8.Поляк ақыны «Қырғыз (Қазақ)» және «Дала» поэмасының авторы А С.Гросс В Г.Зелинский С Б.Залесский Д А.Янушкеевич Е В.Недзевский
9.Замандастары ұлттық манифест деп атаған «Оян, қазақ!» жинағының авторы А Ж.Аймауытов В М.Жұмабаев С Ш.Құдайбердіұлы Д М.Дулатұлы Е А.Байтұрсынұлы
10. ХІХ ғасырдағы Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке А Қоянды-Ботов В Тайыншакөл С Ойыл Д Темір Е Шар
Мәнмәтін тапсырма – Орталық Азия өркенитетінің ежелгі отаны Сырдария аймағы
Орталық Азия өркениетінің ежелгі ошағы Сырдария аймағы Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атаумен Авестада кездеседі, Ал Сыма Цянь оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман тарихшылары мен жағрапияшылары деректер қалдырды. Х ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Испиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарды.
Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 24-25 бб.
11. Мәнмәтінді пайдаланып, ежелгі дәуірде Сырдария аймағында өмір сүрген тайпаны анықтаңыз A Сақ В Үйсін C Қаңлы Д Ғұн E Сармат
12. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениет ошағының орталығы болған шаһарды анықтаңыз A Жент B Тараз C Баршынкент Д Фараб E Жанкент
13. Мәнмәтінді негізге алып, ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның орта ағысында құрылған ортағасырлық мемлекетті анықтаңыз A Қыпшақ хандығы B Қимақ мемлекеті C Қарақытай мемлекеті Д Қарлұқ қағанаты
E Оғыз мемлекеті