Тапсы
рма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша
ақпарат
|
1
|
Көшпелілер өркениетінің қалыптасуына әсер еткен
жағдайлар – Ауа райындағы өзгерістер. Себебі қуаңшылықтың әсерінен егін шаруашылығымен айналысу тиімсіз болды.
|
1
|
Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
|
Көшпелілер өркениетінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар - Мал санының көбеюіне байланысты адамдар
бірте-бірте көшпелі мал шаруашылығына көшті.
|
1
|
Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымды) - Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін Геродот және кейбір антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары былай сипаттайды: «Көшпелілер табиғаттың төл баласы сияқты өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің
жаман қасиеттерінен ада болып көрінді».
|
1
|
Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымды) - Л.Н.Гумилев:
«Көшпелілер түріктер мен моңғолдар өздерінің еліне және елі арқылы өтетін Еуропа елшілерінің қауіпсіздігін сақтап, дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы
монғолдардың жорығы болды».
|
1
|
Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымсыз) - Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби сынды ғалымдар:
«Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты.
Бұл арқылы көшпелілерді соғысқұмар ретінде бейнелейді.
|
1
|
Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымсыз) – қазіргі көптеген зерттеушілер көшпелілер қоғамы бір орында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын, болашағы жоқ қоғам деп
баға береді.
|
1
|
Көшпенділер мәдениетінің қаншама заман өтсе де сол баяғы бәз қалпында біздің уақытымызға дейін жетіп қана қоймай, дәстүрдің, тәрбиенің, көшпелілікке қатысты салт-сананың сақталуы әркімді де таң қалдырмай қоймайды. Жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып жер танып, әлем танып, өзіндік ғылыми көзқарастарын негіздегендіктен «көшпелілер өркениеті» деп аталған дұрыс деп ойлаймын/ Атқа отырған көшпенді өз жерінде емін-еркін қалаған жағына қарай қозғалған. Қазақ көшпенділері жолында ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып (моңғолдар оба тұрғызған), қала салған. Сөйтіп, көшпенділер өркениетін қалалық мәдениетпен біріктірген. Осы орайда көшпелілер тарихына үңілсек, тек қана мал шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен, қолөнермен және сауда- саттықпен айналысқан сан бағытты өркениет болып табылады.
Сондықтан «дала өркениеті» деп атаған дұрыс.
|
1
|
Кез-келген таңдау бойынша жазылған дұрыс жауап қабылдана ды
|
2
|
1-ақиқат
|
1
|
|
2-ақиқат
|
1
|
3-жалған
|
1
|
4-ақиқат
|
1
|
5-жалған
|
1
|
6-жалған
|
1
|
7-ақиқат
|
1
|
3
|
Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
1. Көшпелілер өркениеті ең алғаш малды қолға үйретті. Мал шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерді.
|
1
|
Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
|
Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
2. Көшпелілер өркениетінің материалдық мәдениет
саласындағы жетістіктері әлем тарихына өлшеусіз үлес қосты. Мысалы: садақ пен жебе, киіз үй, ат әбзелдері.
|
1
|
Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
3. Көшпелілер өркениеті Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, батыстың және шығыстың саудагерлері
«дала заңына» бағынуларына тура келді.
|
1
|
Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
1. Ұлы Жібек жолы қазақ жеріндегі рухани және материалдық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде шаруашылық саласындағы үлкен өзгеріс отырықшы
шаруашылықтың дамуы болып табылды.
|
1
|
Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
2. Қазақ жеріне әртүрлі діни наным-сенімдер ене бастады. Мысалы: буддизм, индуизм діндері.
|
1
|
Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
3. Теңіз жолының ашылып, Ұлы Жібек жолының маңызы төмендеуі, көшпелілердің экономикалық жағдайына кері әсер етті.
|
1
|
4
|
Таң қалдырғаны: Көшпелілер табиғатпен тығыз байланыста болды. Мысалы, ай мен күнге қарап уақытты білсе, жан-
жануардың іс-әрекетінен келер күннің ауа райын болжай алған.
|
1
|
мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауаптар қабылдана ды
|
Есте қалатыны: Көшпелілер өркениеті ұзақ уақытқа
созылған. Жүздеген ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бүгінгі күнге жетіп, оның маңызы артуда.
|
1
|
Резонансты Қазақ ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып қала салған. Осы кезде салынған
мазарлар бүгінгі күнде ұлтымыздың рухани орталықтары болуда. Мысалы: Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері.
|
1
|
Айқындайтын: Орталық Азия аймағында сан ғасырлар бойы көршілес өмір сүріп, ортақ мәдени дәстүрлері қалыптасқан туысқан халықтардың шаруашылық түрлері, мәдениеті
негізінен ұқсас, ортақ.
|
1
|
Мәнділігі: Археологиялық ескерткіштерді зерттей келе,
әртүрлі мәдениет дәстүрлерінің қарым-қатынас үдерістерін көруге болады.
|
1
|
5
|
Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды. Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты
|
5
|
мазмұнға сәйкес келетін кез-келген
|
|
динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. Олaрдың тiршiлiгiнiң мәнi – уaқыт пeн кeңiстiктiң тылсым сырын қaпысыз игeру, төрт түлiктiң бaбын экожүйемeн мiнсiз үйлeстiрe бiлу, көшпeлiлeрдiң өз тiршiлiгiнe сaй кeлeтiн мaтeриaлдық жәнe рухaни игiлiктeр қaлыптaстыруы, түптeп кeлгeндe, олaрдың төлтумa мәдeниeтiн орнығуынa ықпaл
жaсaды.
Көшпелілердің әлeмдiк өркeниeткe қосқaн үлесін келесідей топтастыруға болады: көшпeлiлeр кeңiстiктi еркін бағдарлады; көшіп-қону арқылы әртүрлі табиғат зоналарына бейімделіп, шаруашылықты дамытты; Ұлы Жiбeк жолы арқылы бір жағынан Батыс пен Шығыстың экономикасын дамытуға үлес қосса, екінші жағынан саяси байланыстарды дәнекерлеуші болды; қaзaқтардың aрғы тeктeрi әлeмдiк өркeниeттiлiктiң шaлбaр, aлдaспaн, киiз үй, күймe, мeтaлл өңдeу, зeргeрлiк, ұстaлық сияқты кәсіптерді алғашқы болып eнгiзді.
Қорытынды ой
Осы ақпараттардың негізінде көшпелілер әлемдік өркениеттер арасында өзара сұхбатты дамытып, біртұтас бүгінгі қоғамды құруда маңызды орын алғандығын көреміз.
|
|
жауаптар қабылдана ды
|
Барлығы
|
30
| ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін оқу мақсаты
|
Ойлау
дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны
|
Тапсырм а №
|
Тапсырма түрі
|
Орындауғ а берілетін уақыт
|
Балл
|
Бөлім бойынша жалпы
балл
|
Этника
лық және әлеумет
тік процес тер
|
10.2.1.2 Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан
аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
|
Қолдану
|
1
|
1
|
ҚЖ
|
10
|
8
|
30
|
10.2.2.2 Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
2
|
ТЖ
|
8
|
6
|
10.2.2.8 Туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде
«мәдени-генетикалық код»
ұғымын қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
2
|
3-4
|
ТЖ
|
14
|
10
|
10.2.2.6 Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін
«ақсүйек», «қарасүйек»,
«хан», «сұлтан», «би»,
«батыр» ұғымдарын пайдалану
|
Қолдану
|
1
|
5
|
ҚЖ
|
8
|
6
|
Барлығы
|
|
|
5
|
-
|
|
40
|
30
|
30
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
14
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Мәтінді қолдана отырып, әр кезеңде қазақ жерінде ру-тайпалық жүйенің қалыптасуына дәлелдер келтіріңіз.
Б.з.б. І ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. ІІ ғ. 1-жартысында орын алды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
VI ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. Мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Екіншісі Қарахан феодалдық мемлекеті. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығысқан наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. XIII ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Сөйтіп, халық болып қалыптасу процесі 1,5 ғасырға дейін кешікті. Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылды.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру- тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. XIV-XV ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары этникалық жағынан біртұтастықа ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлініп, үш жүз пайда болды.
https://e-history.kz/kz/contents/view/411
Ежелгі дәуір
|
Ерте орта ғасырлар
|
Дамыған орта ғасырлар
|
Кейінгі орта ғасырлар
|
1
2
|
1
2
|
1
2
|
1
2
|
[8]
Қазақстан жеріндегі этникалық үдерістің қалыптасуын талдап, ой түйін жазыңыз.
Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар
|
Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен
жағымсыз жағдайлар
|
1.
2
|
1.
2.
|
[6]
Берілген ұғымдардың қай бағанға сәйкес екендігін ажыратыңыз.
Мәдени код
|
Ұғымдар
|
Генетикалық код
|
|
Салт-дәстүр
|
|
|
Шежіре
|
|
|
Жеті ата
Материалдық
|
|
|
құндылықтар
|
|
[4]
«Ұлттық құндылықтарды асқақтатуда мәдени және генетикалық кодты сақтаудың маңызы» тақырыбында ой жазыңыз, маңызына баға беруде кілт сөздерді қолданыңыз.
Кілт сөздер: ұлттық құндылықтар, туған жер, ұлттық код, тектілік.
[6]
«Хан», «қарасүйек», «сұлтан», «би» ұғымдарын әлеуметтік стратификация бойынша орналастырыңыз.
4
[4]
«Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалана отырып, қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерін анықтаңыз.
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |