көшпелі малшаруашылығымен айналысты. Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы деректерде оғыздардың
Жент, Сауран, Сығанақ тағы басқа қалалары аталады. Малынан айрылған көшпелілер отырықшы
өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Біртіндеп ислам
діні де ене бастады.
985-інші жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын
талқандады. Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздардың территориясы оңтүстікте
Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Оныншы ғасырда Сырдариядан
Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы деп аталды.X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Әли
жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс cалынған
алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда
қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында
Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың
қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады.
Ақырында XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.
Достарыңызбен бөлісу: