Байланысты: Презентация Microsoft Office PowerPoint (3)
"Алаш" сөзі
"Алаш" сөзі – түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш – қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған.
Алаш үкіметі болашақта барлық Орталық Азиядағытүркі халықтарды біріктіріп, тәуелсіз ел құрғысы келді. Сондықтан, Алаш партиясы өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алайда, партия бұл идеяны ешқашан іске асыра ала алмай, басқа халықтардың зиялыларымен ортақ тіл табыса алмады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан Мұстафа Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді
А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарасындағы басты мәселелердің бірі - құқықтық мемлекет мәселесі. Ол құқықтық мемлекет қандай принциптердің негізінде құрылу керек деген мәселеге көп көңіл бөлді. Оның пікірінше, қазақ мемлекетшілігінде кәсіптік, рухани деңгейі жоғары, сайлаушылардың талабынан шығатын сауатты парламент құру керек. Ахмет құқықтық мемлекетте өкіметті, әсіресе, парламентті қалыптастыруда, қазақ елінің аса ұқыптылықпен қараудың керек екендігін талап етіп, кәсіптік негізде Заң шығаратын, билік жүргізетін азаматтарды сайлауды жан-жақты жақтайды. Ол былай деп көрсетті: «Сайлау көп үшін берілген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса...тексеріп, таңдап сайланса, сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай «мынау туғаным-туысқаным, я құда-құдағайым» деп, яки «мынау анадан пәлендей сомды артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол сайлау емес, құр талас, я сауда»