|
|
бет | 2/9 | Дата | 27.10.2023 | өлшемі | 128,95 Kb. | | #188726 |
| Байланысты: «Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификаци-emirsaba.orgТүсіну
Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын;
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;
дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін;
Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;
Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін;
ұлттық біртектілікті сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын;
қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін.
Қолдану
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда;
Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын.
Талдау
Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып;
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;
Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді;
Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;
бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын.
Жинақтау
тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|