Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 45 минут
Балл саны - 30 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетінмақсат
Ойлау дағдаларының деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырм а№*
Тапсырма түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл
Бөлім бойынш абалл
Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991
жылдар)
9.3.1.1 қоғамдық-саяси
өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
Жоғары деңгей дағдылары
1
1
ТЖ
5
3
3
Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996
жылдар)
9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы
алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау
Жоғары деңгей дағдылары
1
2
ТЖ
7
5
27
9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру
Жоғары деңгей дағдылары
1
3
ТЖ
8
6
9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаутапсырмалары КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па? Өз пікіріңізді жазыңыз. Дәлел келтіріп, түсіндіріңіз.
[3]
Тарихи құжатпен және суретпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Тарихи құжатпенжұмыс 17-бап. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік символдары - елтаңбасы, жалауы, әнұраны бар.
Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы.
18-бап. Осы Заң Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациямен бірге Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілерінің нормалары аталған Заңға қайшы келмейтін болса ғана қолданылады.
Тарихи заңды құжаттың атауын жазыңыз.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Аталған заңды құжаттың неше бөлімнен тұратындығын жазыңыз.
Аталған заңды құжаттың тарихи маңызын жазыңыз.
B) Тарихи суретпенжұмыс
Берілген суреттің қандай тарихи оқиға барысынан үзінді екендігін анықтаңыз.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың атауы Қазақстан Ресупубликасы деп өзгертілген уақытты анықтаңыз.
[5]
Қазақстанның әлемге танылуына әсер еткен бастама болған тарихи оқиғаларды анықтаңыз.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін жазыңыздар.
Нарықтық экономикаға көшу себептері:
1.
2.
3.
Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қиыншылықтардың себептерін анықтаңыздар.
[8]
Қазақстандағы 90-жылдардағы дағдарыс кезіндегі әлеуметтік саланы сипаттаңыз.
2000 жылдардағы әлеуметтік саланың дамуын сипаттаңыз.
90-жылдардағы тұрғын үй құрылысын сипаттаңыз.
Жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының жағдайын сипаттаңыз.
[8]
Балл қою кестесі
№
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Менің ойымша, КСРО-ның ыдырауы заңдылық деп санаймын. Өйткені бірнеше жылдармен бойы жиналған әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлар өз шарықтау шегіне жетті. Қалыптасқан саяси жағдайлар дер КСРО-ның ыдырауына бастамашы болды.
3
Білім алушының басқа да
пікірлері қабылданады
2
А) Тарихи құжатпенжұмыс Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ. 1991 жылғы 16
желтоқсан.
Заң 7 тарау, 18 баптан тұрады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария еткен бірден-бір маңызды тарихи құжат болып табылады.
B) Тарихи суретпенжұмыс Президентті ұлықтау рәсімі. 1991 жыл, желтоқсан. Аламты қаласы.
1991 жыл, 10 желтоқсан.
Жоспарлы экономиканыңерекшеліктері: КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
Нарықтық экономиканыңерекшеліктері: Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Нарықтық экономикаға көшусебептері: Одақтас республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі.
Республикалардың арасында уақытында өнімдердің жеткізілмеуі
90-жылдары экономика деңгейі 55%-ға төмендеді.
Нарықтық экономикаға көшубарысындағы қиыншылықтардың себептерінанықтаңыздар. Басқа республикаларға қарағанда Қазақстанның шикізат саласы ескірген инфрастуктура, кәсіпорындар мен техникалық жабдықтар, экстенсивті дамыған ауылшаруашылығы дүниежүзілік стандартқа сәйкес келмеді.
Өндірістік қуаттарды, құрылыс нысандарын іске қосу күрт қысқарды.
Көлік байланысы 60%-ға қысқарды.
8
Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады
5
Қазақстандағы 90-жылдардағы дағдарыскезіндегі әлеуметтік саланысипаттаңыз. Нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы кезеңінде қазақ халқының басым бөлігінің өмір сүру деңгейі нашарлап, кедейшілік белгісі біліне бастады. Қоғамда табыс деңгейі бойынша ерекшеленетін әлеуметтік жіктелу жүрді, яғни дәулетті және кедей адамдар тобы қалыптасты. Әсіресе жалақылары төмен, әлеуметтік санатқа жататын топтың жағдайы қиын халде еді. Мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, бюджет қызметкерлері осы санатқа кірді.
2000 жылдардағы әлеуметтік саланыңдамуын сипаттаңыз. 2000 жылдың басында әлеуметтік саясат тұрақты экономикалық өсу жағдайында жүргізілді.
8
Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады
Зейнеткерлерге, ҰОС мен еңбек ардагерлеріне, көпбалалы аналарға, толық емес отбасына, жағдайы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету басты мақсат болды. Елдегі ақшаның құнсыздану көлемі 2002 жылы жеті пайыздан төмен мөлшерге түсті.
Тұрғын үй құрылысынсипаттаңыз. Нарыққа көшкеннен кейін тұрғын үй саласында айтарлықтай өзгерістер болды. 1993 жылдан бастап тұрғын үй алуға ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелер беріле бастады. Еліміз нарықтық қатынастарға енуіне байланыты адамдарды үймен қамтамасыз ету тоқтатылғанымен, мемлекет әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың үй алуына жағдай жасады. Мемлекет тарапынан ұзақмерзімді жеңілдікпен несие беру арқылы халыққа көмек берілді.
Жақын шетелдердегі қазақ диаспорасыныңжағдайын сипаттаңыз. Қазақ диаспорасы саяси және діни себептердің салдарынан күштеу немесе мәжбүрлеу сипатындағы көші-қонды бастан кешірді. Қазақ диаспорасы өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ өткен тарихтағы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі кезде Отаныннан тыс жерлерде, яғни Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде тұрады.
Қазіргі кезде түрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, сырттағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 5 млн-ға жуық.