3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7-сынып
Білу:
- отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
- тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
- тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну:
- тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
- Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
- Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану:
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.
Талдау:
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
- Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
- проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
-түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау:
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
- қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау:
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
- әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
Достарыңызбен бөлісу: |