XIX ғ. күйші Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі:«Жарым патша»
ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы: «Қырғыз» поэмасы
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні: С.Гросс
Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: Құнанбаймен
XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі: Шығыс,Орталық Қазақстан
Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны:Семей облысы қазақтарының рулық құрамы туралы
ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ғалым: Е.Михаэлис
1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған:М.Тынышпайұлы
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі: кен өндірісі
1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер: Успен кеніші
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл:1906 жыл 10 қаңтар
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған:Ш.Қосшығұлов
Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші:Н.Коншин
1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты:революцияны тұншықтыру
«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл: 1911 жыл
А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар:1910-1917 жылдар
М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы:«Терме»
1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері:600 мың сом
ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:20 тиын
І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50 % -ға дейін
1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер:Риддер кен байыту орны
ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының кітабы: «Мұсылмандық шарты»
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап»
Халық дастандарының ел арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттаған халық ақыны:Н.Байғанин
ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы:Естай
ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы:Үкілі Ыбырай
Абайдың аса дарынды шәкірті: Ш.Құдайбердіұлы
ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы: М.Шамсутдинова
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы:1909 жылы
Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты: Жаңа экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: Еңбек міндеткерлігі
1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салықтың негізгі ауыртпалығы мойынына түсті: Кулактар мен байлардың
Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: «Қосшы одағы»
1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: Тракторлар
1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: 41 млн
Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы болды: Кенді Алтай
Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: Риддер қорғасын зауыты
Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінеген өнеркәсіп саласы: Түсті металлургия
Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: Жеке саудаға
1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: Қарсақбай комбинаты
ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара: Сауатсыздықты жою
Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдары ндағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі: Халықты жаппай сауаттандыру
ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды: Қазақстан комсомолы
Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді: 1931 жылдың көктемінде
1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі: 1931-1932 жылдардағы аштық
Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: Қазақ педагогикалық институты
1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: Орал, Қызылорда
1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары: Ауылшаруашылық және медициналық
Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30-жылдары ашылған жоғары оқу орны: Қазақ кен-металлургия институты
Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі: 1920-1930 жылдар
1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым: М.Е.Массон
1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар: Зоологиялық, ботаникалық
1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: С.Асфендияров
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: А.Н.Самойлович
1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын: М.Жұмабаев
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы позияға серпін берген ақын-жазушы: С.Сейфуллин
М.Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны: «Батыр Баян»
С.Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы: «Тар жол, тайғақ кешу»
С.Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі: Азамат соғысы
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар: Ж.Саин, Қ.Аманжолов
ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны: Иса Байзақов
М.Лермонтовтың, А.Пушкиннің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын: Ж.Аймауытов
1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға: Сталиндік жазалау
«Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы: А.Затаевич
1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі: Ә.Қашаубаев
1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер: Ж.Шанин
1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме:Ұлттық қазақ театры
1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ театрында алғаш қойылған пьеса: «Еңлік – Кебек»
1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры: Ұйғыр музыкалық-драма театры
1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала: Қызылорда
1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі: «Амангелді»
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер: А.Жұбанов
П.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі: Ә.Қастеев
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші: К.Байсейітова
1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера: «Қыз Жібек»
1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары: Семей, Қарағанды
Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең: 1930 жылдары
А.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды: 1939 жылы
Қ.И.Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді: Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін
Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды: 1946 жылы
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Шымкент технология институты
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны: Авиация институты
Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: Б.Бұлқышев
Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина: «Абай әндері»
1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған С.Мұқановтың повесі: «Өмір мектебі»
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: Шет тілдер институты
КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары
Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов
Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры
Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны: 100-ге жуық
С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы
1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы
1920-1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауданы: Ембі мұнайлы ауданы
1920-1930 жылдары ғылыми тұрғыда зерттелген түсті металл кеніші: Ащысай қорғасын кеніші
1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм»
Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтбаев
Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова
Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны: 900-ден астам
Көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетіе зерттеген белгілі ғалым: Ә.Марғұлан
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән: Партия тарихы
М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай»
1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке»
1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде әдеби қауымның назарын аударған Ғ.Мұстафиннің орыс тіліне аударылған повесі: «Шығанақ»
Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов
«Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин
Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лаураеты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі
Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, 1946 жылы қойылған опера: «Біржан – Сара»
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов
Сталиндік жазалаудың құрбаны болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды: КОКП ХХ съезінен кейін
Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде
1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер: Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент
1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл»
Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарының жаңа түрлері – дәнүккіш, келі, балта, т.б. ойлап тапқан уақыт: Неолит.
Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру
Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан
Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар: Еуропа мен Азияның солтүстігінде.
Ғалымдардың айтуы бойынша бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2км.
Алғашқы адамдардың киім тігуге жіп орынына пайдаланған материалы: Жануарлардың сіңірлері
Алғашқы адамдардың киім тігу үшін инені қандай заттан жасағанын анықтаңыз: Үшкір сүйектен
Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қандай заттар екенін анықта: