«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып


II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет10/12
Дата21.01.2022
өлшемі437,07 Kb.
#113197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци (1)

II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*


Тапсырма түрі*

Орындауға берілетін уақыт*

Балл*

Бөлім бойынша жалпы балл

XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті


7.2.1.1 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау

Қолдану

1

1

ҚЖ

6

6

6

Отарлау және ұлт-азаттық күрес


7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру

Білу және түсіну


1

2

ҚЖ

10

6

19


3

3-5

ҚЖ


9

5

7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

6

ТЖ

6

2

7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Қолдану

1

7

ТЖ

9

6

Барлығы






7

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


«Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған жиынтық бағалау

тапсырмалары
1. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлеріне сипаттама беріңіз.



Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлері

Сипаттамасы

Қонақасы




Асар




Үлкенге құрмет, кішіге-ізет




Ерулік




Құйрық-бауыр асату




Бата беру



[6]


2. Жарғы ережелеріне сәйкес әкімшілік буындарды жіктеп жазыңыз.


1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы"

1824 жылғы "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғысы"






[6]

3. 1822 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.

Хан, аға сұлтан, болыс, старшын, округ

Жауап ______________, себебі______________________________________________________

[1]

4. 1824 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.

Дистанция, бөлік, Эссен, старшын, ата-аймақ

Жауап_____________, себебі_______________________________________________________

[1]

5. Округтік приказдардың міндеттерін кестеге толтырыңыз.

Саяси салада

Экономикалық

Әлеуметтік









[3]
6. Төмендегі дереккөздерге сүйеніп, Кенесары Қасымұлының қызметіне баға беріңіз.

Қазақ ханы ретіндегі қызметі________________________________________________ [1]


Көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі _________________________________________ [1]
А дереккөзі

«Ол барлық жағынан ерекше адам болды. Өзінің қолдаушылардан әлдеқайда жоғары тұрған ол жеке бас даулары мен рулық қатынастардың шиеленісуін әрқашан әділ шешіп беріп отырды. ...Кенесарыдай шын мәнінде бүкіл қазақ ұлтының батыры болған басқа ешкімді де айта алмаймыз»



Коншин Н.

В дереккөзі

«... Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдаймендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сойдақожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi Қытай шенеунiгiмен және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы келмейтiнiн мәлiмдедi... Мұны естiгеннен кейiн Кенесары Iле өзенiн бойлап кейiн қарай көштi...»


Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы құжат.
7. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы болған көтерілістердің ортақ себептері мен салдарын жазыңыз.


Ортақ себептері

Ортақ салдары

1.

1.

2.

2.

3.

3.

[6]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлері

сипаттамасы

Қонақасы

Үйге келген қонаққа немесе жолаушылап келе жатып, жатар орынға тоқтаған кісіге берілетін ас-су

Асар

Ауыл тұрғындары мен ағайындардың ақы алмай, бірлесе жұмылып біреудің белгілі бір жұмысын бітіруге көмектесуі

Үлкенге-құрмет, кішіге ізет

Жасы үлкен кісілерді дәрежесі атақ-шеніне қарамай төрге шығару, жасы үлкенге кішінің бірінші сәлем беруі, ат үстінде болса, аттан түсіп амандасу, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, атын атамау

Ерулік

Басқа жақтан көшіп келген туған-туысқан немесе жаңа көршіні арнайы дастарқан жайып, ықылас танытып қонаққа шақыру

Құйрық-бауыр асату

Құда болған екі жақтың үлкендері ендігі жерде туыс болғандығын бекіту дәстүрі

Бата беру

Жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақтың қолын жайып, Жаратушы Алладан бақытты өмiр, материалдық байлық, әрбiр iсте табысты болуын тiлеу




6

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

2

округ- болыс- ауыл

3




дистанция- бөлік- ауыл

3

3

Хан, себебі 1822 ж реформа бойынша хандық билік жойылды.

1

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

4

Ата-аймақ, себебі дәстүрлі басқару жүйесіндегі әкімшілік аймақ.

1

5

Саяси салада- Округтегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-көрші орналасқан башқұрт, татар, қалмақтардың тарапынан шабуылды болдырмау,

1

Экономикалық салада- егін шаруашылығын дамытуға қамқорлық жасау-қазақ халқын отырықшыландыру, егін егетін шаруаларға көмектер беру

1

Әлеуметтік салада- халыққа білім беру ісін ұйымдастыру,округ аумағында мектептер ашу

1

6

Кенесарының хан ретіндегі рөлі: үш жүздің басын қосып, хандық билікті қалпына келтірді.

Кенесарының көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі: үш жүзді қамтыған отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырды.



2

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

7



Ортақ себептері

Ортақ салдары

1. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсылық

1. Көтерілістер жеңіліске ұшырады

2. Мал жайылымының тарылуы

2. Отаршылдық саясат жалғаса берді

3. Шұрайлы жерлердің тартып алынуы

3. Адам шығыны көп болды




6

Жалпы балл 25


III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут

Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:

КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар сұрақтарға білім алушылар көп жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма № *


Тапсырма түрі *

Орындауға берілетін уақыт*

Балл*

Бөлім бойынша жалпы балл

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Білу және түсіну

4

1-4

КТБ

8

4

10


7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

2

6-7

ТЖ

10


6


Қазақстан Ресей империясының құрамында

7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау

Қолдану


1

5

ТЖ

10

7

7


Қазақстан Ресей империясының құрамында

7.1.2.2 Қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

Қолдану

2

8-9

ТЖ

12

8

8


Барлығы







9

-

-

40

25

25

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған

жиынтық бағалау тапсырмалары
1. ХІХ ғасырда Сыр өңіріндегі қазақтарға қысым көрсеткен мемлекеттерді көрсетіңіз.


  1. Иран және Бұхар хандығы

  2. Қоқан және Иран мемлекеті

  3. Ресей және Иран мемлекеті

  4. Ресей және Орта Азия хандықтары

  5. Түркімен және Қытай мемлекеті

[1]

2. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағын анықтаңыз.

  1. Жетісуда

  2. Жайық маңында

  3. Маңғыстау аймағында

  4. Нұра өзені бойында

  5. Сыр бойында

[1]

3. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қаланы белгілеңіз.
А. Жаңақала 
В. Жаңақорған
С. Қазалы
D. Түркістан
Е. Шолаққорған [1]

4. Е. Көтібарұлының Ресей империясына қарсы көтеріліс барысындағы іс-қимылдарын анықтаңыз.

  1. әскери бекіністеріне өрт қоюы

  2. губернаторына шағым-хат жазуы

  3. казактардың қару-жарақтарын тәркілеуі

  4. салық төлеуден бас тартуы

  5. сауда керуендері мен жазалаушы отрядтарына соққы беруі

[1]
5. ХІХ ғасырдың ортасындағы отаршылдыққа қарсы көтерілістің себептері мен нәтижесін сипаттаңыз.

Көтерілістер

Себептері

Нәтижесі

Көтерілістердің ортақ себебі

Ж. Нұрмұхамедұлы көтерілісі










Ж. Тіленшіұлы көтерілісі







Е. Көтібарұлы көтерілісі







[7]

6. Қазақ хандығының отарға айналуына әсер еткен факторларға талдау жасаңыз.

Саяси фактор______________________________________________________________[1]

Әлеуметтік фактор__________________________________________________________[1]

7. Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуына байланысты пайда болған ұғымдарға сипаттама беріңіз.


Ұғымдар

сипаттама

казак




десятина




жарғы




бекініс




[4]

8. «Зар-заман» ақындарының өз жырларында көтерген мәселелерін анықтаңыз.

Зар заман ақындары

Шығармасынан үзінді

ХІХ ғасырдың зиялылары-ақындар көтерген саяси мәселелер

Дулат Бабатайұлы

«Аягөз қайда барасың?»

Айтуға ауыз келе ме?

Аягөз кімнің жері еді?

Жер сауырын жайлауды

Ел сауыры дер еді

Жер кімдікі дегенде

Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді?






Шортанбай Қанайұлы

«Мына заман қай заман?»

Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа.

Орыс – бүркіт, біз – түлкі,

Аламын деп талпынды.

Орыстан қорлық көрген соң,

Отырып билер алқынды.....

Бұхарға жетер күн болса,

Тыншытар ма едің ұйқыңды?





Мұрат Мөңкеұлы

«Үш қиян»

Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Қоныстың бар ма қалғаны?!




[3]

9. Қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын жазыңыз.

1_____________________________________________________________

2_____________________________________________________________

3_____________________________________________________________

4_____________________________________________________________

5_____________________________________________________________



[5]

Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

D

1




2

E

1




3

А

1




4

Е

1




5


Көтерілістер

Себептері

Нәтижесі

Көтерілістердің ортақ себебі

Ж. Нұрмұхамедұлы көтерілісі

Орта Азия хандықтарының шабуылдары

Жанқожа батыр Ақмешiтке дейiн жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекiнiс-қамалын басып алды. Жергiлiктi қазақтар Қоқан езгiсiнен азат етiлдi.

Ресей империясы

және Орта Азия хандықтарының

қысымына қарсы

Ж. Тіленшіұлы көтерілісі

Елек өзенi бойындағы жерлердi қайтарып алу

Көтерiлiс кезінде Жоламан 195 сарбазынан айрылды, 125 -і тұтқынға түсті, көтеріліске қатысқан ауылдарға өрт қойды.

Е. Көтібарұлы көтерілісі

Жем, Ырғыз бойына жақындаған орыс әскерлеріне наразылығы

Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген Есет батыр 1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт келiсiм жасасу жөнiндегi шартын қабылдады.




7

Білім алушылардың басқа да дұрыс жауаптары қабылданады




6

1.Саяси фактор: Қазақ хандары мен сұлтандарының билігінің әлсіздігі, сепаратизм

1

2. Әлеуметтік фактор: әлеуметтік руаралық тартыстар, жайылым жерлерге талас-тартыстар

1

7


1. Казак-Ресейге әскери қызмет көрсететін әскери-сословиелік топ

1

2.Десятина-1,09 га жер өлшемі

1

3.Жарғы-басқару ережесі, заң

1

4. Бекініс- тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан маңызды тұрақ.

1

8

Дулат Бабатайұлы-жер мәселесі, қазақ жерлерінің тартып алынуы

1




Шортанбай Қанайұлы-аға сұлтандар билігін мысқылдау, орыс отаршылдығын әшкерелеу

1

Мұрат Мөңкеұлы -Қазақстанның батысындағы Ресей империясы тартып алған аймақтар жайлы жазған.

1

9

1.Халықтың мұң-зарын тыңдап, халық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

2. Отаршылдыққа қарсы пікір білдірді.

3. Халықтың рухын көтерді.

4. Шығармаларында халықтың жағдайын жазды.

5. Жоғарыдағыларға халықтың жағдайы туралы ақпарат жеткізді.


5

Жалпы балл 25





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет