Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар. Мәдениет және ғылым. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы



бет36/52
Дата18.12.2022
өлшемі165,98 Kb.
#163157
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
Тарих 100 сұрақ

65-сұрақ.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар. Мәдениет және ғылым. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжылдыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды.Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі,әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды дамуы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы,
дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылымның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады.
Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге
жаңа көзқарас қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) — ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен [1] Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды [2]. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен [3] ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен [4] "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.
66-сұрақ.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге көтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.
67-сұрақ.Қазақ ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: «Жастұлпар» бейресми ұйымдары. Қазақ жазушылары мен ақындары шығармашылығы-ның рухани маңызы. /М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы. Партия шешімдеріндегі тенденциялық волюнтаристік әрекеттер. И.Сталиннің «тұлғаға табыну» кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жарымшақ» сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі. Теміртау оқиғалары. Реформалық әрекеттердің толық емес сипаты. Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы. Оралман қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962).
Ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шаралары. Жоғары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Идеологиялық дағдарыс. Зиялы қауымның жасырын қарсыласуы, диссиденттік ортаныңқызметі.
Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі. Әкімшілік басқару нәтижесінде аграрлық сектордағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Орталықтың этнодемографиялық саясаты: ішкі көші-қон, төлқұжаттық режимнің қазақтардың ауылдан қалаға көшуіне кедергі болуы, «тіркеу», тілдік кемсітушілік және оны жүзеге асырудыңтағы басқа жолдары. Ақшаның құнсыздануы мен негізгі тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика», қылмыстық топтардың таралуы.
Экологиялық дағдарыс. Мәдениет және ғылым. Мәдени-рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі – әміршіл-әміршілдік биліктің күшеюінің салдары. Қазақтардың ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б. жазушылар мен ақындар шығармашылығының рухани жаңғырудағы маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет