емес. Естігеннің жаны сүйсінетін, көргеннің көңілі толатын ерлікпен ғана ол көптің алғысын алып, мол құрметіне бөленбек.
23. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және т.б. мұралары бүкіл ғалам мен адамды жаратушы Аллаһқа деген махаббат пен ғибадатты, рухани жетілуді насихаттаған туындылар. Аталған ойшылдар исламның діни-этикалық құндылықтарын түркі халықтарына түркілік дүниетаным мен ділдік ерекшеліктеріне сәйкес таратқан. Орта ғасырлық түркі ойшылдары дүниетанымдық ізденістерінде Құран құндылығы мен даналығын, білім мен ғылымды, әдептілік пен әділеттілікті, ізгілік пен мейірімділікті насихаттаған еңбектерінде үйлесімді түрде көрсеткен.

Орта ғасырлық мұсылман философтары ислам дінін білім мен ақыл-парасат негізінде, ғылыми тұрғыда түсініп, пайымдаған. Мұсылман ойшылдары мен ғалымдары ислами дүниетаным негізінде ғылыми ізденістер жүргізді. Ислам мұсылмандық философияның мәйегі. Араб тілінде берілген қасиетті Құран Кәрім ислам әлемі ойшылдары мен ғалымдарының шығармашылық және дүниетанымдық көзқарастарының түпкі қайнар бастауы болды.


Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ өңірінде дүниеге келген. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан түркі халқы мәдениетінің классикалық әдеби жәдігерлерінің қатарынан орын алған Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны халқымыздың тарихы, діні мен ділі үшін үлкен мәнге ие теңдесіз туынды болып табылады. Орта ғасырлық Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар оның алып істерін жүргізуге дейінгі аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады.


Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесінде дін мен оның құндылықтары өзіндік орын алады. Әл-Фараби дүниетанымында дін ойлаудың нақты әдісі және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегі және адамдардың ахлақтық, құқықтық қарым-қатынасын реттеуші жүйе ретінде қарастырылады.

Әл-Фарабидің пайымдауынша, «дін – бәрі үшін алғашқы басшы алдын-ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл». Отырарлық ойшылдардың пайымдауынша, дін адамзат үшін басшылыққа алатын дүниекөзқарас және іс-әрекет жүйесі. Фараби діни құндылықтарда адамның рухани дүниесі мен әдептерін қалыптастыратын күш-қуат көзі бар екендігін және дін бақыт пен игілікке жетудің бір құралы болатындығын атап көрсетеді. Құранда: «Аллаһтың саған сыйлаған нәрселері арқылы ақырет жұртын құмарт. Сондай-ақ, дүниеден алар үлесіңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық қылғандай, сен де жақсылық қыл және жер бетінде бұзықтық тілеме. Өйткені, Аллаһ бұзақыларды жақсы көрмейді» делінген [Әл-Қасас, 77].


Әл-Фараби діннің негізінде ізгі мазмұн мен ибалы мән айшықталғандығы және дін мен бақыттың үйлесімділігі, бұл ізгі дін болатындығын болжайды.


Әл-Фараби философия мен дінді адамның дүниедегі болмыс тәсілдері ретінде анықтайды. Философия (фәлсәфа) деп әл-Фараби тек даналықты (хиқма), «Жалпы туралы» ғылымды ғана түсінбейді, оны өмір сүру тәсілі, адамды өзінің адами мәнін түсінуіне жеткізіп қана қоймай, осы тәсілдің арқасында сол нағыз мәнге айналдыратын тәсіл ретінде түсінеді. Дінді де ол дүниедегі болмыс тәсілі деп, ақиқат жолға бастайтын тәсіл деп түсінді.


Махмұд Қашқари 1029 жылы Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған.


Махмұт Қашқаридың еңбегінде ислам құндылықтар мен тәлімдері, әдептілік ұстанымдары айқын көрінеді. Исламның жалпыадамзаттық құндылықтары ойшыл дүниетанымының негізі ретінде көрінеді. Қашқаридің мұрасындағы ислами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады. Сондықтан да Қашқари шығармаларында ислам ілімі мен құндылықтары маңызды орын алады.

24.Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы.


XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Орта Азиямен мен Қазақстан далаларында саяси жағдай, көшпенді тайпалардың билеушілері арасындағы тартыс күшейе түсті.
ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.
ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.
1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.

25. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.


Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорық болды, бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218-інші жылы қайта басталды. Шыңғыс хан өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, оның діни қудалауларына, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсынып, өз әскерлерімен оның қарамағына өтті.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.

1218-інші жылы Шыңғыс хан Орта Азияға Омар Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218-інші жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр хан саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастап, керуенді тонап алады. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезм шахы Екінші Мұхаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, Шыңғыс хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды.


1219-ыншы жылы қыргүйекте Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғыс хан өзі кіші баласы Төлемен бірге Бұхараға қарай бет алды.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезм шахы Мұхаммед екінші көмекке жіберген әскебасы қақпаны ашып, өз әскерімен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қояды.
Осылайша Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол әскері Шыңғыс ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршыкент қалалары алынып, Ашнас қаласының тұрғыңдары да қырғынға ұшырайды. 1219-1220-ыншы жылдар арасында Сырдарияның бойындағы барлық қалалар мен қыстақ-кенттер моңғолдардың қол астына өтеді.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220-ыншы жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, қыпшақтарды және Қалқа өзені бойындағы орыстарды 1223-інші жылы тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225-інші жылы Шыңғыс хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен 1219-1224-інші жылдардағы моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.

Ұлыстардың құрылуы


Ұлан-ғайыр көп жерді жаулап алған Шыңғыс хан көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Әмударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталды.


Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Қашқария, Жетісу, Мауренахр тиді. Шағатай ұлысының мұрасы ретінде Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылған еді.
Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге ол моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалған әскер үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Моңголиядағы) ұлы хан Шыңғыс ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол және түркітектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға кетті. Соның нәтижесінде жергілікті түркітектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, ұсақталып кетті. Бұл үлкен ру-тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғол шапқыншылығы тайпалардың, тайпалық одақтардың аяқталуға жақын қалған халық болып бірігу процесін бірнеше ғасырға шегерді.
Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық әрекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады.
Моңғолдар далаға орталықтандырылған мемлекет құру идеясын әкелді, бұрын ыдырап жүрген тайпаларды біріктірді. Көшпелі өмір нормасын Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы реттеп отырды, мұнда жаңа жағдайларға бейімделген кәдімгі құқық жинағы болды. Алайда Шыңғыс хан мен оның мирасқорлары жүргізген соғыстар жаулап алынған жерлердің ғана емес, сондай-ақ Моңғолияның өзінің де өндірістік күштерін құлдыратты.
Қазақстанды мекендеген тайпалардың көбі моңғол шапқыншылығы салдарынан Венгрияға, Балқан елдеріне, Үндістанға, Қытай мен Мысырға ауды.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге ұмтылды, бірақ ол 1227-інші жылы қыста қайтыс болды. Жошы хан өлгеннен кейін оның мирасқоры Бату жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағы Алтайдан Дунайға дейін созылды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды. Ол Батыс Дешті Қыпшақ аумағына, Еділ бұлғарларының жерлеріне және әрмен қарай батысқа жаугершілік жорықтар жасады. Ірі орыс княздіктерін, көптеген Еуропа елдерін талқандады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде Еділден бастап батысқа қарай Қырым, Солтүстік Кавказ, Батыс Қыпшақ далаларын қоса алғанда, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлер Батудың қолына қарады.
Моңғолдар Ордада азшылық болды. Он үшінші ғасырдың соңы мен он төртінші ғасырда моңғолдар толық түркіленіп, Алтын Орда халқы татарлар деп атала бастады.

26.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.


Алтын Орда Бату, Берке, Мөңке-Темір, Төле Мөңке, Төле-Бұқа, Тоқа-Темір, Өзбек, Жәнібек хандар билеген тұста кемеліне келіп, оның билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Алтын Орда Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, халқы әртүрлі кәсіппен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Мысыр сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам дінін Өзбек хан 1312-інші жылы Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан мен оның баласы Жәнібек ханның билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медреселер салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғыс хан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасылар басқарды. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.
Шыңғыс хан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан ұрпақтарының иелігі болды. Егер хан өлсе, не інісі, не баласы таққа отыратын. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізе бастаған. Мұндай іс-қағаздарын жүргізушілерді «бітікшілер», яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктері билеуші әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, ал нояндар беклербекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылды. Азаматтық басқару билігі түркі әулеттерінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Ал даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істерді беклербек басқарды. Басқақтар да маңызды рөл атқарды. Олар басқару қызметін атқарумен қатар жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысты.
Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Жасақты» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі және экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357-інші жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына талас басталды.
Тек 1357-1380-інші жылдар арасында Алтын Ордада 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі күшейді. Он төртінші ғасырдың аяқ кезінде Мауренахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380-ыншы жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған моңғол әскерін талқандаған орыс князьдары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда он бесінші ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекетке бөлініп кетеді. Алтын Орда – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кіреді.
Империялар тарихына жасалған шолу мынаны дәлелдеп отыр: Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары басқарған Моңғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Бұл тарихи шындықтың тағы бір көрінісі Қазақстан аумағында он төрт - он бесінші ғасырлар аралығында құрылған феодалдық мемлекеттер, қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы болды.

27.Ақ Орданың саяси тарихы (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).


Моңғол дəуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстан халқының бірігуімен сипатталады. Осы иеліктерде моңғол дəуірінің ыдырау процесі жүріп, Ақ Орда, Моғолстан, Əбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы құрылды.
Ақ Орда. ХІІІ ғасыр мен ХV ғ. басы аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.).
ХІV ғ. екінші жартысында Алтын Орда билігі əлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер болды. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы түркітілді тайпалардан құралды.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мауренахр билеушісі Әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды.
ХІV ғ. екінші ширегінде Мүбəрак қожа (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тəуелсіз хандық болып жарияланды. Ол Алтын Орданы өзіне бағындыруға əрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай Беркені, Қажы Тарханды (Астрахан) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды. Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы əулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Əмір Темірді барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп əскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375 жж.) сəтсіз аяқталды, Ақ Орда əскері оның əскерін талқандайды. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды.
Əмір Темірден қайтадан əскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да сәтсіз болып, ол Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда əскерінен жеңілді, Тоқтамыс тек төртінші жорығынан кейін ғана Ақ Орда тағына отырады.
ХІV ғ. аяғы мен ХV ғ. басында Ақ Орданың əлсіреуіне Əмір Темірдің тонаушылық жорықтары жəне ішкі тартыстар себеп болды. Ақ Орда жеріндегі билік Шайбанның ұрпағы Əбілқайырдың қолына көшеді.
Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

28.Моғолстанның саяси тарихы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).


Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
29.Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
Әбілхайыр Ордасы немесе Өзбек хандығы — XV ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.

Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.


Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.
1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.
1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

30.Ноғай ордасының саяси тарихы


13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.
Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

31.Сібір хандығының саяси тарихы (XV ғ. соңы – XVI ғ.)


Сібір хандығы XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.


Орталығы/Астанасы - Чинги Тура,


Қашлық.

Тілдері- түрікше(әдеби)


Халқы- сібір татарлары, башқұрт тайпалары, хантылар мен мансилер, қазақ тайпалары және т.б.)


«Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты.


Тайбұға иелігі ретінде


Өңдеу
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулиетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.

Шибан ұлысының құрамында


Өңдеу
Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді:

1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді.


1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді.
Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілдік-аумақтық бірлік ретінде белгілі.
Сібір хандығы

Ибақ (1468-1495)


Мұхаммед Тайбұға (1495-1502)
Аңғыш (1502-1516)
Қасым (1516-1530)
Едігер (1530-1563)
Бекболат (1555-1563)
Көшім (1563-1598)
Әли (1598-1607)

Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді.


Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур.


Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.


32. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.


Таңбасы тасқа түскен тарихи кезеңнен қаламмен қағазға өрнектеген заман келбетіне ауысқан Алтын Орда – жаңа дәуір. Өйткені түркі халықтарының жартылай отырықшылыққа бейімделіп, қала мәдениеті мен дала мәдениеті қатар дамыған шақ. Ғылым-білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде қалана бастады. Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи роман-­трилогиясын оқыған оқырман сол кездің келбетін, замана сипатын, дәуір бағдарын түсіне алса керек-ті. Көшпелі ғұмыр салтынан жартылай отырықшы қалыпқа бейімделу қала мәдениетін қалыптастырып, дала өркениетін өсіре түсті. Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән. Сауда-саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі. Бұл турасында Ұлы Жібек Жолы туралы айтпасақ та түсінікті. Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа ­айналдырды. Әсіресе, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет, көркемөнер дамыды. Мысалы, 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдеби шығармасы «Наһжи ұл фарадис» кітабын жазды. Деректерді сөйлетер болсақ, әдебиетте Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау мен Шырын» ­поэмасы, Сайф Сарайидің «Гүлстан бит түркиі» («Түркіше Гүлстан»), Рабғузидің «Қисса сул әнбиясы» («Пайғамбарлар ­туралы қысқа әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс ­Куманикус» («Құман тілінің сөздігі») сынды шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген. Әдеби жәдігерлердің бірінің мән-мазмұн тереңіне көз жіберсек, «Хұсрау мен ­Шырын» ­поэмасында шынайы махаббаттан бөлек, арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шы­ғатыны жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен адалдыққа сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке жетелеген. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетінін ескерсек, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды. Яғни, сол әдеби жәдігерлер негізінде кейінгі қазақ әдебиетінің өрісі кеңіп, бұғанасы беки түсті. Олай дейтініміз, тарих толқынында жәдігер болған құндылық келер ұрпақтың бойына сіңіп, ойына ой қосып, жол-бағдар болатыны уақыт тезінен алынған негіз. Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің бір нұсқасы есебінде өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі және іс-қағаз стилі қалыптаса бастаған еді. Кейіннен бұлар, барлық қыпшақ, оғыз тілдері сияқты, қазақ әдеби тілінің дамуы барысында алғашқы бастаулардың бірі ретінде қызмет етті. Жазба әдебиеттің пайда болған кезеңі десек те, ауыз әдебиетінің жанданып тұрғанын ұмытпауымыз керек. Уақыт бағаны алға жылжыған сайын адамзат өркениетке, дамуға ұмтылатынына қатпарланған тарих беттерінен куәміз. Дегенмен, регресске ұшырап, талқандалып кері кеткеніміз де бар. Соның ішінде Алтын Орда мәдениеті прогресстік қызмет атқарғанына тағы да көзіміз жетіп отыр. Түркі мен моңғолдың ортақ иелігіндегі мемлекеттің Дешті Қыпшақ даласында саяси-тарихи өзгеріске, әдеби-мәдени ілгерілеуге, ғылым-білім дамуына ықпал еткені айқын.

33.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.


Қазақ халқының құрылу процесі этникалық территорияның қалыптасуы- мен қатар


жүрді. Көшпелі тұрмыс жағдайында экстенсивті мал шаруашылы ғы басым болған кезде
ру-тайпалар топтарының мекендеу шекаралары тиянақты болмағаны түсінікті, дегенмен
этникалық интеграцияның барысында олар бірден-бірге айқын, біршама тұрақты бола
бастады. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлардың әрекеті
нәтижесінде Қазақстан территориясында негізгі үш этникалық-территория лық
бірлестіктер Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз пайда болды.
Ұлы жүз негізінен Сырдарияның жоғарғы ағысынан Жетісуды қоса алғанға дейінгі
территорияны, Орта жүз негізінен Сырдарияның орта ағысынан бастап Орталық
Қазақстан және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлегін, Кіші жүз Сырдарияның
төменгі өңірін, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлегін
мекендеді.
Кіші жүз тайпалары: Байұлы – адай, алаша, байбақты, беріш, алшын, жаппас, масқар,
таза, есентемір, шеркеш, тана, қызылқұрт; Әлімұлы – қарасақал, қаракесек, кете,
шөмекей, шекті, төртқара; Жетіру – кердері, жағалбайлы, табын, тама, рамазан(рамадан)
керейіт, төлеу, ноғайлы.
Орта жүз тайпалары: қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ.
Ұлы жүз тайпалары: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты,
шапырашты, жалайыр.
Қазақ халқының ұлт ретінде құрылуы этникалық-әлеуметтік организмдер ретінде
халықтардың қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық
қатынастардың қалыптасуымен және нығаюымен байланысты.
- жалпы тіл бірлігінің болуы;
- жалпы аймақтық бірлігінің қалыптасу;
- материалдық, шаруашылық қатынастары;
- рухани мәдениетінің және психикалық ортақтығының қалыптасуымен
байланысты жүзеге асты.
Этноним – белгілі бір ұлттың, халықтың атауын білдіретін дербес мағыналы ұғым. Ғылымға грек тілінен енді. Оны этнонимиканың ономастика бөлімі қарастырады.
Қазақ – Қазақстан Республикасының ежелден келе жатқан түркітілдес негізгі халқы, сол халықтың, елдің өкілі, ұлт;
Қазақ – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғын халқы;
Қазақ, алаш – Қазақстан халқы;
Қазақ этносы – табиғатынан мықты, төзімді, бейбіт өмірді қалайтын қарапайым халық;
Қазақ – жүннен тоқыған жемпір (Ауғ.; Ир.).

Ғалымдардың көпшілігі «қазақ» этнонимін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атауымен байланыстырып қарайды. Қытай тарихшысы Бань Гу «Хань патшалығының тарихы» атты еңбегінде Орта Азия халықтарының арасында Грек-Бактрия елін жеңген «се» немесе «сай» халықтарының бар екенін жазады. Зерттеушілер грек және рим тарихшыларының келтірген деректері сақ тайпалары туралы болуы мүмкін деген тұжырымды айтты. Бұл пікірді шығыстанушы ғалым В.В.Григорьев қолдады. Оның мәлімдеуінше, «се» немесе «сай» сөздері «сақтар» деген мағынаны білдіреді.


Ресми құжатнама «қазақ» атауының шығу тегін XV ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуымен байланыстырады. Десе де, этноним жазба деректерде әлдеқайда ерте кездескен. Тарихи құжаттардағы мәліметтер бойынша, II ғасырда Каспий мен Арал теңізінің аралығында «хасов», «касов» (қазақтар) тайпалары өмір сүрсе, VIII ғасырда Енесей бойынан табылған түркі жазба ескерткіштердінде «қазғақ ұғлым» сөз тіркесі кездеседі:
Үч йетміш йашымқа адырылдым.
Егүк Қатун йерімке адырылдым.
Теңрі елімке, казғақым оғлым, не уз оғлым, алты бің йунтым.
Ол бүгінде «олжалаушы ұлым» деп аударылып жүр. Бұл тіркесті қазақтың әйгілі шипагер ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының 1470 жылы жазған «Шипагерлік баян» еңбегінен де кездестіре аламыз. «Қазақ төр иесі аға атанып, орнаулы тағына отырды. Халық бақытқа кенеліп, шаттық мерейінде қуана биге басты. Сан-санақсыз жиналған адам Қазғақ елі атанып, «қазақ» атауы содан басталды», – дейді.

34.Қазақ хандығы XV-XVI ғғ.


ХV ғасырда бүгінгі Қазақстан аумағында Шыңғысхан ұрпақтарының – Орда, Шибан және Тоқай-Темір әулеттері арасында тайталасқан күрес жүріп жатты. Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтары үшін бұл күрес неғұрлым табысты болды. Шибан әулетінің өкілі Әбілқайыр 1428 жылы жаңа саяси құрылымның билеушісі болып жарияланды, бұл мемлекет тарихи әдебиетте хандықтың негізін салушының есімімен «Әбілхайыр хандығы» немесе «Көшпелі өзбектер мемлекеті» деген атау алды. 1459 жылы Әбілқайырмен болған көпжылғы күрестен кейін, Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпақтары, Орыс ханның немерелері, Керей мен Жәнібек қоластындағы тайпалармен Жетісу жеріне көшіп кетті. Олар 1465/1466 жылдар шамасында Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы қарсыластарының күшейіп кетуінен қорыққан Әбілқайыр хан қазақ хандарына қарсы жорыққа шықты, алайда, жолда ауырып, қайтыс болды. Ол өмірден өткеннен кейін Әбілқайыр хандығы құлады. Бұл жағдай 1469-70 жылдары қазақ хандарының Шығыс Дешті Қыпшақ жеріне қайта оралуына мүмкіншілік берді. Бұл жерде оларға қарсылық ұйымдастыру Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидың ғана қолынан келді. Қазақ хандарының онымен күресі алма-кезек нәтижемен ХV ғасырдың соңына дейін созылды. Өзбек тайпаларының бір бөлігін басқарған Шибан ұрпақтары Мұхаммед Шейбани басшылығымен ХVІ ғасырдың басында Қазақстан аумағынан Орта Азияға кетті, онда олар Әмір Темірдің ұрпақтарын талқандап, жаңа мемлекет құрды.


ХVІ ғ. Қазақ хандығы.


Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.
Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті.
1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті.
Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.
Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.
Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды.

Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.


1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады.
Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.

35. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары және тарихи маңызы.


Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.


XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.


Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.


ХV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.


Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.


Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.


Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.


Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.


Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған.


Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.


Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.


Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.


Орталық Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.


Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.


Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарқа даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұқар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұқар жырау есімі ұрпаққа ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларында Бұқар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.[2]Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.


Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы ХY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.


Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».


Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.


Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.


1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).


2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.


3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.


Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.


1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.


Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. ХY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.


Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.


Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.


36. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.


Бұрындық хан — 1480-1511 жж. Аралығында Қазақ хандығында билік құрған Керей ханның үш ұлының бірі.


Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.


Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;


1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.
Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды.
Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады. Ал Керей ханның аталмауын, ол 1469 жылға дейін қайтыс болған дейміз. Бұрындық Керейдің үлкен ұлы болғандықтан әкесінің ұлысын басқаратыны өзінен-өзі түсінікті. Керейдің қашан қайтыс болғандығы жөнінде аңыз дерегі былай дейді: «Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті». Аңызды ел аузынан жинап, жариялаған белгілі археолог М.Елеуов.

Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Ал Бұрындық болса ұлыс басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарын орындап жүреді. Дәл осы жылдарда алғаш рет Бұрындық есімі «хан» деген лауазыммен жазба дерек мәліметіне енеді. Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы Бұрындық болған.


Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мәуереннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.


Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған.


Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. Жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті, ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Әмір Темір, Тоқтамыс хан мен Әмір Темір, Барақ хан мен Ұлықбек, Әбілқайыр хан мен Әмір Темір ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігі тұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрінеді.


Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мәуереннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.


Қазақ хандығы Мәуереннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал ХV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мәуереннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.

ХV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.


Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында ХV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді.


ХVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.


Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан ХВЫ ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.

37.Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.


Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Моғолстанның саяси әлсіреуі, күйреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.

38.Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы.


16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.


1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.


17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді


39.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.


Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.


Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды. Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.
Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді. Хақназар хан 50—60 жылдары Шығыс Түркістандағы әскери жорықтарын одан әрі жалғастырып, қазақ пен қырғыз жерін ойрандап келген Әбді Рәшид ханды бірнеше рет күйрете жеңеді. Осыңдай шайқастардың бірінде Әбді Рәшидтің ұлы Әбді Латиф қаза табады. Осы кезде басталған ойраттардың шапқыншылықтарына қарамастан Хақназар хан Жетісудың көп бөлегін өзіне қосады. Моғолстан мемлекеті қазақ хаңдығы үшін қатер болудан қалады.

Қасым хан тұсындағы аумақты едәуір қалпына келтірген Хақназар 70-жылдары өзбек-бұқар хандығына қарсы күресін бастайды. Бұл кезде Бұқар хаңдығын Орта Азиядағы ұлы әміршілердің бірі болып саналатын Абдолла хан басқаратын еді. Сырдария бойындағы қалалар Түркістан мен Сауранды қайтарған Хақназар хан сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланып саяси-дипломатиялық күрес тәсілдерін де кеңінен қолданады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хакңазар Абдолла ханның Ташкенттің әміршісі Бұқара хандығынан бөлінгісі келген Барақ ханның баласы Баба сұлтанға қарсы күресін өз мүлдесі үшін пайдаланып қалуға тырысады. Ол екі жақтың да сөзін тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырады. Бірақ Хакназардың ойластырған әрекеті көтпеген қастандыктың нәтижесінде жүзеге аспай қалады. Баба сұлтан өзіне келіссөз жүргізу үшін келген Хақназардың інісі Жалым сұлтанды, оның екі ұлын, және Хақназардың екі баласын опасыздықпен өлтіреді. Бұл 1579 жылы болған еді. Көп кешікпей 1580 жылы тыңшы ретіңде жіберілген жаудың қолынан Хақназар хан да қаза табады. Хақназардың даңқты есімі туралы халық аңызында көп айтылады. Қырық жылдан астам ел билеген Хақназар тұсында Қазақ хаңдығы Қасым хан заманыңдағы деңгейіне жетіп, қуатты да күшті мемлекетке айналды. Хандыктың шекарасы батыста Жайыққа дейін, Солтүстікте Есіл мен Нұра өзендеріне дейін созылса, шығыста Балқаш пен Шу өзендері және оңтүстікте Ташкентке дейін созылды. Хақназарға сонымен бірге қазақтар-мен бірге қырғыздар мен башқұртгардың да бір бөлігі бағынды.


Хақназар хан мен оның ұлдарының опасыздықпен өлтірілуінен кейін тайпа ақ сүйектерінің жалпы жиынында әз-Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы сексен жастағы Шығай ақ киізге оранып, хантағына отырады. Жасы сексенге келседе кәрілікке мойынсұнбаған, тәжірибелі саясатшы, маңғыттармен соғыста өзін даңққа бөлеген, қазақтар арасында беделге ие болған Шығай екі майданда бірдей соғысудың қатерлі болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан да ол Баба сұлтанға қарсы күресу үшін Абдолла хан мен одақтасады. Атап айтқанда, ол Абдолланың Сауран, Түркістан, Сайрам бекіністерін алуына көмек береді және 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған жорығына қатысады. Қазақ әскерлерін басқарған Шығайдың ұлы Тәуекел Түркістан түбінде Баба сұлтан әскерлерін талқандайды және Баба сұлтанның басын алып Абдолла ханның алдына тастайды. Баба сұлтанды талқандауда көмегі үшін Абдолла хан қазақ сұлтандарына Соғды мен Самарқан маңынан үлестік жерлер береді. Баба сұлтан өлтірілгеннен кейін көп кешікпей Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары Абдолла ханға беріледі. Өзбек хандығындағы өзара тартыстар мен оған қазақ хандығының қатысуы еңбекші халыққа жеңіл тимеді, өйткені бұл соғыс әрекеттері қазақ хандығының аумағында да жүрді. 1582 жылы Шығай ханның өлімінен кейін билік басына келген Тәуекел хан Абдолла ханмен жасасқан «ант беріскен» шартты бұзады. 1586 жылы Тәуекел Түркістандағы бірнеше қалаларды басып алады және Ташкентті алуға әрекеттенеді. Бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталып Ташкент түбінен кетуге мәжбүр болады.


1598 жылы Шайбани әулеті мемлекетіндегі күрделі саяси жағдайды тиімді пайдаланған Тәуекел Ташкент түбінде Абдолла әскерлерін талқандайды. Осы жылы қазақ мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы жағдайды және Орта Азиядағы шайбаниліктердің өзара күресін, бұл әулеттің аштраханиліктердің жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табыспен аяқтайды. Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алған Тәуекел Бұқараны қоршайды, бірақ сондағы шайқастардың біріңде ауыр жараланып Ташкентте дүние салады. Тақ мұрагері болған Есім хан (Тәуекел ханның інісі) Бұқара хандығымен «Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай жаулық әрекеттер жасамайды» деген бітім шартын жасайды. Бұл шарт бойынша Самарқан Бұқар билеушілеріне қайтарылады, ал Ташкент, Сайрам және Андижан казақ хандығының құрамына қосылады.


Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзакқа созылған соғыстар еңбекші халықты күйзелтіп, қала шаруашылығының құлдырауына, суландыру жүйелерінің тозуына, егіншілік орталықтарының азып-тозуына әкеліп соқты. Соғыс қимылдары мен тонаушылық шапқыншылықтар сауда байланысына және мал шаруашылығымен айналысатын далалық аудандардың жағдайына кері әсерін тигізді. Ұзаққа созылған соғыстың аяқталуы және бұл аймақтың біртұтас мемлекет құрамына кіруі шаруашылығы мен мөдениеті дамыған аймақ ретінде Оңтүстік Қазақстанда соғыс зардаптарын жоюға мүмкіндік берді.


40.Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.


Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана – бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.


«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.


X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар.


Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.


«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады.


XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.


41. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.


Батыс Моңғолияда XVII ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет.
Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары да сәтсіз аяқталды. Тәуекел хан кезінде дурвэд және торғаут тайпалары Қазақ хандығына бағынған (қысқаша Жоңғар шапқыншылығы). XVII ғасырдың 20-жылдары хошаут байбағыс пен шорос тайпасының тайшысы (тайджи) Хара-хула ойрат мемлекетін қайтадан құруға әрекеттер жасады. Ақырында Хара-хуланың баласы Батыр қонтайшы біртұтас ойрат мемлекетін құрады (1635). Мемлекет аты тарихи әдебиеттерде, көбінесе, Жоңғар Хандығы деп аталады. Тогон мен Эсен хандар кезінен бастап түркі тіліндегі әдебиеттерде және қазақтар арасында ойраттар – қалмақ деп аталып кетті.Батыр қонтайшы кезінде (1635 – 53) хандықта қалалар сипатындағы отырықшы елді мекендер салына бастады, жер игеру біршама ілгеріледі. Осыған қарамай Жоңғар Хандығы көшпелі мемлекет ретінде тарихта қалды. 1640 жылы Тарбағатай тауларының етегінде біріккен моңғол, қалмақ және ойрат тайпалары басшылары моңғол – ойрат заңдарын қабылдайды. Жинақ “Цааджин бичиг” деп аталды. Онда моңғол-ойрат тайпаларының ішкі тіршілігі, мемлекет құрылымы, әскери қызмет атқару тәртібі, діни ұстанымдары белгіленген. Батыр қонтайшыдан кейін билік басында болған қонтайшылар Сенге (1653 – 1671), Қалдан Бошақты (1671 – 1697), Севан Рабдан (1697 – 1727), Қалдан Серен (1727 – 1745) Батырдың саясатын одан әрі жалғастырды. Олар хандықтың ішінде егін шаруашылығы мен ұсақ кәсіпшіліктер, сауда қатынастарының дамуына едәуір ықпал жасады. Қол өнері мен кәсіпшілік дамыды. Оларда соғыста қолға түскен тұтқындар да жұмыс істеді. Саудаға Шығыс түркістандықтар белсене қатысты. 18 ғасырларға қарай Жоңғар Хандығындағы адам саны 1 млн-ға жетті, басқа ұлттарды қосқанда мемлекеттегі халық саны 1,5 млн-ға жуық еді.
Жоңғар хандығынның талқандалуы
Әскерді басқаруда бұрынғы Шыңғыс хан империясында қалыптасқан жүйе сақталып, өте қатаң тәртіп енгізілді. Сыртқы саясатта Шығыс Моңғолия тайпаларымен және Цин империясымен әр кез соғыстар жүргізіп отырды. Бұл саясат хандық жойылғанға дейін тоқталған жоқ. Ресей мен Жоңғар Хандығының арасында өзара елшілік қарым-қатынас орнады. Жоңғарлардың Кузнецк уезінен қару-жарақтар сатып алып тұрғаны туралы деректер бар. Жоңғар Хандығының Ресей империясына бодан болу туралы ұсыныс жасаған кезі де болған. Ресейден Жоңғар Хандығына тұтқынға түскендер онда маңызды рөл атқарған. Тұтқынға түскен швед офицері Ренат 18 ғасырдың 1-ширегінде Жоңғар Хандығының қарулы күштерін жарақтандыруға елеулі үлес қосқан.Жоңғар Хандығы Шығыс Түркістан халықтарына басқыншылық жорықтар жасап, оларға билік жүргізді. Басқа да тәуелді халықтарға қатаң тәртіп орнатты. Жоңғар Хандығы мен Қазақ хандығының арақатынасы өте шиеленісті болды. 16 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Жоңғар Хандығы Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Қазақ халқы ойрат-жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылға жуық уақыт бойы ерлікпен күрес жүргізді (қ. Жоңғар шапқыншылығы). Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар Хандығында тақ үшін талас-тартыс басталды. Осы жағдайды пайдаланған Цин империясы 1755, 1756, 1757 жылдары бірнеше дүркін шабуылдар жасап, Жоңғар Хандығын талқандады. Цин империясы басқыншыларына қарсы Әмірсана бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Цин әскерлері көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншыды. Жоңғарлар қатты қырғынға ұшырап, нәтижесінде Жоңғар Хандығы жойылып кетті.

42. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі.


Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.


Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.Басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».

Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.


Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:
1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан. Қазақтардың арасында «он үште отау иесі» деген ұғым қалыптасқан.
2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» құқықтық ережелері құнды болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге сүйенген.
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған.
4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген.
5) қазақ билерінің билік айтуы, іс қарауы көпшілікке ашық, жария түрде өткен.

43.Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты.


XVII ғасырдың аяғында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, жекелікке бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.


Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзені өңіріндегі 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.

Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».


Тәуке ел бірлігін бұзушы феодал ақсүйектер мен сұлтандарды әлсіретуге және мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар Билер кеңесінде, абыройлы да әділетті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билер алдында шешілді.


Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екенін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды істер – көші-қонды белгілеу, алым-салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарды бес қарумен жүруге міндеттеді.


Тәуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.


Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.


XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.


Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды.


«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:


Жер дауы заңы


Отбасы және неке заңы
Әскери заң
Сот заңы
Қылмысты істер заңы
Құн заңы
Жесір дауы заңы
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шегара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құрды. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасау қаупін тоқтатудың сәті түсті.

Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.


Ол таққа отырып, əке ісін жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тəукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде еді.


Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін бір жарым ғасырға созылған күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.


Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған, ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткері болды.


44. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті


Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г.Ф.Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г.Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы жазғаны. П.И.Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П.И.Рычковтың баласы капитан Н.П.Рычковтың “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И.Муравин, Д.Галдышев, Я.Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.

Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.


45. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)


46. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі.


Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.
Олжабай батыр, Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялық басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.


Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».


Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.

47.Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы


Қазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.

48.Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары.


XVIII ғасырдағы қазақ билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойылған аты Әбілмансұр болатын.

Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп дамуын қолдамаса да, 1778 жылы 24 мамырда Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай ант қабылдаудың және патшаның сенім грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.


Абылай ханға бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрудың сәті түсті. 1771 жылы Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Бұған оның жоңғарлар мен Еділ бойы қалмақтарын талқандаудағы үлесі игі ықпал етті. Өзінің қол астындағы халықты дұрыс басқару үшін Абылай үш жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеуші етіп тағайындады. Ол сот билігін күшейте түсті. Сонымен қатар белгілі қазақ билерінің және батырларының беделіне арқа сүйеді. Сондай күшті, ықпалды саяси тұлғаның бірі Бұқар жырау Абылайдың кеңесшісі болды. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты. Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналасуына қолдау көрсетті.


Хан қазақ даласында ұстаханалар салуда бастамашы болды. Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды. Абылайдың сыртқы саясаты оның алыстан болжайтын көрегендігімен ерекшеленді. Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясат ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.


Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Бірақ бұл ретте Ресейдің ықпалды әскери көмегі бола ма деген үміті ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. Сөйтіп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты. Тұтқиылдан баса-көктеп кірген жоңғарларға Абылай тұтқынға түсіп қалады. Абылайды тұтқыннан босатып алудың сәті Жоңғар мемлекетімен бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана түсті.


Жоңғар билеушілерінің билік үшін қырқыстарын қазақ сұлтандары оңтайлы пайдалана білді. Бұндай жағдайлар қазақтарға оларды әлсіретуге және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуға мүмкіндік туғызды. Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қайтарып алды.


Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді. Ресейдің қол астына сырт көзге ғана формальды түрде қарап, 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуға, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуге мүмкіндік берді.


Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.


Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жігері ең алдымен мықты және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда «Ол қалыптасқан жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ».


Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді. Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.


49. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргізілуі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.


XVIII ғасырдың 50-60 жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әртүрлі шараларды іске асыруға тырысты. Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді малшаруашылығының өрісі болған өңірлерге казактардың көз алартуы орыс-қазақ байланысын шиеленістіре түсті. Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерлерден қазақтарды ығыстырып, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді.

Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыргүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуге тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю үшін қазақ феодалдарына орыс әкімшілігіне аманат тапсыру міндеттелді.


Қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды.


Осындай ауыр жағдайға жол ашқан тағы бір себеп ресейлік отаршыл әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектері арасындағы алауыздықты пайдаланып, керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы алауыздықты пайдаланған Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді казактарға оп-оңай тартып әперді. Ең құнарлы жер орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың қолында қалды. Жайық казактары Еділ мен Жайықтың аралығындағы жерде қазақтардың бұрынғыдай көшіп-қонуына мейлінше қарсылық білдірді. Олар қазақтардың малы Жайықтан Еділге қарай өткенде шепті басып, жайпап кетеді дегенді сылтау етті. Патша әкімшілігінің Орынбор өлкесіндегі өкілдері де қазақтардың өз жерін еркінше пайдалануына жасанды шек қойылып отырғанын мойындады.


Алайда 1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И. Рычков пен А.И. Тевкелев Жайық бойында қазақтарға мал жаюға шек қойған үкімет талабын іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берді.


Далалық және құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы ауырлап кетті, жұт пен қыстың суық айлары Кіші жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделікті өміріне бақытсыздық әкелді. Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерді Сібір губерниялық басқармасының қолдауымен өздеріне қаратып алған бекініс коменданттары әртүрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-біріне қарсы қойып, құнарлы, суы мол жерлерге қазақтардың мал жаюына қарсылық білдіріп отырды. Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтарға мал жаюға тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты.


Патша үкіметі орыс казактарының санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің әр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы казактарды әкеліп қоныстандырды. Тек 1799 жылы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай Орта жүз қазақтарына, 45 000 отбасыға өз иеліктеріне, яғни Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстануға және мал жаюға рұқсат етілді.


Сонымен XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары дамыды. Қазақстанның шетелдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда өркендеді. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы және бұл жерлерге орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы қазақ жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.


Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері – әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени бағыттарда жүргізілді. Осыған сәйкес отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді.


50. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.


Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы — 1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу
Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
1822-1824 жарғылар Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды:

“ Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды. ”


Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті. Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.

51. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар


1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті. 1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды.


1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160 000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.


Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады.


1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.


Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.


Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.


52.Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері.


Малшаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысы» елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты қалыптасты.

Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша үкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды – Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады.


Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің Г.С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындаған «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді.


Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.


Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, кейін 1839 жылы Омбы болды.


Жарғы бойынша батыс шегарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді.


Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Патша үкіметі хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасында ықпалды билерден қолдау табу үшін сұлтандардың әкімшілік қызметке сайлануын қолдап отырды. Бірақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шығуы міндетті болған жоқ, ең бастысы патша үкіметіне адал қызмет көрсету болды. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары енді патша үкіметінің шенеуніктеріне айналды.


Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша үкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік берді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршыл биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе Облыстық басқарма бекіткен туысы басатын.


Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді.


Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланып отырды. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталарға тең болды.


«Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатысып, қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.


Кейін Сібір казақтарын билеу Шегаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шегаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағынды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.


Жалпы алғанда 1822 жылғы «Жарғы» патша үкіметі үшін Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашты. Енді қазақ даласындағы хандық басқару жүйесі біржолата күйреп, оның орнына Ресейдің отаршылдық үкімет органдары берік орнықты.


53.ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі: орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру


Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды:


Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.


Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.


Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.


Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын.


Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.


Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.


54. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.


Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.

55. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы


1. Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар).
2. Қазақ халқының ауызша шығармашылығы. Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.
3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және т.б. шығармашылығы. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі. А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа орыс ғалымдарының Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін зерттеуі. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі. Абай және Е.П. Михаэлис.
4. Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжанұлы (183-1895) және т.б. музыкалық шығармашылығы.
Әдістемелік нұсқаулар: Практикалық жұмыстың жоспарымен танысқан білім алушыларға сұрақтарды талқылау үшін дайындалу ұсынылады. Тапсырма толық орындалуы керек, білім алушыларға толық көлемде әдебиеттер ұсынылып отыр.

56. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту.


Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы
Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастырутәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар).
Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі. Қазақ көпестерінің, саудагерлерінің пайда болуы.
Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың Ұлттық сана-сезімі елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін тандауы тіпті де тегін емес болатын. XIX—XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә.Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, 0. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды.
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмұхамед Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 жылы Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880— 1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937) бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді.
57.Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының негізін қалаған Исмаил Гаспринский(Гаспирали) - қырым татарларының ағартушысы, зиялы, жазушы және баспагер. Ол Ресей империясының барлық мұсылмандары арасында даңқ пен құрметке ие болды. Пантүркизм мен джедидизмнің негізін қалаушылардың бірі болды
Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة‎— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдат оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.

58.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы: көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.


Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы — 1783—1797 жылдары Сырым Датұлының басқаруында болған Кіші жүзінің қазақтарының қозғалысы.

Емельян Пугачёв бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.


Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.


Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.


Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды.

Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».


Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.


Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.


59.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.


1801 жылғы 11 наурызда император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей Ордасы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей Нұралыұлы Кіші жүздің белді сұлтаны. Саяси күреске 18 ғасырдың соңынан араласа бастаған. 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді. Бөкей орыс өкіметіне жағымды болды. Баласы Жəңгір Астрахан губернаторының үйінде тəрбиеленді. Орыс, парсы, араб тілдерін білді. Патша үкіметі қаражатына 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды. Хандықтағы шұрайлы жайылым жерді хан өз туыстары мен сарай ақсүйектеріне бөліп берді. 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды. Хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын баж салығының жиналуын қадағалады.

Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836-1838 жылдары болды.


Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.


1836 жылғы қазанда Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келді. 1836 жылдың соңында Бөкей Ордасындағы оқиға Петербург сарайына əбден белгілі болды. I Николай "бүлік" басшыларын қатаң жазалауды тапсырды. 1837 жылғы 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы, хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне əсер етті. 1837 жылғы қазанның аяғында саны 2 мыңға жеткен көтерілісшілер хан сарайын қоршады. Қоршауды бұзуға 600 адамдық тобымен подполковник Геке жəне Меркулов топтары талпынды. Старшындар мен билердің бір бөлігі Гекенің үндеуіне сеніп, көтеріліс қатарынан кетті. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000-нан астам адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты. Исатай 500 сарбазымен кенеттен шабуылдап, жазалаушыларды шегіндіруді жоспарлады. 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті. Казактардан 3 адам жараланды. Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті. Губернатор В.А.Перовский жарлығымен Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсан батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі осы өңірде Кенесары көтерілісі әсерімен тарала бастаған халық қозғалысымен тұспа-тұс келді. Жоламан Тіленшіұлы жасақтары Кенесарыға қосылды. Кенесары көтерілісінің Кіші жүзді шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланысты болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің кең таралуы да Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды. Байбақты руының старшыны Жүніс Жантелин тобы Исатаймен байланыста болды.


1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. Көтерілісшілерден 80-дей сарбаз өліп, 6 адам тұтқынға түсті. Айшуақұлынан бірнеше жүз, казактардан 4 адам жарақаттанды. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты.


1838 жылғы шілдеде Махамбет тобы Нұртазғали Өзбекұлы жəне Табылды Шерғазыұлы сұлтандардың ауылдарына шабуылдады. 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды.


Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары жəне казак офицерлері мен солдаттары марапатталды.


1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін де шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. Бұл жағдай 1842 жылы жаңа қозғалыстың басталуына себеп болды. Қозғалыс жетекшілері – ноғай руынан Аббас Қошайұлы жəне масқар руынан Лаубай Мантайұлы. Қозғалыс антифеодалдық бағытта болды. Олар хан мен сұлтандарға бағынбау, алым-салықты төлемеу, жер тапшылығын шешу, Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу талаптарын көтерді. Жəңгір ханға қарсы наразылығын білдіру мақсатында көтеріліс жетекшілері патша шенеуніктеріне барып жолықты. 1844 жылы наурызда екеуі де Жəңгірдің талабымен тұтқынға алынып, Оралда əскери сотқа берілді. 1847 жылы Лаубай түрмеде қайтыс болып, Аббас Лифляндияға қара жұмысқа айдалды.


1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.


Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды.


60. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.


Көтерілістің алғышарттары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шегаралық аймақтарда жаңа бекіністер салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы және қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің басты ерекшелігі оған үш жүздің толық қатысуында болды. Көтеріліс кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алды.


Көтерілістің мақсаты:


Ресейдің отарлау саясатына шек қою;


Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау;
Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату;
Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан (1802-1847 жж.) басшылық жасайды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің бастауы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.


1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорықты тоқтатады. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршайды және бірнеше бекіністі алады. Қоқан ханы Кенесарыға одақ құруды ұсынады, бірақ батыр оны қабылдамайды.


Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтіреді.


1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом сыйақы белгіленді.


1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты жеңіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақырылып, жауапқа тартылды.


1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары мынандай болды:


Қазақ жеріндегі округтік бұйрықтарды жою;


Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру;
Салық жинауды тоқтату.
Бірақ Кенесары жіберген елшіліктің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылады.
Кенесарының қойған екінші талабы әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра мен Жайық өзендеріне дейінгі өңірлерді Ресей билігінен босату болды.

Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптарымен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патша тарапынан сыйлықтар алған қырғыз манаптары өлтіреді.


Көтерілістің жеңілу себептері:


Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады;


Қазақ халқы арасында рулық алауыздық пен руға бөліну болды;
Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады;
Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды;
Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
1841 жылдың қыргүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган – өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды.

Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары – жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты.


Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты. Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Ол бойынша мал өсірушілер зекет, ал диқандар ұшыр төлейтін болды. Патша әскерімен соғысты одан әрі жалғастыру үшін қосымша қаржы қажет болды. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау басталды. Салық жинауда әр отбасының жағдайы жеке-жеке ескерілді. Малы 40 бастан аспайтын үйлер алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан малы көптер болса 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болды.


Қарулы күштердің құрылуы. Кенесары хан 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті, тұрақты әскер жасақтады. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздар жүзбасы, мыңбасы болып тағайындалды. Сондай-ақ Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды.


Кенесары сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары хан сарбаздарына әскери өнер үйретті. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Ал әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.


Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдалана алды. Олар патша әскерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жем-шөппен қамтамасыз етті.


Кенесары Қасымұлы – үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұра білген, қазақ жерінің біртұтастығын сақтап қалуға тырысқан, қазақтың соңғы ханы.


61. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.


1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті. 1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды.


1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160 000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.


Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады.


1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.


Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.


Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.


62.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық.


Ресейдегі 1905 жылғы күздегі шаруалардың жаппай көтерілісінде жұмысшы табының беделі мен азаттық қозғалысындағы басшылық рөлі артты. Сондықтан,патша өкіметі жиі толқулар ошағы болған аймақтардан Қазақстанға 1907 - 1912 жылдары Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды. 1917 жылға дейін 45 млн. десятина ең құнарлы дейтін жерлерді қоныс аударшыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынып, оларды таулар мен құнарсыз жерлерге ығыстырды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ - қырғыз халқының кедейленген тобыры пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтармен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиеліністіріп, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Одан әрі патша чиновниктері және жергілікті әкімдердің, байлардың зорлық - зомбылығы күшейіп, Қазақстанда отарлауды күшейте берді:

Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді;


Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді;
Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін киіз алынды;
Жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үй т.б;
Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 мөлшерінде төлеуге міндетті болды.

63.1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.


Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды. 1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.

Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай қазақ елінің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2089 мың тонна мақта, 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майданға жіберілген мал мен малшаруашылығы өнімдерінің құны 34 миллион сомға жетті.


Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі шаңырақ салығының артуы болды. 1914 жылы қазақтан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.


Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге тікелей байланысты болды. Отаршылдық езгінің күшеюі, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының жерлерін тартып алудың жалғасуы, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюы, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуі көтерілістің басталуына себеп болды.


Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.


Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады, өйткені жасалған тізімдер әуел бастан жаппай парақорлық, көзбояушылық пен қиянатқа негізделді. Әкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы туралы куәліктің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізіп, ал ауқатты әулеттерден пара алып, оларды шақыртудан босатты.


Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.


Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды. Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды.


Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин және т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.


Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.) патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды.


Түркістан генерал-губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге қарсы жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды Верныйға (Алматы) қарай шегінуге мәжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер (10 мыңнан астам) тамызда шабуылға шығып, Верный мен Пішпек арасындағы байланысты үзді. Көтерілісшілер арасынан Бекболат Әшекеұлы, Нұқа Сатыбеков сияқты басшылар шықты. Бұл кезде Жаркент және Лепсі уезіндегі көтеріліс күшейе түскен еді. Жетісу облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды.


1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды.


Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды. Он алтыншы жылғы көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды.


Бұл көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол Ресейдегі әскери-әкімшіл және отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар халықтарда ХХ ғасырдың басында өріс алған ұлт-азаттық қозғалыстардың құрамдас бір бөлігі болды.


64.Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны.


Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.


Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.


65.Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға.


ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары басталған босқын болу үдерісі 1916 жылғы көтеріліс тұсында, одан кейін өңірде Совет өкіметі орнаған соң да жалғасты. 1918-1920 жылдары большивиктік билік қожалық етіп халыққа көрсеткен қиянатынан тағы біраз халық, оның ішінде ұйғыр, орыс ұлтының өкілдері де босқын болып Қытайға аумағына қоныс аударуға мәжбүр болды.
Ал 1930 жылдары совет өкіметінің жүргізген әлеуметтік-саяси реформаларына, тәркілеуге (конфискацияға), байларды тап ретінде жою, т.б. саясаттарына қарсылық жасап көтеріліске шыққандар, көтеріліс басып- жаншылған соң олардың жетекшілерінің бірқатары тұтқындалып, ал тұтқыннан аман қалғандары соңынан ерген халықпен бірге амалсыз Қытайға қоныс аударған. Осы тұста орын алған алапат аштықтан жан сақтау үшін халық тағы босқын болып Қытайға, т.б. жақтарға кеткен. Халықтың бірталай бөлігі Қырғызстанға қоныс аударған. Олардың барлығы сол кездегі деректерде «көшіп кетушілер» («откочевники»), «аш босқындар» («голодабеженцы») деп кездеседі. Бұл жай көшіп кету емес, 1920-30 жж. өзегі Ресей болған Совет билік тұсында да халықтың босқыншылыққа ұшырауының келесі бір кезеңі еді.
Сондықтан қорыта келе айтарымыз, Ресей империясының отарлығы кезеңінде орын алған босқыншылықтың советтік кезеңде жалғасуы мәселелерін тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастыра отырып методологиялық ұстанымдарды дұрыс анықтап, зерттеулерді жаңа концептуалдық тұрғыдан қорытуды қажет етеді.
Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстауқазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға.

66. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)


20 ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті империализм жағдайында өзіне жаңа сапа, басқа бағыт алған өткен мұраның жалғасы болды. 20 ғасырдың басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Омбыда, Орынборда кітап басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері, Семейдегі, Орынбордағы бөлімшелері басылымдардың шығуына қамқорлық жасады. Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда Петербург, Ташкент, Қазан қалаларындағы баспалар үлестерін қосты.

20 ғасырдың басында Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатұлының, С.Дөнентайұлының, А.Байтұрсынұлының, Д.Тынышпаевтың, Ә.Бөкейхановтың шығармалары жарық көрді. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты. Демокартиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентайұлы, Т.Ізтілеуов, М.Көпеевтің мұралары шығыс əдебиетінен ерекше орын алды.


С.Торайғыровтың “Шəкірт ойы”, “Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қалың малы”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлуы” өмір шындығын, халық тағдырын сипаттаған.


А.Байтұрсынұлының “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген” өлеңдері қазақ халқының саяси санасын оятуға арналды. 1900 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген кітабы, 1911 жылы Орынборда “Маса” атты жинағы шықты.


Абайдың талантты шəкірті – Шəкəрім Құдайбердіұлы (1858-1931) араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған белгілі қайраткер. 1911 жылы жарыққа шыққан “Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты” кітаптарында, “Қазақ айнасы” өлеңдер жинағында, “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларында Шəкəрімнің мазмұнды ойлары, сырлары орын алды.


Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелері ұлттық аймақтарда орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады. Ал діни мектептерге, медреселерге кедергілер келтірді. Ағарту ісін дамытуда жəне насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной край”, “Сибирский телеграф” газеттері.


«Қазақ» газетінің №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Газет 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Ахмет Байтұрсынов 1917 жылға дейін газеттің редакторы болды. 1917 жылы «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналды.


Ауыз əдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) байлар мен ақсүйектердің жемқорлығын мінеп, оларды халық алдында əшкереледі.


Қазақ халқының ұлы ақындарының бірі Нұрпейіс Байғанин халық дастандарын ел арасында уағыздап, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытты. Халық арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттауда шеберліктің тамаша деңгейіне көтерілді.


20 ғасыр басындағы халық мəдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мəдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Əзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинованың музыкалық өнерді дамытудағы орны ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Əміре Қашаубаевтың орындаулық шеберліктері айрықша. Халық сазгерлері Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі Ыбырайдың “Гəккуі”, Динаның “Көңіл ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен туындылар. Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге жетті.


67.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.


1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.


1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.


Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.


Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.


Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.


Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.


1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:


− Халықты азық-түлікпен жабдықтау;


− Өзін-өзі басқару;


− Сот ісін жүргізу;


− Салық салу;


− Білім беру жəне ағарту ісі;


− Аграрлық мəселе;


− Босқындарды Қытайдан қайтару;


− Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.


1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:


− Мемлекеттік басқару формасы;


− Қазақ облыстары автономиясын құру;


− Жер мəселесі;


− Халық милициясын құру;


− Білім беру;


− Сот ісі;


− Рухани-діни мəселе;


− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;


− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.


”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.


1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:


− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық.


− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.


− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.


250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.


1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.


1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.


1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.


68.Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.


1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.


Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.


Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.


Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.


Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.


1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:


− Халықты азық-түлікпен жабдықтау;


− Өзін-өзі басқару;


− Сот ісін жүргізу;


− Салық салу;


− Білім беру жəне ағарту ісі;


− Аграрлық мəселе;


− Босқындарды Қытайдан қайтару;


− Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.


1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:


− Мемлекеттік басқару формасы;


− Қазақ облыстары автономиясын құру;


− Жер мəселесі;


− Халық милициясын құру;


− Білім беру;


− Сот ісі;


− Рухани-діни мəселе;


− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;


− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.


”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.


1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:


− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық.


− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.


− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.


250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.


1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.


1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.


1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.


69. Бірінші жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.


Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.

1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды қазақ халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды.


Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының орындалуы деп білді.


1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Сөйте тұра ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.


«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).


Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев және т.б. алаш зиялылары атсалысты.


Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, ал орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.


Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. Үш жүз 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Партия Кеңес өкіметіне сенім білдірді.


Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы: Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.


Алаш партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру. Үш жүз партиясының мақсаты – түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру. Партия өкілдері Алаш автономиясын «контрревоюциялық автономия» деп сынады.


«Алаш» партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Үш жүз партиясының баспасөз органы болған Үш жүз газеті, 1917 ж. желтоқсаннан бастап Петропавл қаласында шыға бастады.


1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған Үш жүз Алашқа қарсы белсенді күрес жүргізді.


1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.


Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Б. Құлманов, Ж. Досмұхамедұлы. Ғ. Қараш, Х. Досмұхамедұлы, М. Шоқай және т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Съездің төралқасына Б. Құлманов (төраға), Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, Ә. Кенесарин, Ғ. Қараш сайланды.


Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлттық кеңес, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.


Съезд Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х. Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды.


Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ. Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М. Шоқай да сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сьезд аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Ол бойынша «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені «Алаш» мүлкі болсын» делінді.


Алаш облыстарын бүліктен қорғау мақсатында Алашорда аталған Ұлт кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халық өкілдеріне қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны болып Семей қаласы белгіленді.


70. Кеңес өкіметінің орнауы.


1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге билігін орнатты. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда Перовскіде (Қызылорда) Кеңес өкіметі орнады. 1917 жылы қарашада Әулиеата, Черняев қалаларында билік Кеңестің қолына көшті.

1917 жылғы 15-22 қарашада Ташкентте өлкелік съезд өткізілді. Съезде Түркістан өлкесінде “Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі” орнағаны айтылды. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Атаман А.Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер, эсерлер орталық Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.


1918 жылғы қаңтарда Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 1918 жылдың басында Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңді. Ақмола даласы мен Атбасар, Қызылжар, Көкшетауда Кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциялық Комитеті ықпал жасады. 1918 жылдың қаңтарында Павлодар Кеңесі Қызыл гвардия отрядының қолдауымен өкімет билігін өз қолына алды.


Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-нан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі Кеңестің қолына көшті. Бұл жағдай Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді мекендерінде Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.


1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды. Контрреволюциялық күштер 1918 жылы наурыздың 28-нен 29-ына қараған түні төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды.


Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. 1918 жылы наурыздың 2-сінен 3-не қараған түнде революцияшыл күштер көтеріліс жасады. Көтерілісшілер юнкерлер мен алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1918 жылғы наурызда Жетісу облысында Кеңес өкіметі жеңіп шықты.


Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты ескі буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қиратып, жаңа өкімет органдарын құру басталды. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, əділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркəсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Сондықтан іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілресейлік төтенше комиссиясы (БТК) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.


Бұның бәрі революцияның түпкілікті мақсаттарын бұрмалады. 1918 жылғы наурыз, сәуірде Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болды. Съезд Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы шешім қабылдады. Жер және азық мәселелері қаралды.


1918 жылғы наурызда Кеңестердің Ақмола уездік съезі (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады. Торғай облыстық Кеңестер съезі қаулысымен Алашорданың “Қазақ” газеті жабылды.


1918 жылғы 20 сəуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің төтенше V съезі өтті. Съезд Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Республика құрамына Сырдария, Жетісу облыстары енгізілді. Бұл кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекет болып саналады.


Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын жақсартуға ұлт істері жөніндегі облыстық комиссардың орынбасары А.Розыбақиев зор үлес қосты.


Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға əзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды.


Кеңес өкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банкілерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша шенеуніктерінің иелігіндегі 3,5 млн. десятина жер кедей шаруаларға қайтарылды. Большевиктер “жоғарыдан” коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды.


Елде азық-түлік дағдарысы тереңдеп, азық диктатурасы енгізілді. Жер алғанымен, шаруалардың өз еңбегінің нəтижесіне еркін билік ету құқығы болмады. Сібірге, Ақмола, Семей облыстарына, Қостанай уезіне азық отрядтары жіберілді. 1918 жылдың қаңтар-наурыз айларында Петроградқа жəне басқа орталық аудандарға 6 млн. пұтқа жуық астық жіберілді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді.


Экономикалық саясатта ақшасыз тауар айырбасы жетекші орын алды. 1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне берілді.


Азық халық комиссариатының есептеу-бөлу органы кооперация түрінде болды.


Капиталға шабуыл кезеңінде қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою бағыты басым болды. Халық шаруашылығының негізінде теңестіре бөлу ұстанымын алған “әскери-коммунистік” құрылғы пайда болды. Елде социализмнің қоғамдық-әлеуметтік алғышарттары туралы түсінік айқын емес еді. Пролетариат диктатурасы, революциялық күштеу, мемлекеттің жаңа үлгісі арқылы социализм орнату туралы бұрмаланған түсінік орнықты.


71. Екінші Жалпықазақ съезі және қаралған мәселелер.


Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді. Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады.

Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.


Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.


1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды.


Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды.


1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде” – деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам – мемлекеттік дін деп танылды.


1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" – деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.


1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.


1. Аумақтық-ұлттық автономия құру.


2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.


3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.


4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.


5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.


6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.


Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.


1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.


1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде – 85,6%, Торғай, Орал губернияларында – 75% жинады.


Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.


72.Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы.


Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

73.Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.


Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды.

Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.


1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды. Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.


Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.


Азаматтық соғыс шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекет туралы идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге көрсетті. Олар кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізуге мәжбүр болды.


1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.


1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.


1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.


Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді.


Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.


Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.


Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы кірді. 1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.


Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды. Қазақ халқы бұл тарихи жағдайды отаршылдыққа қарсы ғасырларға созылған күресінің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.


74.Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.


1 - ҚазАКСР құрылуы
1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды


3 - Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы


75.Қазақстандағы жер-су реформасы.


Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.

76.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).


1 - Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері - 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты, ауыр жағдай қалыптасты, 1921 жылғы наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды, ЖЭС-тің белгілері - Азық-түлік салығы, Сауда еркіндігі, Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, Ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту, Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану

2 - ЖЭС-тің мәні - салғыртты салықпен ауыстыру, 1921 жылы наурыз-сәуірде өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды, Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда за болды, 1921 жылы маусымда Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды, 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының 1 сьезі өтті, Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді, 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылды, Елде аштық басталды, Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, 1921 жылғы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 млн 303200 адам, Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары - аштық жайлаған аудандар, Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 пайызға жетті, Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді, 1921 жылғы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды, 1922 жылы егістіктің 60 пайызына Кеңес үкіметі берген дән себілді, Кеңес өкіметі органдарынан өлкенін 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөніндегі төтенше шаралар қолданды


3 - Жер-су реформасы


Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

77.1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.


1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.

78.Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі.


Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды.
1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол» газеті.
Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар
білдірді.

79.Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.


Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды.

Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.


1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды. Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.


Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.


Азаматтық соғыс шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекет туралы идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге көрсетті. Олар кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізуге мәжбүр болды.


1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.


1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.


1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.


Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді.


Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.


Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.


Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы кірді. 1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.


Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды. Қазақ халқы бұл тарихи жағдайды отаршылдыққа қарсы ғасырларға созылған күресінің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.


80.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.


Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді.

Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығымен айналысатын аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, тек жеке мал мен құрал-жабдықтарды пайдалануға ақы төленуі керек болды.


1928 жылы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауылшаруашылығы коммунасы, 1215-і ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді.


1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытына жол ашып, ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды.


Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылық ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.


Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин кірді.


Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда «Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы» қаулы қабылдады.


Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарда ғана емес малшаруашылығымен айналысатын аудандарда да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді.


Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926-1928 жылдары Қазақстанда «Кіші Қазан» науқанын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, мал тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән өлкелік ерекшеліктерді ескермеді.


Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтың 80 пайызға жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде және қатар жүргізілді.


1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.


1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.


Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.


Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті. Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асырасілтеушілік, қазақты дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды.


Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басып отырды.


Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды.


1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. Қазақ халқы бәрінен көп зардап шекті.


Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды. 1929-1933 жылдары миллионға жуық адам Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға және т.б. елдерге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы тарихи отанына оралмады. Аштық құрбандары болғандардың саны 1798,4 мың адам болып, сол кездегі қазақтың 46,8 пайызын құрады.


1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл хат тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.


81.Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары.
1 Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары.
3.Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
4. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.

82.Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.


81 Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.
Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.

Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.


1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.


Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.


Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.


Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.


83.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.

84.Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.


Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді.

Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығымен айналысатын аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, тек жеке мал мен құрал-жабдықтарды пайдалануға ақы төленуі керек болды.


1928 жылы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауылшаруашылығы коммунасы, 1215-і ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді.


1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытына жол ашып, ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды.


Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылық ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.


Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин кірді.


Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда «Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы» қаулы қабылдады.


Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарда ғана емес малшаруашылығымен айналысатын аудандарда да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді.


Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926-1928 жылдары Қазақстанда «Кіші Қазан» науқанын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, мал тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән өлкелік ерекшеліктерді ескермеді.


Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтың 80 пайызға жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде және қатар жүргізілді.


1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.


1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.


Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.


Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті. Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асырасілтеушілік, қазақты дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды.


Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басып отырды.


Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды.


1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. Қазақ халқы бәрінен көп зардап шекті.


Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды. 1929-1933 жылдары миллионға жуық адам Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға және т.б. елдерге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы тарихи отанына оралмады. Аштық құрбандары болғандардың саны 1798,4 мың адам болып, сол кездегі қазақтың 46,8 пайызын құрады.


1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл хат тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.


85.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық.


1930-1933 жылдардағы болған Қазақстандағы ашаршылық (кейде жай Ашаршылық) — Қазақ АКСР жеріндегі ашаршылық. Ол кезде Қазақстанда шамамен 1.5 миллион адам қайтыс болып, олардың 1.3 миллионы қазақтар болған. Ашаршылық кесірінен қазақтар саны 38-42%-ға кеміген, 1930 жылдардағы Кеңес одақта болған ашаршылықтардың ең үлкен пайызы. Басқа деректер бойынша ашаршылықта 2-2.3 миллион адам қайтыс болған.
Ашаршылық 1930 жылда, Голодоморға жыл бұрын басталған. Ашаршылық кесірінен қазақтар өз республикасында азшылық болып ұшырап, тек 1990 жылда қайта көпшілік болған. Ашаршылық кесірінен қазақтардың бөлігі басқа елдерге, әсіресе Қытайға, Ауғанстанға және Түркияға қаша бастады.

Ашаршылықтың басты себебі - ұжымдастыру деп саналады. Кейбір тарихшылар бұл оқиғаны геноцид деп санайды.


Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.
Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріпхалық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды. Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажет. Бір жақты баға беріп, бір жақты көзқарас таныту — тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды одан сайын көбейтеді. Мәселен, «Қазақстан тарихы» оқулықтарымызда репрессия тақырыбында тек біржақты мәліметтер берілген. Көп жағдайда тарихшыларымыздың өзі сол уақыттарда болған нақты цифрларды бізге ұсына алмайды. Бірі 2 миллион қазақ қырылды десе, бірі 4 миллион дейді. Ал басқалары ашаршылық пен қуғын-сүргіннен 10 миллиноға жуық қазақ қырылды дейді.

86.Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.


Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.


Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды.
Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.

Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.


Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды.


1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.


Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарғақоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді.


1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.
1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрдтердің екінші толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрдтер туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет барып белгіленіп тұруға міндетті болды.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді.
1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.

87.Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.


1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды
Герман фашизміне қарсы күресте асқан ерлік көрсеткен жүздеген қазақстандық партизандар болды. Олардың ішінде Ғалым Ахмедияров (Фрунзе атындағы партизандық бригаданың штаб бастығы), Əди Шəріпов (2-клетнян партизандық бригадасының комсомол жұмысы жөніндегі комиссардың орынбасары), Сатымбек Төлешев («Заря» отрядының командирі, соңынан партизандық құрамасының штаб бастығы), Василий Шарудо («Железняк» партизандық бригадасының командирі), Жұмағали Саин (партизандық ротаның политругі), Тоқтағали Жангелдин (комсомол жұмысы жөніндегі бригада командирінің орынбасары) жəне басқалары.
Толық емес деректер бойынша, партизан бөлімдерінде барлығы миллионнан астам адам соғысқан. 1943 жылы партизандар барлығы 11 мың поездарды аударуды, 6 мыңдай паровоздар мен шамамен 40 мыңдай вагондарды, цистерналар мен платформалардың көзін жойған немесе зардап келтірген, ал бұл уақытта халық кекшілдері 6400 темір жол жəне тас жол көпірлерін жойып, 22 мыңнан астам көлігін жарған.
Сонымен қатар партизандық бөлімдердің ұлттық құрамы туралы да айтып өтсек, мəселен, Украина партизандық бірлестігінде 1536 украин, 452 орыс, 263 белорус, 31 өзбек, 79 қазақ, 20 татар, тағы басқа ұлт өкілдері болғандығын көрсетеді. Ал екі рет «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған С.А. Ковпактың партизандық бірлестігінде 70-тен астамы қазақ болған.
Барлығы соғыс жылдарында жау тылында Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Латвия, Эстония мен Молдавия жерінде 6200 партизандық бөлімдер, астыртын жұмыс жүргізушілер топтар əрекет еткенін, оларда миллионнан астам партизандар қызмет еткенін жазады. Əлеуметтік құрылымына байланысты мəліметтер береді: 1944 жылдың басында партизандардың 30% — жұмысшылар, 41 — колхозшылар, 29% қызметкерлер болған. Партизандардың оныншы бөлігін дерлік əйелдер құраған. Партизандық құрамаларда Кеңес Одағының барлық ұлт өкілдері күресті.
М. Құсайынов «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты кітапшасында тек Белоруссияның партизан отрядтарында 800-ден астам қазақстандықтар, ал Украинаның территориясында 633 қазақ партизандары болғандығын жəне олардың кейбірін атап өтеді, олар: А. Айсаев, Г. Ахмедияров, Ф. Барабаш, Ж.Саин, Ə. Шəріпов, Қ.Қайсенов, С. Төлешов, Т. Жангелдин, И. Савельев, К. Еремеев, Ф. Озмитель, Н. Көшекбаев.
88. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекерлерінің көрсеткен ерлігі.
Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.

89.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан:бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.


Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

90. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.


КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өткізілді. Ол үшін арнайы 18 млн гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін оларды жердің астында жүргізе бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат жетіде естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқанынан хабары жоқ ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің үлкен дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеді.
Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы тірі ағзалар мен тұрғын халық зардап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалып, ол сынақтардың зардабы зор болды.
Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын. 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті Н. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей сынақ алаңы жабылды.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны аймағы күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Қазақстан аумағында басқа ядролық елдерге қарағанда әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Елдегі әскери техника қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауды ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болды.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағын Капустин Яр сынақ алаңдары алып жатты. Бұл жерлерде 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіліп келді, ал Азғыр атом сынақ алаңында 13 жыл бойы (1966-1979 жж.) ядролық жарылыстар жүргізілді. Азғыр сынақ алаңында 17 рет жерасты жарылысы болды. Азғыр атом сынақ алаңында 1979 жылы жарылыс тоқтатылды. Бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ.
Байқоңыр ғарыш айлағы планетамыздағы 19 айлақтың бірі болып есептеледі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының аумағында, Төретам теміржол стансасының маңыңда орналасқан.
1955 жылы 12 ақпанда КСРО үкіметінің Төретам стансаның маңынан сынақ алаңын құру туралы жабық шешімі шықты. Орын таңдауда бірнеше фактор ескерілді: 1. Жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық. 2. Халықтың аз қоныстануы. 3. Жердің айналуының ең жоғары жылдамдығы осы жерге келеді.

1957 жылдан жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың гектар аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.


С.П. Королевтің бірінші зымыран құрылғысы 1957 жылы мамырда іске қосылды. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды.

91.И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау.


1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді.
92. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру.

1988 жылы 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы соты "Совет өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан "Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне" қатысты ОГПУ-дің (СССР кезіндегі саяси жазалаушы орган – Азаттық.) 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Абдолла Байтасов, Дамолла Битiлеуов, Хайретдин Болғанбаев, Ғазымбек Бiрiмжанов, Дiнмұхамед Әділов, Міржақып Дулатов, Хәлел Ғаббасов, Мирза-Ғазы Есполов, Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Кәрім Жәленов, Ахмед-Сафа Юсупов пен тағы басқалар туралы қаулысының күшi жойылды.


Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Президентіміздің жарлығы бойынша 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар.

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 — мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннің не екенін біледі: еліміз күштеп ұжымдастырудың ауыр қалын бастан өткізді, голощекиннің Ашаршылығын, сталиндік кезеңнің Үлкен террорын, жер аударылған халықтың трагедиясын, басқаша ойлайтындарды тоқырау жылдарындағы қуғындауды, 1986 жылғы желтоқсандағы қантөгісуақиғаларын.Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру кампаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Асфендияров құртылған. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 40 және50- жылдары да жалғасты, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Е.Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды.Басқаша ойлау тоқырау жылдарында да қатаң қуғындалды сол кезеңнің шарықтау шегі көтеріліске шыққан жастарды аяусыз басуға, қатысушылар мен жанашырларын жаппай ату мен қуғын-сүргіндеуге айналған 1986 жылдың қанды желтоқсаны болды...


Уақыт бәрін де орны-орнына қояды және өз аттарымен атайды.Өткен ғасырдың 30-жылдарында «халық жаулары» ретінде атылған сталиндік. Үлкен террордың құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт батырлары болды, «тәркіленген бай-кулак шаруашылықтары»- бостандықтың азап шеккендері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар «қазақ ұлтшылдары», ал арасында көбісі ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары және медицина қызметкерлері мен қарапайым дұрыс адамдар олардың «астыртын дем берушілері» көтеріліс жасаған студенттерге көмектескен, қорғаған және сол үшін өздерінің мансабынан айрылғандар -нағыз патриоттар болған.

93. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.


1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
94. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалар
Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибе жүргізіп, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Оның шешімімен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, жаңа өлкелер құрылды. Бірнеше қала атаулары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.

Бұл жылдарда елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъективизмді, валюнтаризмді және өктемдікке әуестікті жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.


Елде қалыптасқан жағдайды түзеу және бұрын жіберілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылданды. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И. Брежнев сайланды, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес үкіметінің басшысы етіп А.Н. Косыгинді тағайындады.
КОКП-ның 1965 жылғы қыргүйек пленумында өнеркәсіпті аумақтық ұстаным бойынша басқарудың тиімсіз болып шыққаны сөз болды. Енді оны салалық ұстаным бойынша басқару өнеркәсіптің салалары бойынша республикалық және одақтық министрліктер құру қажет деп ұйғарылды. Сонымен қоса мұнда кәсіпорындарға көбірек дербестік беру, шаруашылық есепті дамыту, жұмысшылар мен қызметкерлерді экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу ұсынылды.
Жаңа шаруашылық реформалары деп аталған бұл шаралар 1965 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік басқарудың кейбір органдарын қайта құру» туралы заңда дәйектелді. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.
Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда экономикалық аудандардың халықшаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық, республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза, қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т.б. кәсіпорындары біріктірілді.
60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді.
Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды.
1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестену тоқтатылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие және т.б ретке келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүддесіне баса назар аударылды.
1966 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған өнеркәсіптер жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70 пайызы жаңа жүйемен жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халықшаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металл шығару бойынша үлес салмағы өсті.
Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.
Ауылшаруашылығы шикізатының мол болуы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақөнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Бұл кезеңде салынған кәсіпорындардың ішіндегі аса ірілері – Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқкиім фабрикасы, Қостанай костюмдік штапель маталар комбинаты, Қарағанды аяқкиім және шұлық фабрикалары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе тоқыма фабрикалары және т.б. болды.
Бұл жылдары Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда жаңа ет комбинаттары өнім бере бастады. Ондаған сүт, нан зауыты салынды. Шу мен Ақсуда қант, Алматыда маргарин зауыттары, Ақтөбеде кондитер фапбрикасы сияқты ірі кәсіпорындар іске қосылды. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптен 14 кәсіпорын салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. 1970 жылға қарай қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы басталды.

95. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі


Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру əлі аяқталмаған болатын. Өнеркəсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті. Қазақстандағы индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Ауыл шаруашылығының үлесі басым болды. Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір шахталары, Алтайдағы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар болатын. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді.

Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшіл басқару әдісінің енгізілуіне байланысты еді. 1925-1933 жылдар арасында билікте болған Ф.И.Голощекин социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ деп есептеді. Сондықтан “Кіші Қазан” төңкерісін өткізу идеясын насихаттады. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдады. Ф.И.Голощекин “Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат, негізінен алғанда, бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алды.


С.Сəдуақасов пен Ж.Мыңбаевтың өлке экономикасында сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстары “жергілікті ұлтшылдық көрініс” деп қабылданды. Жоспарлаушы органдағы экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорларының дəрежесіне сəйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақырулары “ұлыдержавалық шовинизм көрінісі” деп есептелді.


Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен геологтар мен геофизиктер Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Олар “ҚазАКСР-і – Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы” деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.


Инженер-геолог Қ.И.Сəтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дəлелдеді.


1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы басталды. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев болды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Қатардағы жұмысшы Д.Омаров Түрксіб теміжолының бастығы қызметіне көтерілді. Қатардағы құрылысшы Т.Қазыбеков “Қазақкөлік-құрылыс” тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.


Түрксіб жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1930 жылғы 28 сəуірде солтүстік жəне оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылғы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік жəне əлеуметтік-экономикалық маңызы болды. Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мəдениетін дамытуға ықпал етті.


Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кəсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу жəне су электр станциялары, құрылыс материалдары кəсіпорындары. Балқаштың, Қарсақпайдың, Жезқазғанның түсті металлургия кәсіпорындарымен бірге көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды. Түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Индустрия дамуында Ертіс өңірінің үлес салмағы зор болды.


Өлкеде болашақ өнеркəсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды.


Орталық Қазақстан шикізатты өңір ретінде Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын кен, металл, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Ембі Батыс Қазақстандағы ірі мұнай өнеркәсібі базасына айналды. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.


Əміршіл-əкімшілік басқару жүйесінің əдістерімен – директивалық жоспарлау, орталықтың əмірімен іске асырылды. Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері қарқынды игерілді. Қазан төңкерісіне дейінгідей өндіруші салалар және химия өнеркәсібінің дәстүрлі салалары басым дамытылды. Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркəсібі кəсіпорындары болмады.


Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркəсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.


Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит орталыққа тегін əкетілді. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға үлес қосты. Табиғи байлықтарды теміржол арқылы тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 21,3 есе асып түсті. С.Сəдуақасов: “Қазақстан отар болып келді жəне солай болып қалды” деп көрсетті. Мұнай Ембіде өндіріліп, мұнай өңдейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен РКФСР мен Украинадан əкелінді.


Қалаландыру үрдісі жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1939 жылы қалада 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе көп болғанына қарамастан, қалалар еуропалық сипатта болған. Соғыс қарсаңында қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда қазақтардың 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловскіден және Ресей, Украина, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер, техниктер есебінен көбейді.


96. «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері.


Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.

1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.


“Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.


1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.


Еділ бойындағы автономиялық құрылым таратылғаннан кейін жүздеген мың неміс Қазақстанға қоныс аударған болатын. 1979 жылғы көктемде КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі еді. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы А.Коркин басшылық ететін арнайы комитет құрылды. Болашақ неміс автономиясының əкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы деп белгіленді. Автономия құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілмек болды. 1979 жылғы 16-19 маусымда Целиноград жастарының наразылығы болып өтті. Олар “Қазақстан бөлінбейді”, “Неміс автономиясына жол жоқ” деген транспаранттарын көтерді. “Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз” ұраны айтылды.


Облыс басшылары автономия құрылмайтындығын мəлімдегеннен кейін ғана наразылық білдірушілер тарады. Толқулар легі көптеген елді мекендерде болып өтті. Партия ұйымдары, МҚК бұл шерулер туралы хабардың таралмауын қамтамасыз етті.


97. М.С. Горбачевтың реформалары


КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.

Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі, қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі, заңдылықтың бұзылуы, жариялылықтың болмауы, ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте арттақалушылық, бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар тапшылығ, халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер экономикалық дағдарысқа алып келді.


1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.


М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді.


1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді.


М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.


Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады. Коммунистік басшылық әр республика өз шаруашылығын өзі басқаруы керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп санады.


Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.


1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.


Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.


1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.


1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.


Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктен өзге, жекеменшіктің болу мүмкіндігін дәйектеп берді.


Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар құрыла бастады.


Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландыруда «қалдықты» ұстаным сақталды.


Аса маңызды мәселелердің барлығы Мәскеуде шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.


98. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989 жж.).


Ауған соғысы (пушт.: په افغانستان کې شوروی جګړه‎‎ , парсы: جنگ شوروی در افغانستان‎‎) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

99. Д.А.Қонаевтың қызметі.


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – қазақтың парасат даналығын бойына сіңірген перзенті, ХХ ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол – терең ақылмен, жоғары мәдениетімен, турашыл, әділдігімен ерекше көзге түскен адам.
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген.
Әр жылдары ол басшылық қызметтер атқарды: соғыс кезінде Қаз Халком төрағасының орынбасары болды. Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті, төрағаның орынбасары, содан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, зейнеткерлікке шыққанға дейін, яғни 1960-1962 және 1964-1986 жылдар кезеңінде – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы; КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі; КСРО Жоғарғы Кеңесінің және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланды.
Республиканың дамуындағы ерекше жетістіктері үшін үш рет "Социалистік Еңбек Ері" атағы берілді, 9 "Ленин орденімен" және басқа да ондаған ордендермен марапатталды.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді.
100. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.
Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда бүкілодақтық комсомол жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға пәтер жетіспей, олардың көпшілігіне вагондар мен барактарда, брезент палаткаларда өмір сүруге тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу жұмыс орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе, жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды.

Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарын әкелу кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі және тұрып қалуының салдары құрылыста кадрлардың тұрақтамауына әкеліп соқтырды.


Осындай жағдайларға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың 1 тамызында, сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайсысы 2120 орыннан 178 асхана болды). Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.


Бүлікті басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.


Болған оқиғалар жайында БАҚ ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.


КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.


1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н. Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс» тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.


Теміртаудағы бүліктің негізгі себебі жұмысшылар арасында тәрбие және саяси үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі деп есептелді.


Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.


1979 жылы КОКП Қазақстан жерінде Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше ауданы кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ының хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.


1979 жылы 16 маусымда Ақмола (Целиноград) қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.


Целиноград оқиғасы Целиноград қаласын ғана емес, облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды. Бұл жолы өрескел құқықбұзушылыққа жол берілген жоқ. Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды.


Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.


1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ондаған жыл бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі, орталықтың өктемдік әрекеттері себеп болды.


Наразылықтың сылтауы – 1986 жылы 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П. Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаев орнынан босатылып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығын ауыстыруға арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды.


Орталықтың бұл әрекеті үлкен саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.


1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқықбұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.


Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты.


Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жас оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.


Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 758 студент оқудан шығаралды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. 1987 жылы Желтоқсан оқиғасы «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды.


Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия Желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов Желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, мінбеде сөз сөйледі. Бұл Желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.


101. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы.


Қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мұраларының ақталуы республикада 1988 жылдың басынан бастап өз күшіне ене бастады. 1988 жылдың басында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанында сталиндік репрессиялардың құрбаны болған халқымыздың ардақты ұлдарының саяси және шығармашылық-мәдени қызметтеріне оң баға беру туралы арнайы Комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Комиссияның шешімдері бойынша 50-ші жылдардың соңында ақталған, алайда қайсыбір "объективтік" себептерге байланысты 60-80-ші жылдары кеңінен насихатталуға бәлендей құлық көрсетіле қоймаған қазақ зиялыларымен қатар бұған дейін есімдерін атауға да тиым салынған ғасыр басындағы ұлт зиялылары, олардың қоғамдық-саяси, тарихи-әдеби және мәдени-шығармашылық мұралары халқымен қайта қауыша бастады. Саяси қудалау кезіндегі, яғни, 1937,1938 жылдардағы жариялануға тиым салынған шығармалар мен ұлт көсемдерін ақтауға ұмтылыс басталды. «1988 жылы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сұрауы салуы бойынша Қазақ ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов „Алашорда" қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ ССР Жоғарғы сотына ұсыныс жасады. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқасының мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм және тағы басқалар жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын. Қазақ ССР-нiң Жоғарғы соты - Т.К.Аймұхамбетов. Коллегия мүшелерi - Е.Л.Грабарник, Қ.Т.Кенжебаев», - деген шешім шығарды. Көп ұзамай, Қазақстан Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің араласуымен Ғылым академиясында арнайы комиссия құрылды, сол комиссияның шешімі бойынша Алаш қайраткерлерін саяси және шығармашылық тұрғыдан ақтау туралы арнайы қаулы шықты Осылайша жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев т.б. көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері саяси, азаматтық тұрғыда ақталды.

102 Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы (1980-1990 жж.).


Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады. 1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты. Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша) деген саяси партияларды да атап кетуімізге болады.
Қызметтері мен мақсаттары.Оған Азат азаматтық қозғалысын алуымызға болады."Азат" азаматтық қозғалысы - қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсатын "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп белгіледі. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды. "Азат" қозғалысы Қазақстанды қазақ халқын отаршыылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады.
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы XX ғ. 80- жылдардың 2- жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.

103 Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы.


- 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.[1]

104 1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.


Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.
Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.
1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.
Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.
КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.
ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.
Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.
Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.
1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.
Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

105. 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.


1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
106 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болып табылады.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.
ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.
Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.
Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.
Жетінші тарау – Қорытынды ережелер
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы және басқа да құжаттардағы кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау және басқалар.
1991жылы 16 казанда " Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР президентін сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда"Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін бекіту туралы қабылдаған заңы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесін мойындау болып танылды.


107 Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 және 2011 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.[1][2]
Мемлекеттік билік органдары
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. [3]
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:
• жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
• президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
• парламентті таратуға құқылы;
• референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
• парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
• парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
• парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;
• дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
• үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;
• мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
• халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
• төтенше және әскери жағдайды енгізеді.
Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.[4]
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдады.
Атқарушы билік
Үкімет
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып табылады.
Заң шығарушы билік
Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.[5]
Сот билігі
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.
Жергілікті билік органдары
Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды.
Саяси партиялар
1991 жылға дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген.

108 2.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.


Тәуелсіздік алдында аса ауыр жағдайда Қазақстан Президенті «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Алтын және алмаз қоры құрылды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.
Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы таңдаған «алдымен - экономика, содан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп келе жатырмыз.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Н. Назарбаев1992 жылы 4 -маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы – суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі – әнұран, мемлекеттік Ту мен мемлекеттік Елтаңбаның поэтикалық-музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, сазгерлері қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуені – кеңестік кезеңде М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.
2006 жылдың 6-қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менің Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә. Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал, әні бұрынғы қалпында сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранның туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республика басшылығы ұллтық валюта енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. Онсыз шынайы дербес егеменді мемлекет болу мүмкін емес еді. 1992 жылы Қазақстанда аса құпия жағдайда ұлттық валюта дайындалып жатқанда, Қазақстан рубльдік аймақтағы орны туралы Ресеймен өте қиын келісімдер жүргізуді жалғастырды. Өз жағынан Ресей ақша-валюта жүйесіндегі мәселелерді біздің республикамен келісіп шешетіні туралы уәделерін берді. Осы кездегі жағдайды Елбасы Н.Назарбаев былай түсіндіреді: «Мен рубль аймағын сақтауға тырыстым. Оның екі себебі бар еді. Біріншіден, ол аймақтың бұзылуы ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Екіншіден, расын айтсақ, біз әзір емес едік». ТМД басшылары елдерінде өз валюталарын енгізер алдында 3 ай бұрын хабардар ету міндеті туралы келісімге қол қойды. Бірақ 1993 жылы шілде айында Ресей келісімді бұзып өз валютасын енгізді. Ресей 1993 жылғы жаңа рубль негізінде бірігей рубльдік аймақты құруды ұсынды. Қазақстанға 3 күн бұрын ғана хабар берілді. Ресей Қазақстан үшін қажетті мөлшерде арнайы ақша бастырып беретіні туралы тағыда сендірді да жаңа рубльді жібермей қойды. Гиперинфляция жағдайда баға шарықтай түсті. Ресей және басқа республикалардан Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап келді. Дүкендердің сөрелерінен азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар жоқ болып кетті. Қазақстанға едәуір экономикалық шығын әкелді. Елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Ескі рубльдің девальвациясы басталды. Сондықтан Қазақстан ұлттық валюта енгізуді асығыс кірісті. Дер кезінде қамданып үлгерген Қазақстан өзінің экономикалық та, саяси тәуелсіздігін сақтап қала алды.
Алғашқы ұлттық ақша Ұлыбританияда басылды. Мемлекет басшысы тенге дизайн жасауда тікелей өзі қатысты. Ақша номиналдарында Ш.Уәлиханов, А.Құнанбайұлы, Әл Фараби, т.б. тарихи тұлғалар суреттері бедерленді. Ұлттық валюта Алматыға арнайы рейспен ұшақпен тасылды.
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – тенге енгізілді. Елдегі инфляция өрісін ырықтандыруда «ҚР Ұлттық банк туралы» Заң ықпал етті, соған сәйкес Ұлттық банк Президентке ғана есеп береді және өзіне белгіленген өкілеттік шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстан бұрыңғы КСРО орталық құқықтарын иемденуші көрші Ресей мемлекетінен ақша-қаржы саясатында толық тәуелсіз болуға қол жеткізді. Ұллтық валюта енгізуі зор тарихи маңызы бар. Ол Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. Н.Назарбаев дәл айтқандай: «Біздің ұлттық валюта – тенге – ел тәуелсіздігінің символы». Шынайы егемендікке қол жеткізген қазақстандықтардың патриоттық рух деңгейі өсті. Ұллтық валюта енгізуі терең әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге жол ашты. Халықаралық валюталық операциялар жүргізуге мүмкіндіктер кеңейді. Елімізде 200 жаңа банктер құрылды, соның ішінде шетелдіктердің де қатысуымен. 1993 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік банктер ашыла бастады. Жаңа жағдайда мемлекет басшылығы зейнеткерлер, студенттер, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау іс-шаралар жүргізуге белсенді кірісті.
1993 жылы қабылданған Қазақстанның Конституциясы уақытша еді. Негізгі Ата Заңда жер жеке меншікке берілмеді. Жергілікті Кеңестер жаңа нарықтық реформаларды тежеді. Жаңа үкімет Жоғары Кеңеске қатаң қарсы тұрды. Елге қажетті заңдарды қабылдау процесі баяулады, бұл нарықтық реформалардың қарқынын бәсеңдетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев Конституцияға баға бере отырып былай деген: «1993 жылғы үлгідегі Конституция мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды одан әрі дамыту жолындағы құқықтық тосқауыл болды». Осы жағдайда жергілікті Кеңестердің және Жоғары Кеңестің өзін-өзі тарату процесі басталды. Президент мемлекет басшысы ретінде заңнамалық тұрғыда жеке өзі шешімдер қабылдау құқығын алды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Президент басқаратын біртұтас мемлекет ретінде бекітілді. Парламент екі палатадан құрылды: Мәжіліс және Сенат. Жаңа Конституцияның еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және әлеуметтік-саяси реформаларды жүргізу үшін тарихи маңызы зор болды.
Қазақстан нарықтық экономика жолымен дамуға бет алған тәуелсіз ел ретінде белгіленді. Экономиканы мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Шетелдік инвестицияларды тарту, кіші және орта бизнес дамыту тетіктерінің құқықтық негіздері бекітілді. Банк және қаржы жүйесі реформалары жүзеге асырылды. Аграрлық салада колхоздар мен совхоздарды фермерлік ұжымшарларға айналдыруда мүлікке мемлекеттік монополиясы жойылды.

111 Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.


Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Міндеттері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде[
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
• әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
• әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
• маңызды әскери нысандарды күзету;
• елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
• халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Әскери доктринасы Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
• 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле¬кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс¬тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым¬дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз¬қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи¬касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан¬ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика¬сы¬ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу¬шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп¬сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа¬зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді¬лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер¬ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
• Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла¬ныс¬ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

112 Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу


Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі.
КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.
Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу
Делимитация
1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы» 1992 жылғы 17 шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті.
Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.
Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.
ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды. Олар:
1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24 қыркүйектегі қосымша келісім;
3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4 шілдедегі қосымша келісім;
Демаркация
Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес екі елдің Үкіметтерімен құрылған Қазақстан-Қытай бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді.
Демаркациялық жұмыстары алты жұмыс топтарымен 1996 жылғы шілдесінен бастап 2001 жылғы желтоқсанына дейін жүргізілді және 2002 жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.
Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 1783 км, оның ішінде құрлық щекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 566,89 км.
Шекара сызығы 688 шекаралық белгілермен белгіленген.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу
Бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекітілетін келесі құқықтық құжаттар болып табылады:
1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері.
Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негізіне алды.
Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасты.
Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 2002 ж. 17.07. №791, 2003 ж. 02.06. №509, 2004 ж. 01.07. №726 қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның құрамынан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті Үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сарапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды, геодезистер, картографтар, жерге орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды.
Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық база мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. Халыққа ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп отырды. Қажет болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер және басқа да іс-шаралар жасалып отырды.
Қазақстан-Өзбек мемлекттік шекарасы
Делимитация
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті.
Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері ескеріле отырып шешілді.
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96 пайызын анықтап берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау.
Екінші кезең. Бірлескен шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеу.
Аталған Шарттар 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.
Демаркация
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы, ал далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуірде басталды.
Тараптар шекаралық белгілерді орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстарды негізінде аяқтады.
Казіргі уақытта мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы
Делимитация
2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.
Демаркация
Бірлескен шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті.
Тараптар шекаралық белгілерді орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстарды негізінде аяқтады. Қазақстан-Түрікмен нмемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 458,3 км.
Шекара сызығы 330 шекаралық белгілермен белгіленген.
2017 жылғы 18 сәуірде екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен Мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімге Астана қаласында қол қойды.
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы
Делимитация
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін өтті. Осы келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді.
Демаркация
Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі келіссөздерге және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуға 2008 жылдың күзде кірісті.
Шекаралық белгілерді орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстары негізінде аяқталды. Қазақстан-Түрікмен нмемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 1257 км.
Шекара сызығы 683 шекаралық белгілермен белгіленген.
2017 жылғы 25 желтоқсанда екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз Мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа Астана қаласында қол қойды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы
Делимитация
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан өзінің құрылықтағы шекарасын бүкіл өн бойында құқықтық ресімдеуді аяқтады. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді.
Демаркация
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті.
2009 жылдың мамырда тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуды бастады.
Бірлескен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі жалғасуда.
Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік шекарасының түйісу нүктелер
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында шектес елдердің шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген келісімдер:
1. 1999 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;
2. 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім;
3. 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.
4. 2017 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шарт. Қазіргі уақытта тараптар шарттың күшіне ену үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді жүргізуде.

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы 13383 км., оның ішінде:


- Қытай Халық Республикасымен – 1 783 км. шамасында;
- Қырғыз Республикасымен – 1 257 км. шамасында;
- Өзбекстан Республикасымен – 2 351 км. шамасында;
- Түрікменстанмен – 458,3 км. шамасында;
- Ресей Федерациясымен – 7 548 км. шамасында.

115 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.


Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.
Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.
Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.
Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық.
Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды.
Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік.
Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік.
Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік.
Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік.
Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз.
Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.
Нурлы жол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы: міндеттері, қорытындысы, келешегі
2014 жылғы 11 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында алғаш рет «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасымен таныстырды, ол бүгінде ел экономикасы өсімінің негізгі қозғаушы күші саналады.
Мемлекеттік бағдарлама іске асырылып жатқан үш жыл ішінде оның еліміздің ЖІӨ өсіміне елеулі ықпал тигізіп жатқаны, жаңа жұмыс орындарын ашуға, транзиттік жүк ағындарын ұлғайтуға, заманауи және сапалы автокөлік жолдарының пайда болуына, сондай-ақ, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға септігі тиіп жатқаны айғақталды.

Барлығы қалай басталды?


2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған кезекті Жолдауын халыққа таныстыру кезінде Жаңа экономикалық саясат – «Нұрлы жол» туралы мәлімдеді. Ол алдағы жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің негізгі қозғаушысы болуды, сондай-ақ, әлемдегі ең озық дамыған 30 елдің қатарына қосылудың маңызды қадамына айналуды көздейді.
Жолдаудың негізгі арқауы әлемдік экономиканың жаңа сын-тегеуріндері мен қауіптері тұрғысынан Қазақстанның экономикалық саясатын қайта бағдарлау болды.
Осыған байланысты экономикалық өсуді қалыптастыруға қатысты кейбір тәсілдер қайта қаралып, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларына түзетулер енгізілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары ретінде мыналар анықталды: Астанадан барлық аймақтарға сәуле қағидаты бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық, туристік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ энергетикалық секторды нығайту.
Іске асыру барысында бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді: 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағыты «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасына ауыстырылды, геологиялық барлау басқа нормативтік-құқықтық актілерде де көрініс тапты. Осылайша «Нұрлы жол» көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып қалды.

Бірінші кезең қорытындылары (2015–2016 жж.)


Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындап бастағаннан бері 2015–2016 жылдары республикалық маңыздағы 2 мың шақырым автокөлік жолдарында құрылыс және реконструкция жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,3 мың шақырымы І және ІІ техникалық санаттар бойынша пайдалануға берілді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына 75 мың адам тартылды. Отандық өндірістің 93% жол-құрылыс материалдары пайдаланылды.
«Орталық – Оңтүстік» жобасы бойынша 2016 жылы жалпы ұзындығы 275 шақырым болатын «Астана – Теміртау» және «Алматы – Қапшағай учаскелерін жөндеу жұмыстары аяқталды. «Орталық – Шығыс» жобасы бойынша іске асыру басталғалы бері 230 шақырым жол пайдалануға берілді. «Орталық – Батыс» жобасы бойынша «Астана – Қостанай» автожолын және «Ақтөбе – Қарабұтақ – Денисовка» учаскесін жөндеу толықтай аяқталды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы Қазақстан экономикасы мен көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қоса алатын маңызды жобалар іске асырылды. Бұл — «Қорғас» ХШЫО, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, Ақтау портын дамыту бойынша солтүстік жобасы, жаңа Құрық порты. Соның ішінде 2016 жылғы желтоқсанда Құрық портында қуаттылығы 4 млн тонна болатын темір жол паром кешені іске қосылды.
Сондай-ақ елеулі институционалдық өзгерістер болды. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК-ға жаңа өкілеттіктер беру, соның нәтижесінде компания мультимодальды халықаралық операторға айналды. Ақтау порты мен әуежайлар компанияның басқаруына өткізілді, кеме қатынасы компаниялары құрылды, екі құрғақ жүк таситын кеме сатып алынды (келешекте 14-ке жеткізу көзделген). Бұдан өзге 2016 жылы елордада ірі көлік-логистикалық орталық пайдалануға берілді.

Жолдар құрылысы басты назарда


2017 жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өткен екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы өзін толықтай ақтағанын айтып, оны экономиканың басты қозғаушысы ретінде одан әрі іске асыруды жалғастыру міндетін қойды.
«Биыл республикалық маңызы бар 4 400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.
Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет.

117 Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Еліміздегі демократиялық процестердің жандануына байланысты 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде Республикамызда түрлі бағыттағы қозғалыстар мен партиялар құрылды. Олар: экологиялық бағыттағы «Невада-Семей» қозғалысы, Балқаш пен Арал проблемалары жөніндегі комитет, Азат қозғалысы, белгілі бір ұлттың немесе ұлттық топтардың мүддесін көздейтін «Единство», «Алаш», «Желтоқсан», Қазақстан социал-демократиялық, Халық конгрессі тәрізді партиялар еді. 90 жылдардағы құрылған саяси қозғалыстардың бірі «Азат» қозғалысы еді. Халқымыздың тәуелсіздік алуы жолындағы қажырлы еңбек еткен саяси қозғалыстардың бірі «Азат» ұйымы болғандықтан оның жарғысына тоқтала кетейік.


Қазақстанның «Азат» республикалық қозғалысы еріктілік негізде Қазақстан азаматтарының басын қосатын саяси ұйымы. «Азат» Қазақстан жерінде гуманистық, әлеуметтік мұраттар мен ұлттық әділеттілікті мақсат ететін иманжүзді қазіргі дәуірге сай ұлттық демократиялық тәуелсіз мемлекет орнату жолында күреседі.
Қазақстанның толық саяси және экономикалық тәуелсіздігіне жету, ел басқаруда «Халық үкіметі» принципін қатаң сақтау, ұлттың өзін-өзі билеу саясатын іс жүзіне асыру, олардың саяси-әлеуметтік қамқоршысы болу «Азат» қозғалысының басты мақсаты.
Осы құрылған партиялармен қозғалыстардың ішінде ұлтаралық тыныштықты бұзып, келеңсіз қылықтарымен көрінгендері де болмай қалған жоқ. Мәселен, «Единство» партиясының қабылданған құжаттарында, партия халықтың барлық топтарын біріктіреді, ұлтына қарап бөлінуге жол бермейді, қозғалыс ұлтшылдықтың, шовинизмнің, ұлтына қарай артықшылық жасаудың кез келген көріністеріне қарсы күреседі делінген. Ал іс жүзінде олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қарсы күресуде. Тек славян халықтарының мүддесін көтеруде.1994 жылға дейін Қазақстанда арнайы әділет министрлігінің тіркеуінен өткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды. Партиялар: Қазақстан социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы. Қозғалыстар: «Невада-Семей», «Азат»,«Қазақстан жұмысшы қозғалысы», «Лад» республикалық славян қозғалысы. 1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды. 1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның «Өрлеу» партиясы құрылды. Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды. Оның басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласы халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси мүддесін қорғау болды. Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра түсті. Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы саяси жүйені өзгертіп, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып, көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару формасы қалыптасты. Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде сайлау өткізіліп, жергілікті жерлердегі өкілетті билік өкілдері қалыптасты. Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару формасына өтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе институттары құрылды.Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден және 1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына және басқа заңдық актілеріне өзгеріс енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа да жүргізілді.

118 Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.


Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.
119 Бағдар мен белес
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.
Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.
Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.
«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.
Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды.
Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік.
Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік.
Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік.
Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет.
Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы.
Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.
Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек.
Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын анық көрсетті. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі.
Таным мен тағылым
Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.
Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс.
Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты. Дегенмен, сол қажырлы еңбектің жемісін көпшілік көріп отыр ма? Зерттеу жобаларының біразы ғылыми институттар мен орталықтардың аясында ғана қалып қойған жоқ па?
Мұндай іргелі ізденістердің нәтижесі тек осы сала мамандарының игілігіне ғана айналуы орынсыз. Оны қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет. Өйткені тарихшылардың ғана емес, барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болуға тиіс. Бұл ретте, ауқымды көрмелермен немесе басқа да үлкен жобалармен әуестенбей, балаларға, жастарға арналған қарапайым әрі қабылдауға жеңіл туындыларға баса мән берген жөн. Мысалы, деректі және көркем фильмдерді алайық. Осы бағытта «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи фильмдер түсірілді. Бірақ бұл әлі жеткіліксіз.
Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен, көп қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті.
Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн.
Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет. Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды.
Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс.
Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді.
Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек.
Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс.
Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек.
Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның мерейлі белесін атап өтеміз. 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адамзаттың болашағы үшін айрықша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды.
«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді халқымыз. Кешегі өткен хандар мен қағандардың дәуірі ғана емес, соңғы отыз жылдағы жасампаздық жолымыз да бүгінде тарихқа айналып, күн сайын алыстап барады. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Шын мәніндегі ахуал олай емес.
Елбасы сол кездегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да жағдайларға байланысты жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп, бір рет кесуге мәжбүр болды. Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақ мемлекетін құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек. Сол үшін Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн.
Шынына келсек, Тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғанына қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді. Барлық оқулықтар осындай іргелі еңбекке негізделіп әзірленеді. Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні – осы. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет.
Сонымен қатар, шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын. Бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы.
Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Қоғам мен құндылық
Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз.
Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек.
Шекара сызығын ресми түрде халықаралық шартпен бекітіп, оны әлем жұртының мойындауы соңғы бірнеше ғасырда үрдіске айналды. Оған дейін қазіргідей делимитация, демаркация деген ұғымдар болмаған.
Біз шекара мәселесін шешумен нақты айналысып жатқан кезде кейбір саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «біз бұған асықпайық», «кейін де келісуге болады» деп арқаны кеңге салғысы келгені есімізде. Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды.
Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді.
Жоғарыда айтқанымдай, шекарамыз толығымен шегенделді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін құрлықтағы ғана емес, теңіздегі шекарамыз да біржола айқындалып, түпкілікті шешілді.
Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз.
Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн.
Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет.
Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада.
Елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс. Батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал- Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай мен Баянауыл, Ұлытау мен Қарқаралы, теріскейде Имантау мен Айыртау және басқа да көрікті жерлеріміз жетіп артылады. Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бәрі өзімізде бар. Жастарға осындай керемет табиғатымызды танытып, оны қадірлеуге баулуымыз керек.
Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерлерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңындағы елді-мекендерде тұрғындар саны күрт азайды. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз.
Бұл екі мәселенің де стратегиялық маңызы бар. Оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайды. Жергілікті билік мұндай жұмыстарды жоғарыға көпірген ақпар беру үшін емес, мемлекеттік мүдде және ағайынға шынайы жанашырлық тұрғысынан жасауға тиіс.
Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Біз тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық. Осы аралықта қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны еселеп көбейді.
Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты.
Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн. Оған сұраныс жоғары.
Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек.
Ана тілімізді кеңінен қолдану – басқа тілдерге, әсіресе орыс тіліне шектеу қойылады деген сөз емес. Барша этнос өкілдерінің ана тілін, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасала береді. Жастарымыз бірнеше тіл білу өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатынын жете түсінгені абзал.
Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. Көптеген шетелдік сарапшылардың елімізге қатысты «Еуразиядағы шырпы тисе лап еткелі тұрған қурай», «failed state» сияқты болжамдарын жоққа шығардық. Бұл жолда тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болған Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді жұмыс атқарды. Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.
Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады.
Ұлағат пен ұстаным
Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – осы сұранысқа тікелей жауап. Оны Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісі деуге болады. Біз қазақтың қанына сіңген қасиет – келелі істі ақылдасып бірге шешу дәстүрін жалғастыра береміз.
Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі.
Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ, реформаны соза беруге де болмайды. Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Сол себепті біз ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшеміз. Осы арқылы ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Бұл қадам өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі үшін қажет. Содан кейін аудан әкімдерін сайлаймыз. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз.
Бірақ, саяси жаңғыру барысында асығыстыққа бой алдыруға және жалаң ұранға еріп, мемлекеттік жүйені дағдарысқа ұшыратуға болмайды. Бір сәтте барлығын түбірімен өзгерту неге әкеп соқтыратынын кейбір елдердің бүгінгі ахуалынан көріп отырмыз. Елімізде, ең алдымен, адамның құқығын толығымен сақтауға негізделген заң мен тәртіп болуы керек. Анархия мен жүгенсіздік жақсылыққа апармайтыны анық.
Қазақстанның саяси жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Мәжіліс депутаттарының биылғы сайлауы – көппартиялы Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадам. Бізде саяси көзқарастары әртүрлі партиялар бар. Олардың ұстанымдары консервативті, либералды, ұлтшыл, социалист және тағы басқа болуы мүмкін. Бұл – табиғи үдеріс. Саяси плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді. Саяси күштер осындай әралуан болса да, баршасын біріктіретін және бәріне ортақ құндылық бар. Ол – қастерлі Тәуелсіздік.
Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.
Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп-жетілді. Бүкіл әлемді аузына қаратқан ғажайып дарын иелері де бар. Олар – Қазақстанның мәдени келбеті, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз («soft power»). Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті.
Жаһандану заманында айдай әлем алақандағыдай болып қалды. Талапты ұл-қыздарымыздың жер жүзіндегі кез-келген елге барып, білім алуы қалыпты үрдіске айналды. Сонда қалып, қызмет істеп жүргендер де аз емес. Осы орайда, ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылық бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін.
Халқымыз «Атың барда жер таны, желіп жүріп» дейді. Кезінде Елбасы бозбала шағында Украинаға аттанып, еңбек, білім және әкімшілік дағдыларына ие болды. Мен де білім қуып Мәскеуге сапар шектім, өзге мемлекеттерде жұмыс істедім. Біздің талай замандастарымыз бүгінгі жастар сияқты алыс шетелдерге бара алмаса да, Кеңес Одағының түрлі қалаларында білім алды. Бірақ, басым көпшілігі тамырынан ажырап, ол жақта біржола қалып қойған жоқ. Елге келіп, еңбек етті. Сондықтан жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Мысалы, әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсіптерін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасауымыз керек.
Дарынды жастардың бәрі шетелде жүрген жоқ. Ел ішінде де білікті әрі білімді өрендер жетіп артылады. Біз оларды басшылардың жаңа буынын дайындауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс.
«Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын.
Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету.
Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.
Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.
Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін.
Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ


Қазақстан Республикасының Президенті

120 «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»


2022 жылғы 16 наурыз
Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.
Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.
Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.
Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық. Уақтылы және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік.
Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым. Барлық жағдайды азаматтарымызға жан-жақты түсіндіріп, азаматтарымызға жеткіздім. Әрбір шешімді еліміздің мүддесіне сай қабылдадым. Бұл – мен үшін бұлжымас ұстаным.
Өкінішке қарай, бүлікшілердің, қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Мен қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз.
Қазақта «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз – қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содырлар мен лаңкестерді жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз.
Ашығын айтсақ, қазір қоғамда түрлі қауесет тарауда. Бұл ахуал жалған түсінік қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан өткен оқиғалар туралы нақты мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды. Тіпті, қасиетті парызымыз деуге болады. Жұрт оның астарына үңіліп, себебін терең түсінуі қажет.
Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Турасын айтқанда, мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Депутаттарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жауап берілді. Бұл қаңтар оқиғасына әділ баға беруге, ең алдымен, биліктің мүдделі екенін көрсетеді. Мен мұны толық қолдаймын, біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл – менің жеке қағидатым.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәселемен арнайы мекемеаралық шұғыл тергеу тобы айналысуда. Құқық қорғау органдарына жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруды тапсырамын.
Қасіретті қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды. Мен сол кезде Бас прокуратураға олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырдым. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды.
Ал, нағыз қылмыс жасаған адамдар заң алдында толығымен жауап береді. Басқаша әрекет ету, яғни, бедел жинау үшін байбалам салып, қосақ арасында жүргендер мен арандатушыларға жеңілдік жасау – жазықсыз құрбан болған жандардың аруағын сыйламау деген сөз.
Бірнеше жүз адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданғаны, тіпті оларды азаптағаны туралы фактілер болғанын ашық айттық. Орта ғасырлардан қалған осындай жабайылық кез-келген өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келеді. Бұл – біз үшін де мүлде жат қылық. Мұндай сорақы оқиғалар болғаны жайлы айтыла бастаған сәтте-ақ, мен оны мұқият тексеруді тапсырдым.
Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл алғашқы күндерден жұмысқа белсене араласты. Құқық қорғаумен айналысатын азаматтар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері оқшаулау орындарына кедергісіз кіріп, қаңтар оқиғасына қатысушылардың қамаудағы жай-күйімен танысты, олардың шағымдарын қарады.
Омбудсмен және беделді заңгерлер жетекшілік ететін тәуелсіз қоғамдық комиссиялар прокуратура органдарымен тығыз жұмыс істеді, пікірлерін ашық айтып, өз ұстанымдарын қорғады. Мұндай жұмыс тәсілі тергеу үдерісінің ашық және демократиялы екенін көрсетті, әрбір өтініш пен арыз-шағымды жеке-жеке қарауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде заңға қайшы үкім шығару ықтималдығы едәуір азайды.
Азаматтық қоғам мен құзырлы органдар осылай ашық ынтымақтастық орнататын тәжірибе біздің елімізде берік орнығуға тиіс. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғам белсенділері мен заңгерлерге азаматтық ұстанымы және біліктілігі үшін ризашылығымды білдіремін.
Қазір алдын-ала қорытындылар дайын. Біз теріс пиғылды адамдардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын нақты білеміз. Осы ретте, бүлікшілер не үшін мұндай қадамға барды деген сұрақ туындайды. Жауабы – айдан анық.
Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көштік. Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар жылдар бойғы заңсыз әрекеттерін одан әрі жалғастыра беруді көздеді. Неғұрлым жоғары билікке ие болуды көкседі. Сол үшін кәнігі қылмыскерлер, қарулы бандылар мен опасыз шенеуніктер бірігіп, астыртын топ құрды.
Ішкі және сыртқы жауларымыз өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылық шеруін басқа арнаға бұрып, жұртты қасақана арандатты. Лаңкестер мемлекеттік органдарға, стратегиялық нысандар мен бизнеске тиесілі ғимараттарға шабуыл жасады. Билікке күйе жағу үшін бейбіт тұрғындарға оқ атты. Осының бәрін шетелдегі радикалды күштер өз мақсатына пайдаланғысы келді. Олар Қазақстанды қақтығыс алаңына айналдырып, елге ойран салмақ болды. Бейбіт өміріміздің тас-талқанын шығаруды жоспарлады. Президентті биліктен кетіргісі келді.
Шын мәнінде, бұл мемлекеттілігімізге төнген аса қауіпті сын-қатер болды. Бірақ, қастандық жасаушылардың арам пиғылы іске аспады. Мен ең қиын сәтте, қандай жағдай болса да, ақырына дейін халқыммен бірге боламын деп ашық айттым.
Бабаларымыз «Іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаған. Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Опасыздардың ішінде әскери және арнаулы органдардың басшылары да бар. Олар Күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Тіпті, арнайы үкіметтік және басқа да байланыс арналарын өз бақылауына алды. Бір сөзбен айтсақ, олар елді ыдырату үшін ойларына келген барлық тәсілді қолданды.
Соның салдарынан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Бұл қадам ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды. Бітімгершілік күштері елімізде бір де бір оқ атқан жоқ. Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етті. Бұған алдын-ала жасалған келісімнің нәтижесінде қол жеткіздік. Жағдай тұрақтанған соң, екі аптадан кейін олар Қазақстаннан толық шығарылды.
Бұл – көптарапты қарулы контингент, оның құрамында Қазақстан да бар. Бітімгершілік миссиясының маңызды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, түптеп келгенде, біз содырларды өз күшімізбен жеңдік.
Осы орайда, бір мәселеге жеке тоқталғым келеді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді. Отан алдындағы антына адал болып, мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғады. Мен сын сағатта қатерге қаймықпай қарсы тұрған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін.
Сондай-ақ, азаматтарымыз ерікті түрде өз ішінен жасақ құрып, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысты. Жауапты сәтте бірлік пен жанашырлықтың бірегей үлгісін көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтамын.
Осы күндерде халқымыз кез-келген қауіп-қатерді жеңе алатын біртұтас ел екенін танытты. Отаншылдық рухының арқасында қасиетті Тәуелсіздігімізді сақтап қалды.
Шын мәнінде, қаңтар оқиғалары мемлекеттілігіміз үшін зор сынақ болды. Біз жардың шетінде тұрдық. Бір қадамды қате жасасақ немесе батыл әрекет етпесек, мемлекетіміз құрдымға кететін еді.
Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдымызда куәгерлерден жауап алу, сараптама жасау және түрлі мәліметтерді зерделеу сияқты қыруар жұмыс бар.
Бір нәрсені нақты айта аламын: қаскөйлер мұқият ойластырылған ауқымды операция ұйымдастырды. Олар халқымыздың және шетел қоғамдастығының алдында мемлекеттің жоғары басшылығының абыройын төгіп, биліктен тайдыруды көкседі. Кәсіби дайындықтан өткен содырларды өз мақсатына жету үшін еш тартынбастан пайдаланды. Оларға еліміздің ең ірі шаһары – Алматыны күл талқан етуді, жұртты әбден үрейлендіріп, дүниеден біржола түңілдіруді, елдегі ахуалдың быт-шытын шығарып, бей-берекет қылуды тапсырды.
Сондықтан кімнің қандай лауазым иеленіп отырғанына, қоғамдағы орны қандай екеніне қарамастан осы қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар түгелдей лайықты жазасын алады деп уәде беремін.
Сол күндері қатаң әрі шұғыл шара қабылдаудан басқа амал қалған жоқ. Мен ең шешуші сәттерде елім үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бұл – менің президенттік әрі перзенттік борышым.

Құрметті депутаттар!


Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік.
Мен осыған дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсындым. Соның аясында қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастама жүзеге асты. Тек саясат саласының өзінде оннан астам заң қабылданғанына қарап, қоғамда болып жатқан оң өзгерістердің ауқымы қандай екенін бағамдауға болады. Мысалы, бейбіт жиналыстар туралы жаңа, демократиялық заңды алайық. Бұл құжат белсенді азаматтарға, оның ішінде оппозициялық көзқарастағы қоғам белсенділеріне еш кедергісіз шеру өткізуіне, сол жерде ой-пікірлерін емін-еркін айтуына мүмкіндік берді. Бұл жаңашылдық елімізде жаңа саяси мәдениеттің тамыр жаюына, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен сенімнің артуына жол ашты. Дегенмен, жұртты арандатқысы келетін кейбір белсенділер демократиялық сипаттағы осы заңның өзіне бағынбау, тіпті оны бұзу керек деп санайды.
Мен бұдан былай ешқандай жұмсақтық көрсетпейтінімізді мәлімдеймін. Басқа да заңдар сияқты бұл заңның талаптары да мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Бәзбіреулердің жауапсыздығы мен бейбастақ әрекеттері заңды сыйлайтын азаматтарымыз үшін тым қымбатқа түсті. Заң бәріне ортақ, оған биліктегі азаматтар да, қоғам белсенділері де бірдей бағынуға тиіс.
Саяси өзгерістер азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісінен бастап, жалпыұлттық сипаттағы мәселелерге дейін, яғни барлық деңгейде шешім қабылдауға дайын екенін көрсетті.
Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді. Бірақ, осы ниет пен жұмыс қарқыны жұрттың бәріне бірдей ұнай бермейтіні анық.
Бәрін де бармақ басты, көз қыстымен шешіп үйренген адамдар бұған дейінгі артықшылықтары мен табыс көздерін жоғалтып алудан зәре-құты қалмай қорқуда. Олар біздің мемлекеттілігіміздің тұғырын шайқалту үшін дереу іске кірісті. Тіпті, өз халқына қарсы шықты деуге болады.
Қасіретті қаңтар күндерінен кейін көптеген адамдар «бәрі кері кетеді, билік жаңғыру қарқынын бәсеңдетеді деп ойлады. Бірақ, біз алған бетімізден қайтпаймыз. Керісінше, қоғамның барлық саласында жасалып жатқан жүйелі өзгерістердің қарқынын үдете түсеміз.
Мен бүгін ұсынып отырған бастамалар қаңтар оқиғаларынан әлдеқайда бұрын мұқият ойластырылып, пысықталған. Ашығын айтайын, маған «асықпайық, заман жақсарғанға дейін бұл жоспарды қоя тұрайық» деп ақыл қосқан сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер де болды. Олар қазіргі ахуалды өз мүддемізге пайдалануға мүмкіндік туып тұрса, жүйені өзгертудің не қажеті бар деді.
Енді біреулер геосаяси ахуал қатты шиеленісіп тұрған кезде елді «горбачевтік қайта құрудағы» сияқты берекесіздік жайлап, көше демократиясы белең алып кете ме деген орынды қауіптерін айтты. Бірақ, мен елімізге түбегейлі реформалар қажет екеніне бек сенімдімін. Әйтпесе, тоқырауға тап боламыз. Біз оның салдары мемлекетті қалай күйрететінін тарих қойнауына кеткеніне көп бола қоймаған кеңес тарихынан жақсы білеміз.
Кешегі қаңтар оқиғаларына да еліміздегі тоқыраудың салдары белгілі бір деңгейде әсер етті. Мен соңғы екі айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық салада, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде, ең алдымен, жүзеге асыру қажет болатын міндеттерді айқындап бердім.
Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген.
Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы Сот және беделді сарапшылардың ұсынымдары назарға алынды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде осы тақырып бойынша пікірталас өтті. Құжатты әзірлеу кезінде зерттеушілер мен қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары да мұқият зерделенді.
Жалпы, ұсынылып отырған реформаларды біздің қоғамдағы алуан түрлі көзқарастардың жиынтық көрінісі деуге болады. Осыған дейін қолға алынған өзгерістердің заңды жалғасы іспетті бұл бастамалар екі өзекті міндетті шешеді.
Біріншіден, қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді.
Екіншіден, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етеді. Бұл ел ішінде болып жатқан іргелі қоғамдық өзгерістер мен шиеленісе түскен геосаяси тартыс кезінде айрықша маңызды.
Қазіргі халықаралық ахуал қырғи-қабақ соғыстың ең қиын кезеңін еске түсіреді. Бірақ, шегіне жете буырқанған, мемлекеттер қатаң санкциялармен тірескен, жер жүзіне қандай кесірі тиетіні беймәлім болып тұрған бүгінгі жағдайды адамзат бұрын-соңды көрмеген теңдессіз қиындық деуге әбден болады. Сондықтан, біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен тілектестігін сақтаудың өмірлік маңызы бар.
Реформа жасап жатырмыз деген атақ үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз.
Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек.
Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады.
Бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы азаматтық қоғамды ұйыстыра алмайды. Сондықтан біз Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгерту үшін әр қадамды мұқият ойластыра отырып жасауымыз керек.
Мен бұл жерде, ең алдымен, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтып отырмын. Мұндай жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізеді.
Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын.
БІРІНШІ. Президенттің өкілеттігі туралы
Мен бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанда суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасты. Дамудың бастапқы кезеңінде мемлекетімізге мұндай үлгі қажет болды. Бірақ, біз бір орында тұрған жоқпыз. Қоғам да, еліміз де өзгеруде. Саяси жүйеміз жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс.
Қазір бізде барлығы Президентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Сол себепті мен Amanat партиясының қаңтар айындағы съезінде ұйымның төрағалығынан биыл бас тартатынымды мәлімдедім.
Партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн. Саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық. Саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажет.
Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осылайша, біз еліміздің болашақтағы көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз. Дәл сол сияқты, Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары және мүшелері міндетті түрде партиядан шығуы керек деген норманы да заңнамаға енгізген жөн.
Барлық өкілеттікті бір қолға шоғырландырған орталықтағы жағдай аймақтарда да қайталанатынын көріп отырмыз. Сол себепті әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында да лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполюсті партиялық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саяси және экономикалық қызметтің монополиялануы қаңтар оқиғаларының туындауына басты себеп болғаны бүгінде бүкіл қоғамға мәлім.
Біз қасіретті қаңтардан мынадай маңызды сабақ алдық: мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолында барлық өкілеттіктің шоғырлануы оған жақын тұлғалар мен қаржылық-олигархиялық топтардың ықпалын орынсыз күшейтеді. Сосын олар мемлекетті жеке меншігі сияқты көре бастайды.
Қай елде болса да, тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына әкеп соқтырады. Тамыр-таныстық пен рушылдық құрдымға бастайтынын нақты ұғыну қажет. Мұндай қарым-қатынас шағын ғана топтың шалқып өмір сүруіне жол ашады. Ал, өзгелерді өмірінің ешқандай болашағы жоқ екеніне біржола мойынсұнып, тек өлместің күнін көру үшін арпалысуға мәжбүрлейді.
Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады. Мұндай норманы Конституцияға енгізсек те артық болмайды деп санаймын.
Президенттің өкілеттігі неғұрлым көп болса, ол соғұрлым шексіз биліктің иесіне айналады. Мемлекет басшысы облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдері шығарған актілерді жоюға немесе ондай құжаттардың қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Бұл норма «қолдан басқарудың» орынсыз тәжірибесінің орнығуына әкеп соқтырады және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін әлсіретеді. Оның үстіне қазір Президенттің аудан, тіпті ауыл әкімдерін лауазымынан босатуға құқығы бар. Мұндай заң нормаларын жою керек.
Президентті тым көп өкілеттігінен айыру еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің тек ілгері басуын қамтамасыз етеді. Ұсынылып отырған бастамалар «ойын ережесін» түбегейлі өзгертіп, қоғамды одан әрі демократияландыру үшін берік негіз қалыптастырады.
ЕКІНШІ. Өкілді билік тармағын қайта құру
Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде, елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажет.
Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді өркендету ісіне белсене атсалысуға тиіс. Ең алдымен, Сенатты жасақтау тәртібін және оның бірқатар функциясын қайта қараған жөн.
Қазіргі таңда жоғарғы палата 49 депутаттан тұрады. Яғни, әр өңірден екі сенатор сайланады және 15 сенаторды Президент тағайындайды. Мұндай құрылым аймақтардың ерекшелігін ескеруге және заң шығару үдерісіне Мемлекет басшысының тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беріп келді. Өз уақытында бұл барынша озық әрі тиімді тәжірибе болды. Бірақ біз алға қарай қадам басуымыз керек.
Президенттің Сенаттағы квотасын бақылаудың құралы емес, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың үні мен ой-пікірін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Осы орайда мен Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту туралы шешім қабылдадым. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады.
Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі керек. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз. Менің ойымша, бұл – саяси жағынан да, заңдық тұрғыдан да дұрыс қадам. Бұл квота Сенатқа ауысады және 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды. «Аз болса да, саз болғаны» жақсы. Мұндай өзгеріс түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, Сенаттың жоғарғы палата ретінде жұмыс істеуін дұрыс әрі орынды деп санаймын.
Әлемде құрылымы унитарлы және Қазақстанға қарағанда халқы аз мемлекеттер жеткілікті. Соған қарамастан, бұл елдер қос палаталы парламент жасақтаған. Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ, Еуропада да осындай тәжірибе бар.
Ал, біздің Сенат әр өңіріміздің мүддесін қорғайтын палатаға айналуға тиіс. Соған сәйкес оның өкілеттігін реформалау қажет. Конституцияға сәйкес, Сенаттың Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдауға немесе қабылдамауға құқығы бар. Яғни, Мәжіліс іс жүзінде жоғарғы палатаның қарсылығын еңсере алмайды. Неғұрлым тепе-тең парламенттік жүйе қалыптастыру үшін бұл тәжірибені қайта қараған жөн.
Осы орайда, Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізген дұрыс деп санаймын. Соған сәйкес, заң қабылдау құқығы Мәжіліске ғана тиесілі болады.
Ал, Сенаттың өкілеттігін Конституциялық кеңес пен Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынылатын кандидаттарға келісім беру құқығымен толықтырған жөн. Бұл өзгеріс саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түседі, заң шығару үдерісін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, төменгі палатаның құзыретін кеңейту қажет.
Елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар. Бірақ, түрлі себептерге байланысты оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді. Сондықтан Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет.
Осы орайда Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге тиіс. Осылайша, Мәжілістің мәртебесі арта түседі.
Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн.
Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын. Қазір мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Осы ретте, заңнамаға Президенттің облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде ұсыну құқығын реттейтін түзетулер енгізу қажет. Осылайша, Президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды. Бұл – өңір басшылары жанама сайлау арқылы қызметке келеді деген сөз. Бірақ, Мемлекет басшысының аймақ басшыларын мәслихаттардың келісімінсіз орнынан босату құқығы сақталады. Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бәрі парламенттік мәдениеті жоғары және ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.
ҮШІНШІ. Сайлау жүйесін жетілдіру
Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз. Біз осыдан 15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда, оның жағымсыз тұстары да байқалды.
Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі.
Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады.
Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам – партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.
Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады.
Императивті мандатқа көшу де депутаттардың сайлаушылармен өзара байланысын нығайта түседі. Бір сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады. Бұл – халық қалаулыларына ықпал етудің тағы бір жолы. Осы ұстаным демократия дәстүрлерін едәуір нығайтады. Өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады.
Пропорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, саяси партиялардың рөлі сақталады. Олар еліміздегі азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретінде қала береді. Сонымен бірге бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, елімізді жаңғырту үдерісіне жұмылдыра түседі деп сенемін.
ТӨРТІНШІ. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту
Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты, біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек.
Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады.
БЕСІНШІ. Сайлау үдерісін жаңғырту
Халықаралық тәжірибеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі, яғни әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор. Соңғы жылдарда бұл үдеріске ақпараттық және технологиялық факторлармен бірге, коронавирус індеті де әсер етуде.
Көптеген елдер дауыс берудің баламалы түрлерін пайдаланып жатыр. Яғни, электронды, мерзімінен бұрын, қашықтан, көпкүндік дауыс беру тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, қажет болса, оны біртіндеп енгізген жөн.
Байланыс технологиялары қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда кандидаттар мен партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігінің маңызы зор. Бірақ, әлеуметтік желідегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнама арқылы реттелмеген. Соған қарамастан сайлау науқаны кезінде онда үгіт-насихат жұмыстары бәрібір жүргізіледі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін тиісті регламент пен ережені бекіте отырып, әлеуметтік желіде үгіт-насихат жүргізуге заң бойынша рұқсат беруді ұсынамын.
Сондай-ақ, байқаушылардың қызметін заңмен реттеу керек. Бұл институт та ашық сайлау жүйесінің ажырамас бөлігі саналады.
Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары да маңызды рөл атқарады. Былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгені белгілі. Осыған байланысты сайлау науқаны бүкіл еліміз бойынша үздіксіз үдеріске айналды.
Енді аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қараған жөн. Олар бұл іспен кәсіби түрде айналысуы қажет. Біз бір азаматтың екі рет дауыс беруін болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ азаматтарымыз кез-келген учаскеде дауыс бере алуы керек. Сол үшін сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру мүмкіндігін қарастыру қажет. Жекелеген тұлғалардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермеу үшін сайлау қорына салынатын қаржының жоғарғы шегін нақтылау керек. Конституция және халықаралық құқық бойынша Қазақстандағы кез-келген сайлау – біздің ешкім араласуға қақы жоқ ішкі ісіміз. Бірақ, бұл норма сайлау нәтижесіне шетелден ықпал етуге әрекет жасау ықтималдығын жоққа шығармайды.
Қазір әлемде түрлі гибридті қауіптер, оның ішінде сайлау технологияларын қолдану арқылы жасалатын қатерлер көбейіп келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, елімізде өтетін сайлауларға шетелдердің араласуына қандай да бір мүмкіндік бермеу үшін заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдауға тиіспіз. Сол үшін, ең алдымен, кандидаттардан бастап байқаушылар мен БАҚ-қа дейін, сайлау науқанына қатысушылардың бәрінің қаржылық қызметі барынша ашық болуын қамтамасыз етуіміз керек.
АЛТЫНШЫ. Құқық қорғау институттарын күшейту
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі. Алайда, белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беру қиындық тудыратын кездер болады.
Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын Конституциялық кеңес түсіндіреді. Бірақ, азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды.
Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез-келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын.
Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін. Сондай-ақ, институционалдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Оған қоса азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түседі.
Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мәселесіне менің айрықша мән беретінімді баршаңыз білесіздер. Еліміз 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Ал, былтыр мен бұл саланы ұзақ мерзімде және кешенді түрде дамытуға бағытталған Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы жарлыққа қол қойдым. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысуымен бұдан басқа да бірқатар заманауи бастамалар жүзеге асырылды.
Дегенмен, құқық қорғау мәселелері үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сондықтан өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажет деп санаймын.
Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуы маңызды. Қазіргі таңда осы мәселеге жауапты нақты бір орган жоқ. Мұндай жағдай белгілі бір тәуекелдер туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл құзыретті Бас прокуратураға беруді ұсынамын. Осындай ұстаным тергеудің объективті және бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмау қағидатын бекіте түседі.
Сонымен бірге қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Бұл ретте, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен тиімді күресу маңызды рөл атқарады.
Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдерге және балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендердің жазасын қатайту қажеттігін жиі айтып жүр. Мен бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтарды қылмыс санатына жатқызудың орынды, я орынсыздығын анықтау туралы нұсқау бергенмін. Бас прокуратураға бұл мәселені жан-жақты зерделеп, біржола шешуді тапсырамын.
Мен Прокуратура және Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңдар қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжаттар заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін қажет.
Барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекет осыған орай ауқымды жұмыс жүргізуде.
Кадр іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп, сот үдерісі мен рәсімдерінің ашықтығы біртіндеп арта түсуде. Бұл ретте, Жоғары сот кеңесі маңызды рөл атқарады. Осы құрылым Президенттің соттарды жасақтау жөніндегі конституциялық өкілеттігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, судьялардың тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауына кепілдік береді.
Кеңестің қызметі қоғам үшін толық ашық болуы өте маңызды. Бұған Жоғары сот кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн трансляция жасау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар мұндай конкурстардың қорытындыларын нақты дәлелмен түсіндіріп, жариялап отырған жөн.
Алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашады. Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Біз бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтеміз. Бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
ЖЕТІНШІ. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту
Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс.
Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты. Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек.
Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды.
Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн. Мен мұны журналистер қауымына арнайы айтып отырмын.
Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек.
Қоғамдық ұйымдардың қызметі елімізді орнықты және жан-жақты дамытудың тағы бір маңызды факторы саналады. Үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді.
Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді.
Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Сол үшін, ең алдымен, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттардың бәрі ашық талқылануын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға болмайды.
Біз елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет. Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз. Мен бірнеше рет олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатынмын. Дегенмен, бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті бар. Соны толығымен жүзеге асыру керек.
Биыл менің бастамам бойынша осы кеңестердің құрамы және жұмыс жоспары түбегейлі жаңаратын болады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақыл сөз бар. Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған.
Ұлытауда, Ордабасы мен Күлтөбеде өткен ұлы басқосулар – соның айқын дәлелі. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады.
Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырады.
Ұлттық құрылтайдың құрамында еліміздегі барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, бизнес өкілдері және тағы басқа азаматтар кіреді. Осылайша, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын өкілді құрылым қалыптасады. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде бас қосып отырады.
СЕГІЗІНШІ. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру
Сайлау жүйесіне, Парламентті жасақтау тәртібіне өзгеріс енгізген кезде елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын ескеру керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірнеше облыс біріктірілді. Оның сол кездегі саяси және экономикалық ахуалдан туындаған өзіндік себептері болды.
Қазір Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. Бүгінгі сын-қатерлер де, міндеттер де бөлек.
Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. Мен бұл мәселеге 2019 жылғы Жолдауымда кеңірек тоқталдым. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Осы орайда, еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды. Бұған дейін Шымкент республикалық маңызы бар қалаға айналды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп аталды. Бұл қай жағынан алсақ та, дұрыс қадам болды. Оны халық өте жылы қабылдады. Мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда осы үрдіс жалғасатынын айтқан едім.
Содан бері азаматтарымыздан көптеген ұсыныстар келіп түсті. Менің тапсырмам бойынша оның бәрі мұқият зерделенді. Халықтың қалауын ескеріп, мен бүгін бірқатар бастама көтергелі отырмын.
Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз.
Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.
Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше. Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз.
Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын.
Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп санаймын.
Жалпы, жаңа облыстардың құрылуы – көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. Кезінде облыс мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс сапасы төмендеп кеткені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді.
Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді. Жұрттың облыс орталығына барыс-келісін оңайлатады. Ішкі көші-қон мәселесін реттеуге септігін тигізеді.
Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуының ерекше мәні бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мәселен, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті – Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс, пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын.
Үкіметке әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты мәселелерді мұқият саралап, оны іске асыру жолдарын ұсынуды тапсырамын. Бұл – оңай шаруа емес. Оның бәрін жан-жақты ойластырып, байыппен жасауымыз керек. Бұл ұсыныстар облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдауға да мүмкіндік береді. Оларды қысқарту өңір тұрғындарының санына қарай жүзеге асырылады. Қалай болғанда да, әкімнің орынбасарлары үшеуден аспауы керек. Ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат беріледі. Президент Әкімшілігі бұл мәселені бақылауына алуға тиіс.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру.
Билікті орталықсыздандыру үдерісін тереңдете түспесек, саяси жаңғыруды табысты жүргізу және азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Біз нақты өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру ісін жалғастырамыз. Ең алдымен, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының міндеттерін тиімді ажырату қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі азаматтардың өзі тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз болатынын түсінуіміз керек. Өз қаласы, ауданы мен ауылына деген жауапкершілікті мойнына алуға қазақстандықтардың қашанда дайын екені анық. Адамдарды жете бағаламауға болмайды. Оларға қолдарынан келетін өкілеттіктерді беруден қорықпаған жөн.
Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет.
Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн. Қазіргі кезде ауылдық округтер жоғары тұрған әкімдерге толығымен тәуелді. Сондықтан мардымсыз қолдауға ие болуда. Әкімдер сайланатынын ескеріп, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тәсілін енгізген дұрыс болар еді.
Сондай-ақ олардың меншік базасын едәуір кеңейту қажет. Олар елеулі ресурстар иеленген соң ахуалға ықпал етеді, сонымен қатар жауапкершілік алады. Олай болмаған жағдайда, бұл өзін-өзі басқару емес, жай ғана алдамшы нәрсе болып шығады. Осыған байланысты қажетті дайындық жұмыстарының бәрін биылғы жылдың ортасына дейін аяқтау керек.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету, бюрократия мен формализмді жою маңызды қадам болмақ. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, берілген тапсырмаларды жүзеге асыру тәсілдерін пысықтауды және соның бәрін «Өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеу кезінде ескеруді тапсырамын. Сонымен қатар бұл саладағы халықаралық базалық құжат болып саналатын Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау қажет. Бұл шаралардың барлығы өз айналасындағыларды жұртшылықты толғандырған проблемаларды тиімді шешу ісіне жұмылдыра алатын, нағыз беделді, жауапкершілігі мол жергілікті көшбасшылардың шығуына септігін тигізетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығая түсуі өңірлерді дамыту, масылдық көңіл-күйді төмендету және еліміздегі демократиялық өзгерістерді орнықтыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
ОНЫНШЫ. Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы
Геосаяси ахуалдың қатты ушығып кетуіне байланысты Қазақстан қазіргі тарихымызда болып көрмеген қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келіп отыр. Қатаң санкциялық тайталас қазірдің өзінде жекелеген елдерді ғана емес, тұтас жаһандық экономиканы елеулі шығынға ұшыратуда. Ахуал жедел, тіпті сағат сайын өзгеруде. Әлемдік нарықта белгісіздік пен тұрақсыздық өршуде. Өндірістік және сауда жүйелері күйреп жатыр. Бірақ соған бола байбалам салуға негіз жоқ. Біздің елімізде ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті резервтер мен амал-тәсілдердің бәрі бар.
Үкімет дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін кешенді шаралар топтамасын тез арада жүзеге асыруға міндетті. Ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Бұл – біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы.
Соңғы кездегі оқиғалар теңге бағамына орасан зор қысым жасалғанын көрсетті. Мұны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Валюта нарығындағы тұрақсыздық жұрттың үрейленуіне, капиталдың елден шығарылуына, трансшекаралық «жасырын» ақша аударылымдарына байланысты болып отыр. Сондықтан, қаржы саласында өршіп тұрған жасанды сұранысты, соның ішінде сырттан келген сатып алушылардың белсенділігінен туындаған сұранысты азайту қажет.
Алдыңғы күні мен валютаны шетелге шығаруға шектеу енгізетін жарлыққа қол қойдым. Ірі институционалдық құрылымдар шетел валюталарын тек өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана сатып алып, сұранысты қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттің қатысуымен экспорттық валюта түсімдерін сату көлемін арттыру мәселесін пысықтаған жөн. Жер қойнауын пайдаланушы жеке сектордың да өз валюта түсімдерін сатуын күтемін.
Екінші деңгейдегі банктер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау барысында клиенттерінің валюта алуына бақылау және мониторинг жүргізуге тиіс. Банктердің осы талаптарды сақтауына қатаң бақылау жасаған жөн. Нарықтағы алаяқтық әрекеттер ешқашан да қорымыздағы қаржыны орынсыз «жаратуға» түрткі болмауға тиіс.
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл бағытта шешуші шаралар қабылдауы керек. Жалпы, ұтымды шешімдер қажет.
Аса тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды. Таяу уақытта бұл бағалар шарықтап кетуі де әбден мүмкін.
Осыған орай, егін егу науқанын сапалы өткізуге баса назар аударылады. Бірақ, көптеген шаруалар егіске әлі дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер бұл жұмысты ерекше бақылауға алуға тиіс. Шаруалардың қажетті жанар-жағар майды қолайлы бағамен алуын қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексерген жөн. Бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұмытпайық.
Жалпы, фермерлер қауымдастығымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау керек. Тапшылықтың және азық-түлік бағасының жөнсіз қымбаттауының алдын-алу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақты қорларға форвардтық бағалармен сатып алу мәселесін пысықтау қажет.
Алмағайып өзгерістер жағдайында мемлекеттік аппарат ахуалға тез бейімделіп, барынша үйлесімді әрекет етуге тиіс. Шешімді жайбасарлықпен қабылдауға, шенеуніктік формализмге жол берілмейді. Қазір толықтай жұмылуымыз қажет. Бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер әрі кеткенде үш күн ішінде, тіпті, қажет болса бір тәулікте қабылдануға тиіс.
Үкімет жанынан құрылған Жедел штаб ақпаратқа сол сәтте талдау жасайтын, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін Ахуалдық орталық сияқты жұмыс істеуі керек. Еліміздің дамуын мейлінше тежейтін шектен тыс бюрократиялануды жүйелі түрде жойып отыру қажет. Оның ауқымы ұлғайғаны соншалық, көптеген мемлекеттік құрылымдар өзін тек сонымен ғана байланыстырады.
Жақын уақытта мен Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қоямын. Бұл құжат мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қарап, заң шығару және бюджет үдерістерін оңтайландырудың бастауына айналады. Сонымен қатар, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқару ісіндегі жаңа құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуге жедел кіріскен жөн.
Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қалануға тиіс. Бұл біздің елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Құрметті отандастар!


Менің бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек.
Заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау – едәуір уақыт алатын күрделі жұмыс. Сондықтан, оған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Сондай-ақ, ішкі-сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек.
Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік.
Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірақ, заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Осы жолда жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет.
Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз.Отаншылдық рухы жоғары ел көздеген мақсатына қалайда жетеді.
Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді?
Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады.
Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз.
Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады.
Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын. Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс.
Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді.
Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін.
* * *
Бүгінде жер жүзінде геосаясаттың дүлей дауылы соғып тұр. Сондықтан мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және ұлттық мүддемізді қорғауды көздейтін стратегиялық бағдардан айнымауымыз керек. Негізгі міндет – осы!
Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.
Қазір саяси баррикадалар орнатып, әр мәселеге бола митинг өткізетін, күмәнді шешімдерге итермелеп, жөнсіз талап қоятын, міндетін орындап жүрген полиция қызметкерлерінің жағасына жармасатын уақыт емес. Осының бәрі халқымыздың әлем қауымдастығы алдындағы абыройын төмендетеді. «Қасіретті қаңтар» оқиғалары еліміздің беделіне елеулі нұқсан келтіргенін мойындауымыз керек.
Бейберекет саяси реформалар мемлекетті әлсіретіп, оның егемендігі мен тұтастығына зор залалын тигізуі мүмкін. Әлемнің арғы-бергі тарихында өз аумағының ауқымды бөлігінен айырылған, астаң-кестеңі шығып, берекесіздікке ұшыраған елдер туралы мысал жетіп артылады.
Жаңа Қазақстанды құру елді дамыту парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Біз әр қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз.
Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақты арттыратын басты фактордың біріне айналады.
Біз надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа және сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрамыз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге деген сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз.
Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз. Осылайша ғана өмірдің барлық саласын өзгертіп, реформалар дәуірін өз қолымызбен жасаймыз. Біз кез-келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін.
Сөзімнің соңында бір мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын.
Ең бастысы – еліміздің егемендігі! Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ.
Мені ең алдымен, халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын!
Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын!
Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!
121 5 маусымдағы референдум қорытындысы бойынша дауыс берушілердің 77,18 пайызының қолдауымен Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланды.
Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға келгендер 68,05 пайыз болған.
Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Түзетулерге азаматтардың 18,66 пайызы (1 490 470 адам) қарсы болған. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.
Негізгі өзгерістер:
• Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
• Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
• Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
• Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
• Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
• Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
• Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
• Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
• Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өткені хабарланған болатын. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтқан еді.
124 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым


№ 930
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 14 маусымдағы
№ 930 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық құрылтай туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай (бұдан әрі – Ұлттық құрылтай) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау болып табылады.
3. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері


4. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:
қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3. Ұлттық құрылтайдың құрамы


5. Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың Төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.


6. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайдың Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) болып табылады.
7. Төраға:
Ұлттық құрылтайдың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
Төрағаның орынбасарларына, Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары болып табылады, оның отырыстарының күн тәртібін бекітеді және Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.
10. Ұлттық құрылтайдың мүшелері:
Ұлттық құрылтайдың жұмыс органына Ұлттық құрылтайдың жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды дайындауға қатысуға;
Ұлттық құрылтайдың отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.
Ұлттық құрылтайдың мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқылы емес.
11. Ұлттық құрылтайдың хатшысы:
жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдар мен мамандарды белгіленген тәртіппен тартады;
Ұлттық құрылтай отырыстарының дайындалуы мен өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Төрағаның және Төраға орынбасарларының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Ұлттық құрылтайдың қызметін ұйымдастыру


12. Ұлттық құрылтайдың отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.


Егер Ұлттық құрылтайдың отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар болып табылады.
13. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстары Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
14. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстарын алған мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
15. Ұлттық құрылтайда талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық құрылтайдың отырыстарында қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады.
16. Ұлттық құрылтайдың отырыстарына Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық құрылтайдың мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

5. Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету


17. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы болып табылады.


18. Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы:
Ұлттық құрылтай отырыстарының күн тәртібі мен бағдарламасының жобасын қалыптастырады;
Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
Ұлттық құрылтайдың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;
Ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
Ұлттық құрылтай қызметінің шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

126 «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»


Н. Ә. Назарбаев
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
Бағдарламаның кезеңдері
• 2004-2006 жж.
• 2007-2009 жж.
• 2009-2011 жж.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет қаражатынан 1 391, 0 млн. жұмсалды, соның ішінде 2004 жылы 641,6 млн. және 2005 жылы 749,4 млн. Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына респ. Бюджеттен 1 873,6 млн.тенге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. тенге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. Тенге, қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. тенге, кітап серияларын шығаруға 262,9 млн. тенге қарастырылған. Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ бөліктерін жинау, тазалау және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар ат әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі қорық-мұражай («Есік» және «Берел») жаңадан құрылды. «Берел» қорық-мұражайының тек қана құрылысына 190 млн.тенге бөлініп, 1 әкімшілік ғимараты, 2 тұрмыс үйлер және 1 гараж салынып 2013 жылы бұл жұмыстар түгелдей аяқталды. Ғимарат аумағы қоршалды, ендігі қорымдар орналасқан аумақты түгелдей қоршау бойынша жұмыстар атқарылуда. Болашақта № 11 қорғанды мүзейлендіріп, аспан асты мұражайына айналдыру жоспарда бар. Мұражай құрылғаннан бастап, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, туристік ұйымдармен, мұражайлар, кітапханалармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен байланыстар жасалып, бірлескен жұмыстар атқарылуда.
2013 5 маусым үгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі.
«Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», - деді Марат Тәжин.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау;
• қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту;
• ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ.
Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде қайғылы, кейде мейірбан... бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты.
Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғанын жариялады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында - 2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын.
Бүгінде қалыптасқан мемлекет кезеңінде біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажет», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.
үгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйледі.
«Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», - деді Марат Тәжин.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау;
• қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту;
• ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ.
Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 5 жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде қайғылы, кейде мейірбан... бірақ та қашанда Тәуелсіздікке ұмтылысымен суарылған біздің халқымыздың тарихына өз көзқарасын айтты.
Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғанын жариялады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың жеті жылында - 2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан тарихы, археологиясы және этнографиясы бойынша 26 арнайы зерттеулер жүргізілді. Бірақ та мұның бәрі тарихи жадымыз бен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған біздің үлкен жұмысымыздың бастауы болатын.
Бүгінде қалыптасқан мемлекет кезеңінде біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды електен өткізіп, тұтастай ұлттық тарихи картинаны жасауымыз қажет», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.
1272014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады.
Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.].
Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады.
Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
128. Тарих ғылымындағы «тарихи сана» деген ұғымның мәні зор, тұтастай бір ұлттың сана-сезімін,тарихи жадын қалыптпстыратын тәрбие құралы – сол ұлттың төл тарихы екендігі даусыз
Сол себепті тарихты ұлықтау, оның сан ғасырлық тағылымдарына мән беріп жете игере отырып тәлім алу аса қажет мәселе. Тек сол уақытта ғана ұлттық сана нығайып таным арта түседі. Ал ұлттық санасы нығайған халықтың рухы асқақ келеді. Өзінің ұлттық құндылықтарын толық жадына түйген адам ғана болашаққа нық басып елінің дамуына сүбелі үлесін қоспақ.
Елдің мемлекеттік егемендігі және осыған байланысты жаңа әлеуметтік саяси жағдай қоғамдық және өзіндік санаға әсер етті. Тұмшаланған шекараның ашылуы және жаңа ақпараттар легі әлемге, оның халқы мен тарихына деген көзқарастарды өзгертті. Қазақстан тарихын КСРО-ның біртұтас тарихының бір бөлшегі ретінде емес, әлемдік тарих, Еуразия, көшпелі өркениет, түркі халықтары, Орталық Азия елдері дамуының контексінде қарастыру қажеттілігі туындады.
1995 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес, жаңа «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» қабылдады. Осы тұжырымдамада тарихты оқытудың өзекті мәселелері – тарихи ой – сананың басымдылықтары, тарих ғылымының кейбір мәселелері мен тарих ілімінің перспективалары қарастырылды.
Елдің дамуы, тарихы мен тағдырына байланысты Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біз ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.
Сонымен бірге мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында өзі қорытынды сөзінде айтқандай, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде оның жаңа қырларын айқындап тарихи сананы жаңғыртудың жолдарын көрсетеді. Ғылымның бүгінгі жетістігі тұрғысынан қарай отырып, ұлтымыздың арғы тарихын талдап меңгеруге шақырады. Мәдени мұра, тарих толқынында, Рухани жаңғыру бағдарламалары басталғалы жастарды ұмытылып бара жатқан төл халқымыздың әлемді таң қалдырған рухани және материалдық мәдениетіміздің үлгілері қызықтыруда. Осының бәрі жастарға эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің құралы болып отыр.
129. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.
Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.
I-ші Съез[өңдеу | қайнарын өңдеу]
І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.
II-ші Съез[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум аяқталғаннан кейін барлық дін лидерлері мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарғы қабатында залға көтеріліп өз портреттері астына естелік жазу қалдырды. Келешекте бұл жазбалар ІІ Съезд делегаттарының портреттерімен және олардың баяндамаларының дәйексөздерімен жеке кітап болып жарияланды. Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысты. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.
III-ші Съез[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келді. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты.
Делегацияларды дәстүрлі діндердегі синтоизм атынан жапондық Синтоистік шіркеу қауымдастығының вице-президенті Цунекие Танака, индуизмді - Индология және дінаралық сұхбатты зерттеу институтының төрағасы Шантилал Сомайя, даосизмді - қытайлық Даосизм қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, ал зороастризмді Бүкіләлемдік заратуштра мәдени мұрасы кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла бастап келді.Съезге құрметті қонақ ретінде белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Олардың ішінде Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелль Бондевик, БҰҰ Өркениеттер алянсы хатшылығының директоры Марк Шойер және тағы басқа лауазымды тұлғалар болды.
Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды.
IV-ші Съез[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2012 жылы 30-31 мамырда Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі болды. Форумның негізгі тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы» болып, онда 40 мемлекеттен 85 делегация қатысты. IV съез барысында діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті, онда басымдықтар мен диалог тетіктерін айқындауға және басқа форумдармен және халықаралық ұйымдармен мәдени және экономикалық өзара іс-қимылды ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.[1]
Съез қортындысы бойынша қатысушылардың үндеуі қабылданды. Бұл құжатта терең мағаналы рухани үндеулер көрініс тапқан. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты осы жер жарының болашағы үшін өзара іс-қимыл, бейбітшілік пен келісім, әділеттілік пен жасампаздық шақырды.
V-ші Съез[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2015 жылы 10-11 маусымда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астана қаласында өткізілді. Бұл іс-шараға 42 мемлекеттен 80-нен астам делегация келіп, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндия Президенті Саули Ниинистелер қатысты. Форумның жұмысына аса бір өзектілік берілгендігі сол уақыттағы әлемнің әр түрлі нүктелерінде этникалық және діни қақтығыстардың өршіп тұруы мен әлемде геосаяси қысымның жоғарылауы болды.
Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» болып белгіленді, себебі әлемде тыныштық пен келісімді орнатуға негізгі қадам ымыраға келуге дайын болу. Съезд жұмысының қортындысына сәйкес қатысышылар тарапынан бірлескен декларация қабылданып, түрлі елдердің барлық саяси және діни қайраткерлеріне 21 ғасырдың сын-тегеуіріндері мен қауіптеріне қарсы бірлесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жасалды[2].

130. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.


Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.
Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

Прагматизм[1] (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.


Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет