59-сұрақ. Алаш автономиясының және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы, жойылуы, тарихи мәні. Алаш автономиясы — Трансконтинеталды қазақ республикасы болған. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. Бұл Ресей Республикасының, одан кейін Кеңестік Ресейдің бөлігі болған ел. 1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-демократиялық мемлекетті құру. Ел солтүстігінен және батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстігінен Түркістан Автономиясымен, ал шығыстан Қытаймен шектеседі.
Алаш" сөзі - түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған.
Алаш үкіметі болашақта барлық Орталық Азиядағы түркі халықтарды біріктіріп, тәуелсіз ел құрғысы келді. Сондықтан, Алаш партиясы өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алайда, партия бұл идеяны ешқашан іске асыра ала алмай, басқа халықтардың зиялыларымен ортақ тіл табыса алмады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан Мұстафа Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
(1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ республикалық мемлекеті.[1]
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады.