II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.