"Қазақстан тарихындағы "Алаш" көшбасшылары"


Ә.Бөкейханов өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында Кадет партиясының жерді жеке меншікке беру мәселесі, ұлттық автономияны қолдамайтындық көзқарастарымен келіспейтіндіктен шыққ



бет3/3
Дата27.11.2022
өлшемі390,39 Kb.
#160050
1   2   3
Байланысты:
Презентация Microsoft Office PowerPoint (3)

Ә.Бөкейханов өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында Кадет партиясының жерді жеке меншікке беру мәселесі, ұлттық автономияны қолдамайтындық көзқарастарымен келіспейтіндіктен шыққандығын айтады.

  • Ә.Бөкейханов өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында Кадет партиясының жерді жеке меншікке беру мәселесі, ұлттық автономияны қолдамайтындық көзқарастарымен келіспейтіндіктен шыққандығын айтады.
  • Таптық жіктелу мен пролетариат диктатурасына сүйенген Кеңес өкіметінің халыққа бостандық пен еркіндік әпермейтіндігін, ұлттық мемлекет құрмайтындығын, 13
  • еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік туралы Кеңес өкіметінің айтқандарының даурықпа сөз екендігін алаш зиялылары дер кезінде байқап, ондай өкіметті қолдамады, қарсы шықты. Ондай өкіметке Алаш зиялылары ұлттық тұтастық пен халықтың бірлік принципін қарсы қойды.
  • Отарлық езгіндегі қазақ сияқты халыққа ол кезде таптық жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу дұрыс екендігін Алаш жетекшілері түсінді. Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ, болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң 200 жылда, басына бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!» деп бірігуге ұлттық тұтастыққа шақырды

Алаштың көрнекті қайраткері Дулатов Міржақып 1885 жылы 21 қарашада Торғайдың Қызбел деген жерінде дүниеге келген. Екі жасында анасынан, он екі жасынан әкесінен айырылып, Асқар ағасының қолында өседі. 1897 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз школына қабылданып, онда бес жыл оқиды. 1902-1904 жылдары Торғай уезінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1904 жылы Омбыда Ә.Бөкейхан және А.Байтұрсынұлымен танысады. Осы кезден бастап белсенді саяси күреске араласады. Қарқаралы оқиғасынан соң, Ресей орталығында шыңдалуды көздейді. 1909 жылы Қазанның «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» атты кітабы шығады. Ұлттық манифеске баланған «Оян, қазақ!» пен тұңғыш қазақ романының авторы жаңа руханият ғимаратын тұрғызу шарасының жуан ортасында жүрді. Әдеби білімді өз бетінше алған Міржақып: «Адам ғылым мен өнер үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер адам үшін шыққан, адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. …Тіршілік – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді. …Дүниенің ісі осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді», – деген көзқарасты ұстанып, елге қызмет жасауға жұмылған жаңа руханияттың деңгейін көтеруге атсалысты. Қаламгердің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымы XX ғасырдың басында жетекші күшке айналған – ұлтты ұйыстыру және өркендету идеясын тиянақ етуші ағымды байытты. XX ғасырдың басындағы ілгерішіл руханият үшін Абай – сапалық деңгейге көтерілудің рәмізі болғандықтан, Міржақып та бұл құбылысқа өзінше қарады. 1908 жылы татардың «Уақыт» газетіне жазған «Ибраһим ибн Құнанбайф» атты мақаласында ол Ресей құрамындағы түрік халықтарын ұлы ақын мұрасымен, ғұмырбаянымен таныстырады. Қаламгер мұнда Абайды елшіл ақын ретінде көрсете алған. «Тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті. … Адамшылық ой-қиялы өте таза, милләтшіл, елін-жерін сүйген кісі еді», дей отырып, Міржақып ақынның осы қасиетін көрсететін өлеңінен мысал келтіреді. Дулатовтың Абай туралы екінші мақаласы Абай қазасының он жылдығын еске алу орайында 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрді.

  • Алаштың көрнекті қайраткері Дулатов Міржақып 1885 жылы 21 қарашада Торғайдың Қызбел деген жерінде дүниеге келген. Екі жасында анасынан, он екі жасынан әкесінен айырылып, Асқар ағасының қолында өседі. 1897 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз школына қабылданып, онда бес жыл оқиды. 1902-1904 жылдары Торғай уезінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1904 жылы Омбыда Ә.Бөкейхан және А.Байтұрсынұлымен танысады. Осы кезден бастап белсенді саяси күреске араласады. Қарқаралы оқиғасынан соң, Ресей орталығында шыңдалуды көздейді. 1909 жылы Қазанның «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» атты кітабы шығады. Ұлттық манифеске баланған «Оян, қазақ!» пен тұңғыш қазақ романының авторы жаңа руханият ғимаратын тұрғызу шарасының жуан ортасында жүрді. Әдеби білімді өз бетінше алған Міржақып: «Адам ғылым мен өнер үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер адам үшін шыққан, адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. …Тіршілік – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді. …Дүниенің ісі осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді», – деген көзқарасты ұстанып, елге қызмет жасауға жұмылған жаңа руханияттың деңгейін көтеруге атсалысты. Қаламгердің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымы XX ғасырдың басында жетекші күшке айналған – ұлтты ұйыстыру және өркендету идеясын тиянақ етуші ағымды байытты. XX ғасырдың басындағы ілгерішіл руханият үшін Абай – сапалық деңгейге көтерілудің рәмізі болғандықтан, Міржақып та бұл құбылысқа өзінше қарады. 1908 жылы татардың «Уақыт» газетіне жазған «Ибраһим ибн Құнанбайф» атты мақаласында ол Ресей құрамындағы түрік халықтарын ұлы ақын мұрасымен, ғұмырбаянымен таныстырады. Қаламгер мұнда Абайды елшіл ақын ретінде көрсете алған. «Тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті. … Адамшылық ой-қиялы өте таза, милләтшіл, елін-жерін сүйген кісі еді», дей отырып, Міржақып ақынның осы қасиетін көрсететін өлеңінен мысал келтіреді. Дулатовтың Абай туралы екінші мақаласы Абай қазасының он жылдығын еске алу орайында 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрді.

ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтқанда, қазақ халқының тәуелсіздігі, еркіндігі, теңдігі, ұлт азаттығы жолындағы күресте Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай т.б. Алаш зиялыларының алатын орны ерекше. Олар өз халқының мұңын жоқтаған, сол жолда бар білімін, күш-қайратын жұмсап, халқы үшін заман тауқыметін тартқан біртуар азаматтарымыз халқымызда мәңгілік орын алады. Алаш зиялыларының азаттық, теңдік, тәуелсіздік туралы армандары қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында орындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет