«Қазақстан тарихы»пәнінен тоқсандық жиынтық бағалауспецификациясы 9-сынып 2021-2022 оқужылы
Нұр-Сұлтан, 2021
МАЗМҰНЫ
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3
Ойлау дағдыларының деңгейі 4
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 6
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 31
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу
Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін.