Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар.
1.Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері. Тарихнамасы және дереккөздері.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету
2.Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісі ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей жүрді. Адам баласы жер бетіндегі басқа тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты.
Ежелгі дүние деп адамдардың пайда болып, қалыптасқан жер шары бөліктерін атайды. Адамзаттың қалыптасуы да бүкіл жанды дүниенің пайда болуы мен тарихи дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай жүрген.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн – б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) – б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.
А) Олдувэй – б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.
Ә) Ашель – б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.
Б) Мустье – б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) – б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.
Мезолит (ортатас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) – б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.
Неолит (жаңа тас ғасыры) – б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит – голоценге жатады.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1. ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2. эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроптар мен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
3. ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
Номо сапиенс - бірден-бір кезекте өмір сүріп жатқан саналы адам түрі. Һомо сапиенс сөзі латынның "Ақылды адам" деген сөзінен жасалған болып[1], 1758 жылы Карл Линней оны алғаш қолданысқа енгізген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |