«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып



бет12/17
Дата18.05.2022
өлшемі0,68 Mb.
#143758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Ежелгі: 1. Қазақ даласында өмір сүрген сақ, ғұн, сармат, үйсін сияқты тайпалық бірлестіктер қазақ ұлтының этникалық қалыптасуының негізін салды. 2. Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, үйсін тайпасы мен бүгінгі қазақ ұлтының арасында этногенетикалық байланыс пен шаруашылық, мәдени ұқсастықтарды атап өткен.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

Ерте орта ғасырдағы: 1. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары ерте орта ғасырларда ұлт болып қалыптасуға дайын болды. 2. Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территорияны парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атағаны.

2

Дамыған орта ғасырларда: 1. ХІІІ ғасырда қазақ жеріне моңғолдар шабуыл жасап, рулық-тайпалық бірігу процесіне үлкен соққы берді. 2. Қазақ жеріне қоныстанған маңғыт, барлас сияқты моңғол тайпалары ассимиляцияға ұшырап, түркіленді.

2

Кейінгі орта ғасырларда: 1. Қоғамда ақсүйек әлеуметтік тобының құрамына кірген моңғол ұрпақтары бірнеше мемлекеттерге бөлініп, жеке дара билікке ұмтылды. 2. Көшпелі өзбектер мен моңғол мемлекеттерінің арасындағы қақтығысты өз мүддесіне пайдаланған қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек XV ғасырда қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Қазақ хандығын құрды.

2

2

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар:
1. Қазіргі қазақ даласындағы барлық ру-тайпалардың антропологиялық, мәдени этникалық ұқсастықтары күшейді.
2. Түркілерді жаулаған Моңғол империясының тайпалары түркіленіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетті.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымсыз жағдайлар:
1. Моңғол империясының жаулау саясатының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үдерісі 1,5 ғасырға кешеуілдеді.
2. Қазақ даласына келіп қоныстанған ру-тайпалардың антропологиялық тұрғыдан әртүрлі болды.

2

Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз:
Сақ, ғұн үйсін тайпаларынан бастау алады. Жергілікті тайпалардың бірін-бірі жаулап, өз мемлекеттерін құруы этникалық процестерді үзген жоқ. Тек моңғол империясының жаулап алу жорықтары ұлт болып қалыптасу жолында үлкен кедергі болды. Дегенмен қазақ жеріне қоныстанған моңғол тайпалары жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, түркілену процесі жүрді.

2



3

Мәдени: Салт-дәстүр,
Материалдық құндылықтар.

2




Генетикалық Шежіре,
Жеті ата.

2

4

Жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз құндылығын сақтау мәселесі өте маңызды. Себебі, қоғамда кейбір ұлттар ассимиляцияға ұшырап, өзінің мәдени құндылығын жоғалтып, тілінен айырылып жатқан жағдайлар көп кездесуде.
Осы мәселені қазақ қоғамында да алдын алып, ертеңгі ел болашағы болар жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді сіңіру маңызды. Әр балаға отбасылық құндылықты, ұлттық құндылық пен руханилықты сіңіру арқылы ұлттық кодтың мәдени саласын жан-жақты қалыптастырып, сіңіреміз.
Жеті атасын жетік біліп, шежіресін жан-жақты таратқан текті ұрпақ ұлтымыздың тарихының тереңіне үңілетіні анық.
Қазақтың ұлан-ғайыр даласы жүзден астам ұлттың Отанына айналып, бүгінде бейбітшілікте бір тудың астында өмір сүруде. Қазақстанды Отаным деген әр ұлттың басын біріктіретін құндылық ол туған жерге, Отанға деген зор сүйіспеншілік болып табылады.

6

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

5

хан

1


сұлтан

1

би

1

қарасүйек

1

1. Ақсүйектер қатарынан шыққан Шыңғыс хан тұқымы қазақ қоғамында хан, сұлтан қызметін атқарды. Ал қожалар ислам дінін таратушылар ретінде қоғамда ерекше орын алды.
2. Қарасүйектер мемлекеттің негізгі тобы болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы шаруашылықты дөңгелетуші шаруалар осы қарасүйектер қатарынан шықты. Сонымен қатар қол бастаған батырлар мен сөз бастаған билер де қарасүйектерден шығып отырған.

2

Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет