III. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.
Сөзжұмбақ шешу.
Африканың бір елі.
«Африка» деп аталу себебі.
Ең ірі көл.
Ең ірі жануары.
Ең ірі сарқырамасы.
Ең терең көлі.
IV. Жаңа материалды меңгерту.
Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Эфиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, cауда, құрылыс ірі өркениет, мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар Александрия шамшырағы (маягы) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ, піл сүйегі мен ағаштан ойып жасаған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасаған мүсіндер көптен сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептейді.
Египет Африканың солтүстік-шығысында орналасқан, алып жатқан жер көлемі 101,4 мың км². Астанасы – Каир, халқы – 57,2 млн адам. Араб – негізгі мемлекеттік тілі, ұстанатын діні – ислам, басқару формасы – республикалы. Әкімшілік құрылыс формасы – унитарлы.
Ежелгі Египеттен бастау алған көрнекті сәулет өнері, бұл – ежелгі тас бетіне салынған таңбалардың дәстүрін сақтаған сәндік қолтаңбалы өнер.
Ежелгі Египет – өркениеттің бесігі, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі зор. III – VI перғауындар әулеттері тұсында қазір үстіне зор пирамидалар салынды. Пирамидалар Каир қаласының манындағы Ғазизда орналасқан. Осы жерде Хеопс, Хефрен пирамидалары бой түзген.
Ең үлкен пирамида б.з.б. 2800 жылы Хеопс перғауынға арнап салынған. Биіктігі – 146,6м. Пирамида ақ тастардан салынған. Құрылысқа 2300 үлкен тас жұмсалған, оның ең кішісінің салмағы 2,5 тонна.
Б.з.б. 4-жылдың өзінде-ақ Египеттіктерде білімнің түрлі саласы дамыған.
Сонымен қатар шаруашылықта қой, түйе, ешкі өсірумен айналысады, егіншілігі астық дақылдарымен бау-бақша, қант қамысы өсіріледі.
Пайдалы қазбаларына марганец, темір, фосфореит пен мұнаймен табиғи газға бай.
Халқы, негізінен, араб тілінде сөйлейтіндіктен, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты «Араб Африкасы» деп те атайды.
V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.
2. Карточкамен жұмыс.
VI. Қорытындылау.
Каир 1969 жылы өзінің 1000 жылдығын атап өткен. Ежелгі өзіндік сәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базанларымен ерекшеленеді.
VII. Үйге тапсырма.
Египет. 2-тапсырманы оқу, кескін картаға түсіру.
VIII. Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |