Қазақстан тарихынан тесттер жинағы.
1-нұсқа
1.Атлах шайқасы өткен жыл
А 756 жылы В 751 жылы С 754 жылы Д 758 жылы Е 750 жылы
2.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті құрылған жыл
А 1928 жылы В 1934 жылы С 1994 жылы Д 1996 жылы Е 2006 жылы
3.Ең алғашқы ашылған оқу орны
А техникалық В медициналық С педагогикалық Д көпсалалы Е халықаралық
4.Қазақтың соңғы ханы
А Кенесары В Қасым С Хақназар Д Тәуке Е Есім
5.Томирис бастаған сақтар кімдерге қарсы күресті
А парсыларға В қытайларға С түріктерге Д римдерге Е арабтарға
6.Түркістан генерал-губернаторлығының батысында орналасқан уезд
А Ташкент В Қазалы С Қарқаралы Д Ойыл Е Сібір
7.Оғыздарда 24 тайпа бар екендігін жазған
А Әл-Фараби В М.Көпейұлы С М.Дулати Д М.Қашғари Е Снегин
8.1993 жылы орын алған оқиға
А зейнетақы туралы заң жарық көрді В алғаш рет теңге айналымға шықты
С алғашқы университет ашылды Д ҚР тәуелсіздік алды Е ҚР алтын және алмаз қоры құрылды
9.Мемлекеттің шекарасын бөлі және белгілеу процесі қалай аталады
А урбанизация В социолизация С модернизация Д демаркация Е делимитация
10.Қазақ Ассамблеясы құрылған жыл
А 1991 жыл В 1995 жыл С 1992 жыл Д 1993 жыл Е 1994 жыл
Мәнмәтін тапсырма – Ғұндар
Аммиан Марцелин ғұндар туралы
Ғұндар күндіз-түні аттан түспейді, сауда-саттығын да ат үстінде жүріп жасайды. Олар елеулі істер жайында кеңесуіне тура келгенде, олар маслихатты да ат үстінде отырып жүргізеді. Ғұндар киіз үйлермен көшіп, өмірін сонда өткізеді.
Прииск ғұндар туралы
«Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр». «олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында бармен қанағат етеді».
Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. І мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайлардың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады.
Б.з.д V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндардың (қытайша «сюнну») мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер – шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Б.з.д ІV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарынының арасында ғұндарды алғаш рет атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |