Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тұрғындардың қоғамдық құрылысын анықтаңыз: Рулық-тайпалық құрылым
Жеке меншік қалыптасты: Қола дәуірінде
Қола дәуірінің екі түрге бөлінетін тұрғын үйлерін атап көрсетіңіз: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.
Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей
С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған туындысы: «Қамар сұлу»
КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ» газеті
Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты: Е.Михаэлис
Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш.Құдайбердиев
Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға: А.Байтұрсынұлы
XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған: Ш.Құдайбердіұлы
1906 жылы патша үкіметі қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады
Ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын: Жамбыл Жабаев
«Қазақ» газеті шығып тұрған мерзім: 1913-1917 жылдардың аралығында
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінің» авторы: Ш.Құдайбердіұлы
XX ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор-Ташкент
1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мың
1853-1905 жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 4 млн. десятина
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптатырған оқиға: 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар
1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды: Орынборда
XX ғасырдың басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға
«Түземдік халық» арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы
XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы
1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен семей облысындағы уезд: Қарқаралы
Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл
1914 жылы Қазақстанға қоныстанған әр тілдес халықтардың санының бірден 211 есеге көтерілуінің себебі: Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен
1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: Мақта, ет, жылқы, түйе
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады: 1914 жылдың тамыз айынан бастап
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: Славян тектестер
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған ұйым: Кеңес Одағының коммунистік партиясы
1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: Соколов-Сарыбай комбинаты
Ж.Шаяхметовтің республиканың партия ұйымын басқарған жылдары: 1949-1954 жылдар аралығы
Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы
КСРО кезінде жергілікті өкімет билігі қолында болды: Еңбекшілер депутаттарының жергілікті кеңестері атқару комитеттерінің
Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы: «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы
БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы жарық көрді: 1946 жылы
Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарық көрді: 1947 жылы
Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы бойынша зерттеуге шек қойылды: Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы рухани мұрасын
Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болған, «Правда» газетінде жарияланған мақала: «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық»
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов бас еркіндігінен айрылды: 25 жылға
1950-ші жылдары көзқарасы ғылымға «жат» деп танылған ірі ғалым: Ә.Марғұлан
1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы: Ю.Домбровский
Сталиннің жеке басын айыптаған КОКП-ның съезі: XX -ші
1950 жылы жұмысшылар мен қызметшілердің орташа еңбекақысы: 62 сом
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері
1950 жылдарыдың басындағы ұжымшар мүшелерінің орта есеппен айлық жалақысы: 16,4 сом
1950 жылдары жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан маман жұмысшылардың азаюының басты себебі: Жергілікті ұлт өкілдерінің қалалардан жаппай ауылды жерлерге көшуі
КСРО кезіндегі барлық Одақтас Республикалардың ақша бірлігі: Сом
1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»
1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ»
1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов
КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Салалық ұстаным бойынша басқару
Ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан: Екібастұзда
Өзеннен алғаш мұнай алынды: 1965 жылы
Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында
Суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны: Арал теңізі
Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: Капустин Яр
1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны: 113
1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны: 343
1960-1980 жылдары түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан
1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт: Химия-металлургия зауыты
1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын: Трактор зауыты
Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Қарағанды, Шымкент, Өскемен
Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: И.Худенко
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: И.И.Бутков
А.П.Безактың отставкаға кетуіне байланысты оның орнына Н.А.Крыжановский тағайындалды: 1864 жылы
1867 ж.11 шілдеде ІІ Александр патша бекіткен ереже: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже»
Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен: Ш.Уәлиханов
1867-1868 жж. Реформа бойынша Ақмола облысына енген уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл
1867-1868 жж. Реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінді: болысқа
1867-1868 жж. ереже бойынша 100-200 шаңырақтың атауы: ауыл
1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек
Ресей үкіметінің Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: 1864 жылы
1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы рудың саны: ) 5 мың шаңырақ
Орыс әскерлеріне қарсы Бұхар хандығымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл
1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: Ресейдің
Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: атты әскер
1804-1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны: 48 мыңға жуық
Соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған полктердің саны: 40 кавалериалық полк
1812 жылы шілденің 6-ы күні Ресейде манифест-үндеу қабылдаған:І Александр
1812 жылғы Отан соғысы кезінде қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған: Б.Тілекұлы
1812 жылғы Отан соғысы кезінде елтон тұз өндірушілерінің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: бір миллион пұт
1812 жылы Ертіс шебінің полктері қатысқан қанды шайқас: Бородино түбіндегі
1812 жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс алған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы
1812 жылғы Отан соғысы кезінде көгілдір ленталы медальмен марапатталған: Қарынбай Зындағұлұлы
1 тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлына берілген орден: «Қасиетті Анна»
1812 жылғы Отан соғысы кезінде Башқұрт полкі құрамында қатысқан Әмен Байбатырұлы: жауынгер ақын
1812 жылы соғысқа қатысқан «шоқынған» қазақ: Яков Беляков
1886 жылы маусымда бекітілген ереже: «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы»
1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқан
1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінің басқару орталығы: Ташкент
1886 жылғы Ереже бойынша Ферғана облысына енген уезд саны: 5
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Дала генерал- губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының орталығы: Омбы
1886 жылғы Ереже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот: бітістіруші сот
1873 жылы Қазақстан алтын өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі: 12 пайыз
1849 жылы жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өткен жер: Көкшетауда
Өскемен кен өндірісінде ереуіл өткен жыл: 1888 ж
Жетісу өңіріне алғаш қоныс аударылған ұйғыр саны: 45 мың
1881-83 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы: Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі
Қазіргі Алматы облысының жерінде ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: 6
1867-1877 жылдардағы ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресі бағытталған әулет: Маньчжур-Цин әулеті
1905 жылы басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі: «Он екі мұқам»
Верный уезінің Жаркент болысындағы ауқатты ұйғыр көпесі: Вали Ахун Юлдашев
XIX ғасырдың 80 жылдары Жетісуға қоныс әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: 3 десятина
XIX ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы: Шыңжаң
1905 жылы «Он екі мұқам» басылып шыққан қала: Қазан
1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей
Семей облысынан шыққан Петербург университетінің степендиаты: Ж.Ақбаев
1868 жылы құрылған ститистикалық комитет: Түркістанда
1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала: Троицк
1878 жылы ашылған Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: А.Құнанбайұлы