«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау



бет11/11
Дата02.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#170850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«?àçà?ñòàí òàðèõû» ï?í³íåí òî?ñàíäû? æèûíòû? áà?àëàó

Шағын және орта бизнесті дамытудың басты мақсаттары мен нәтижелері қандай болмақ?
Шағын және орта бизнестің негізгі мақсаты бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

2




Пандемиядан кейін шағын және орта кәсіп саласында қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?

Менің ойымша көп адамдар пандемия барысында жасап отырған кәсібінің сапасы мен халықтың сұранысына сәйкестігіне бағалай алды. Алдағы уақыттарда кәсіпкерлер тұтынушыларды қанағаттандыратын кәсіп саласын дамытуды қолға алады деп сенемін. Қазіргі жағдайда бұл адамдар үшін алғашқы қажеттіліктер: азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім саласы болуы мүмкін.



2

Білім алушы басқа да жауаптарды жазуы мүмкін







Берілген жылдардағы халықтың табыс көлемінің артуына әсер еткен жағдайларды жазыңыз.
Мемлекетімізде қабылданған әртүрлі бағдарламалардың әсерлері бар деп санаймын. Мысалы: «Бизнестің жол картасы-2025», мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларының өсуі, студенттердің шәкіртақыларының көлемінің өсуі және т.б.


2013-2016 жылдар аралығында табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі не себепті өзгеріссіз деп ойлайсыз?
Менің ойымша, 2014-2015 жылдардағы қаржылық дағдарыстар мен Ресейге бағытталған санкциялардың әсері болуы ықтимал.

2

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

4

Мәдени мұра бағдарламасы


Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.
мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.


Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз. деректер базасы жасалды, ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленді.


Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.
Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.
Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

4

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

5


Рухани жаңғыру бағдарламасы


Бағдарламаның мақсатын жазыңыз.
сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген.


Бағдарламаның жүру барысынан мысалдар келтіріңіз. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық

5


Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады







патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.


Бағдарламаның қажеттілігін дәлелдеңіз.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.


Бағдарламаға қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Бағдарлама заман талабына сай, болашақта Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтай отыра әлемге танылуына мүмкіндік ашады.







Барлығы

30





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет