«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып


ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет11/17
Дата18.05.2022
өлшемі0,68 Mb.
#143758
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB

ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*

Тапсырма түрі*

Орындауға берілетін уақыт*

Балл*

Бөлім бойынша жалпы балл

Этника
лық және әлеумет
тік процес
тер



10.2.1.2 Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау

Қолдану

1

1

ҚЖ

10

8

30

10.2.2.2 Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

8

6

10.2.2.8 Туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

2

3-4

ТЖ

14

10

10.2.2.6 Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану

Қолдану

1

5

ҚЖ

8

6

Барлығы







5

-




40

30

30

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Мәтінді қолдана отырып, әр кезеңде қазақ жерінде ру-тайпалық жүйенің қалыптасуына дәлелдер келтіріңіз.




Б.з.б. І ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. ІІ ғ. 1-жартысында орын алды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
VI ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. Мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Екіншісі Қарахан феодалдық мемлекеті. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығысқан наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. XIII ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Сөйтіп, халық болып қалыптасу процесі 1,5 ғасырға дейін кешікті. Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылды.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. XIV-XV ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары этникалық жағынан біртұтастықа ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлініп, үш жүз пайда болды.
https://e-history.kz/kz/contents/view/411



Ежелгі дәуір

Ерте орта ғасырлар

Дамыған орта ғасырлар

Кейінгі орта ғасырлар

1
2

1
2

1
2

1
2

[8]

2. Қазақстан жеріндегі этникалық үдерістің қалыптасуын талдап, ой түйін жазыңыз.



Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар

Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымсыз жағдайлар

1.
2

1.
2.

Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз:



[6]

3. Берілген ұғымдардың қай бағанға сәйкес екендігін ажыратыңыз.



Мәдени код

Ұғымдар

Генетикалық код




Салт-дәстүр







Шежіре







Жеті ата
Материалдық







құндылықтар




[4]

4. «Ұлттық құндылықтарды асқақтатуда мәдени және генетикалық кодты сақтаудың маңызы» тақырыбында ой жазыңыз, маңызына баға беруде кілт сөздерді қолданыңыз.


Кілт сөздер: ұлттық құндылықтар, туған жер, ұлттық код, тектілік.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[6]

5. «Хан», «қарасүйек», «сұлтан», «би» ұғымдарын әлеуметтік стратификация бойынша орналастырыңыз.



1



2




3



4

[4]



«Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалана отырып, қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерін анықтаңыз.

1.

2.

[2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет