Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Палеолит пен неолит аралығын қамтитын дәуір:
A) Мустье
B) Энеолит
C) Олдувэй
D) Ашель
E) Мезолит
|
2. Ерте темір дәуірінің Берел кезеңінің қамтыған мерзімі:
A) Б.з. III ғ. соңы
B) Б.з. II ғ. соңы
C) Б.з.б. V-IV ғғ.
D) Б.з. б. VIII-VII ғғ.
E) Б.з.б. III-II ғғ.
|
3. Х ғасырдың екінші жартысында бұлғарларға қарсы оғыздармен одақ құрған орыс кінәзі:
A) Ярослав
B) Владимир
C) Олег
D) Игорь
E) Мстислав
|
4. VI-IX ғасырларда қалалық мәдениет ерекше дамыған өңір:
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
|
5. Қасым хан дипломатиялық байланыс жасаған ел:
A) Ресей
B) Иран
C) Монғолия
D) Қытай
E) Ауғанстан
|
6. Есім хан билігі кезінде алғашқы қазақ-бұхар шайқасы болған жыл:
A) 1510 ж.
B) 1710 ж.
C) 1628 ж.
D) 1603 ж.
E) 1743 ж.
|
7. 1881-1883 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы:
A) Маңғыстау
B) Сарыарқа
C) Маңғыстау
D) Көкшетау
E) Жетісу
|
8. 1867-1868 жылдары әскери губернатор бекіткен Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны
A) Округтік сот
B) Билер мен қазылар соты
C) Шекаралық сот
D) Ақсақалдар мен старшындар соты
E) Қылмыстық сот
|
9. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан қазақ батыры
A) С.Нұрмағанбетов
B) Б.Момышұлы
C) С.Баймағанбетов
D) Ж.Елеусізов
E) Н.Әбдіров
|
10. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылған жыл:
A) 1934 ж.
B) 1944 ж.
C) 1928 ж.
D) 1937 ж.
E) 1931 ж.
|
11. Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстандағы саяси қудалау шараларының бірі:
A) «Алматы ісі»
B) «Ленинград ісі»
C) «Бекмаханов ісі»
D) «Дәрігерлер ісі»
E) «Қазақстан ісі»
|
12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі таратылған мерзім:
A) 1993 ж. мамыр
B) 1993 ж. желтоқсан
C) 1992 ж. желтоқсан
D) 1994 ж. ақпан
E) 1993 ж. қаңтар
|
13. Ежелгі үйсіндердің шығыстағы көршісі:
A) Қаңлылар
B) Массагет
C) Дауания
D) Ғұндар
E) Сармат
|
14. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген мерзімі:
A) V-VIIІ ғғ.
B) VІІІ-Х ғғ.
C) VІІ ғасыр
D) ІV ғасыр
E) ХІ -ХIІ ғғ.
|
15. Қазақ хандығын Тәуке ханның басқарған жылдары
A) 1538-1580 жж.
B) 1580-1582 жж.
C) 1582-1598 жж.
D) 1628(1629)-1652 жж.
E) 1680-1715(1718) жж.
|
16. Орта ғасырларда егіншілік өркендеген өңір:
A) Нарын
B) Шу
C) Қарақұм
D) Тарбағатай
E) Сарыарқа
|
17. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасын байланыстырған су жолы:
A) Талас
B) Іле
C) Сырдаря
D) Шу
E) Ертіс
|
18. 1989 ж. шілде айындағы Қарағанды шахтерлерінің саяси негізгі талаптарының бірі:
A) Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру
B) Қарағандыда қазақша балабақшаларды ашу
C) Қарағанды қаласын еркін экономикалық аймақ деп жариялау
D) Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару
E) Семей ядролық полигонын жабу
|
19. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді:
A) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңы
B) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңы
C) Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы заң
D) Қазақстан Республикасының Конституциясы
E) Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы заң
|
20. Дерек тарихи құжаттың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
«Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкін болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, қаулы қабылдадық:
1) Бізге еңбекақы ретінде босатылатын азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын.
2) Жалақының мөлшері көбейтілсін.
3) Ылғалы мол шалшықты зобайда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңсесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқ киіммен тегін қамтамасыз етсін.
4) ... тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ.-авт.) училищесі ашылатын болсын.
5) Қырғыз (қазақ.-авт.) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жақсартылсын»:
A) Парақша
B) Жарлық
C) Прокламация
D) Петиция
E) Манифест
|