Түсіну
тарихтың барлық кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын;
Отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін;
Отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану
тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау
себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды;
процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын;
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның даму үрдістерін;
қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Достарыңызбен бөлісу: |