Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І тоқсан бойынша жиынтық бағалауғашолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалартүрлері: КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы