Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар



бет36/39
Дата01.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#194491
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
S 1241 tttilik 33 33 33

[өңдеу]Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік- демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.
[өңдеу]Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллары 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ доллорына жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ доллорынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ доллорына (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет