«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


ХХ ғ. 40 ж. 2-ші жарт., 60 жж. басындағы Қазақстан



бет7/10
Дата25.08.2017
өлшемі1,32 Mb.
#26007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ХХ ғ. 40 ж. 2-ші жарт., 60 жж. басындағы Қазақстан

Дәрістің мақсаты: Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын көрсету.

Дәріс сұрақтары:
1.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

2.ХХ ғ. 40-шы жылдардың екінші жартысы мен 60-шы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы. Шаруашылық реформалар.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы.

Кеңес халқының бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт. 1947 ж. азық-түлік және өндірістік тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің жойылуы.

Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тыйым салу. Нарықтық қатынастарға қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы.

Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста тұтқынға түсіп оралғандардың ауыр жағдайы. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. 1946 ж. Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуы. Қ.И.Сәтпаев Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті. 1949 ж. қазақ жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағының берілуі. «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің жарық көруі және авторлары. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.

«Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы. «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі. 1952 ж. Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылуы. Орыс халқына қатысты бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. 1948 ж. КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша Қазақстан жерінде (Семей, Павлодар, Қарағанды обл. түйіскен жерінде) салынған ядролық полигон. 1949 ж. Семей полигонында өткізілген ядролық сынақ. Республикадағы транспорт жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).



Қазақстан Хрущев реформалары тұсында (1956-1964 жж.)

Сталиннің өлімі. Жоғарғы билік үшін күрес. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Партияның ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі «жылымық» кезеңі. Партияның ХХІІ-съезі, оның шешімдерінің волюнтаристік сипаты. «Американы қуып жетіп, басып озу!» ұраны. Ж.Шаяхметов Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы қызметінде. Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Понамаренконың келуі. 1954 жылы Қазақстанның «тың және тыңайған» жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. 1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанда жыртылған жер көлемі. Қазақстандағы тың игерудің экологиялық, экономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай. 1962 ж. Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытының тереңдей түсуі. 1959 жылғы «Теміртау оқиғасы». 1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігі және оның ұйымдастырушылары. Семейде қазақ жастары құрған ұйым. Қазақстан Коммунистік партиясының Беғазы атты қола және темір ғасырының керемет археологиялық ескерткіштерін ашқан белгілі тарихшы Ә.Марғұланның ғылыми көзқарасының «жалған» деп танылуы.Еңбегі лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғылымы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысында еңбекшілердің тұрмыс жағдайында қандай өзгерістер орын алды?

  2. Қандай түзету мекемелері мен лагерлерлер Қазақстан территориясында болды?

  3. 1950-1960 жылдары елдегі саяси жағдай қандай болды?

  4. Республика еңбекшілерін материалдық жағынан қамтамасыз етуде қандай өзгерістер болды?

  5. Н.С.Хрущевтің қызметіндегі реформалардың жартыкештігі неден көрінеді?

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 2.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.

3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

5.Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақә беттерінең. А., 1994.

6.Баишев С. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана. А., 1979.

7. Кунаев Д.А. О моем времени. А., 1992.
13 тақырып.

Қазақстан «кемелденген социализм» кезеңінде (1965-1985 жж.)

Дәрістің мақсаты: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін көрсету. «Кемелденген социализм» кезеңіне сипаттама беру. Осы уақыттағы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қайшылықтарды анықтау.


Дәріс сұрақтары:
  1. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.

  2. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қайшылықтар

1960-жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы. Л.И.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Идеологиялық саясаттағы консерватизм және экономикадағы реформалар. Д.А.Қонаев 1964-1986 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы. Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы. Өнеркәсіптің айқын шикізаттық бағыт алуы. Отын-энергетикалық комплексі, түсті және қара метал, химия және мұнай химиясы өндірістерінің дамуы. Өнеркәсіптегі машина жасау өндірісінің үлесі. Жұмысшы кадрлар санының өсуі, олардың әлеуметтік жағдайы. Республикадағы келеңсіз жағдайлар. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы. 1979 ж. Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылдануы, оның құрамына енгізілмек болған облыстар. 1979 ж. «Целиноград оқиғасы».

Қалалар. Урбанизация және оның салдары. Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігінің деңгейі. Тиімділік мәселесі. Халықтың тұрмыс-жағдайы. Тұрғын үй мәселесі. Экологиялық дағдарыстар. Арал теңізінің тартылуы. Семейдегі ядролық қаруларды сынау полигонының зардаптары. Батыс Қазақстандағы атом полигоны. Инфляция. Тұрмысқа қажет тауарлар дефициті.

Мәдениет және ғылым. Мәдени өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабының тағдыры. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы. Мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі. Қазақ тілін қолдану аясының тарылуы. Ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1974 ж. «Қан мен тер» пьесасының қойылуы, «Гүлдер», «Дос мұқасан», «Айгүл» ансамблдері «Жас тұлпар» қоғамдық бірлестігінің ықпалымен құрылған



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.1965 жылғы реформалардың мазмұны.

2. Ауыл шаруашылығының тиімділігі төменгі деңгейінің басты себебі неде?

3. Республика өнеркәсібінің техниккалық жағынан артта қалуы неден көрінеді?

4. ХХ ғ. 70-жылдарындағы ауыл шаруашылығының дамуындағы табыстар мен сәтсіздіктердің сипаттамасы.

5. Азық-түлік бағдарламасы қашан қабылданды?



Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

3. Кунаев Д.А. О моем времени. А., 1992.


14 тақырып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет