Қазақстан тарихнамасы (ХҮііі-хх ғғ. бас кезі)



Дата07.02.2022
өлшемі40,1 Kb.
#82468
Байланысты:
срсп


Қазақстан тарихнамасы (ХҮІІІ-ХХ ғғ. бас кезі)
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.[1]
Көрші мемлекеттермен өзара қатынастар
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.[2]
Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді.[3].
В.А. Моисеев өзінің соңғы еңбектерінде бұрынғы көзқарастарын едәуір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазақ тарихшылары мен публицисттері еңбектерінде Орыс мемлекеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», қазақтардың Жоңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына арандатып, ойраттарды қарумен жабдықтаған және оларды қазақтарға айдап салған сияқты». В.А. Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақ халқын ойраттардың басып кіруінен қорғап, шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас ұстанған».[4]. Алайда ресей-ойрат қатынастарының тарихын мұқият зерделеу XVIII ғасырдың 30-жылдарында Ресей дипломатиясының отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дәлелдейді. Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақтары ханының Жоңғар хандығына қарсы соғыс ашуына тыйым салды. Тек 1742— 1743 жылдары Сенат, одан соң Орынбор комиссиясының бастығы И. Неплюевтің ойрат әміршісінің ордасына жіберген К. Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын сол кезде-ақ Ресей бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін 11—12 жыл өткен соң ғана қазақтарды қолдаған. Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы саясатының әскери-стратегиялық мәні қазақ хандықтарының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекет деп түсіндірілді.[5].
Империяның отаршылдық саясатына, И.Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің, П.Ступиннің және басқаларының әскери-барлау экспедицияларына «бейбіт» сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар «ғылыми», танымдық мақсаттарда ғана жүргізілген деп пайымдалып келді. И. Д. Бухгольцтің және басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы жөнінде басылымдарда оны орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған. Ал шынына келгенде, Ресейдің әскери экспедициялары ежелден бері қазақтардың иелігіндегі, сол кезеңде жоңғар басқыншыларының бақылауында болған жаңа аумақтарға бекіністер салып, Ресейдің иеліктері етіп бекітті. Ресейге қосылу немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблемалары. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты «құқықтары» мен «міндеттерін» іздеп табуға тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді. «Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз әсте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас құлшыныспен жасалған жоқ - деп баяндалады бір ресми құжатта. — Біз Шығысқа өркениеттің болмай қоймайтын табиғи заңымен беттеп барамыз: білімді халық жабайылармен ешқашанда қатар өмір сүре алмаған және алғашқылары қолында күш-қуаты барын сезінсе, соңғыларына олардың арасында мемлекет пен қоғам туралы жалпы адамзаттық ұғымдарды сіңіру үшін жол салушылар жіберіп отырған. Біздің даңқты әскерлерімізді Орта Азиядағы осындай жол салушылар деп санау керек екені даусыз».[6]
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді. «Ресей сол кезде де, кейінде де сөздің толық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып көріңіздерші» деп сұрайды тарихшы В. Виноградов пен Ресей Сыртқы істер министрлігі тарихи-дипломатиялық басқармасы бастығының орынбасары И. В. Филатов «Отанымыздың өткен кезеңіне, Ресей империясының тарихына шолу жасағанда» деген мақалада.[7] Бұл да бұрын жазылып келгендерге қайшы келеді. Бұл сұраққа өз кезінде Ресей тарих ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О. Ключевский жауап қайтарған болатын. Соңғысы «Ресейдің тарихы — отарланушы елдің тарихы» деп әбден айқын жазған еді.[8]
Қазақстанның Ресейге «қосылуының» жекелеген мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Кұнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан. Ш.Уәлиханов ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттілік пен державашылдылыққа тандаулылардың құқығы туралы еуропентршіл идеясымен қаруланған еді. Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп, Ш.Уәлиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпелілері туралы «мал сияқты тұрпайы варварлар» деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды. «Біздің әдеттен тыс жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір, — деп жазды ол, — қырғыз-қайсақ деген сөздің ауызекі варваризміне ғана негізделген. Шынын айтқанда, қазақ халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш, демек, онша жабайы емес бұратаналары қатарына жатады». Ғалымның пікірінше, оның бабалар тұрмысын бейнелейтін рухани мұрасының, әдет-ғұрыптарының, Гомердің поэтикалық аңыздары сияқты тарихи қадір-қасиеті бар. Ол «халықтың өткендегі тарихи және рухани өмірінің толық көрінісін» бере алады. .[9]
Ш. Айтматовтың анықтауына қарағанда, «ақын, діндар, пайғамбар және ағартушы, ғаламат ойшыл, надандық пен адам кемшіліктерін әшкерелеп, кемсітілгендер мен қорланғандардың тағдыры үшін күйінген, әділдікті өз бойында ұштастыра білген» [10] ұлы Абай нақыл сөздерінде ұлттық дамудын басты-басты бағыттарын таратты. Ол отарлау кезінде халық ділінің өзгергенін көрсетті. Бұрынғы ұлылық — батырлар заманы келмеске кетті. Құлдық психология, надандық рухани бейшаралық кұлқы жеңіске жетті. Абай «бірін-бірі қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандықты армандады».[11] Абайдың бүкіл поэзиясының мағынасы оның өз халқын аңсаған мақсатына өркениетті халықтардың жетістіктеріне араласуға шақыру болды:
Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Абай бастап, жол салып кеткен қазақ қоғамының жай-күйіне талдау жасау, отар халықтың кемшіліктері мен осалдықтарын хатқа түсіріп сынау алаш реформаторлары ұрпағының тарихи аренаға шығуына дайындық жасап берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес сәтсіздікке ұшырап, Қазақстан империяның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империя ауқымды шабуылға шығып, шет аймақ халықтарын орыстандыру жүріп жатқан кезеңде ұлттың прогресшіл көреген қайраткерлері (Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері) тауқыметтің ең ауыры — туған халқын ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр болды. Отандық тарихнаманың алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің есімдерімен байланысты орасан қалың қабаты кеңестік тәртіп басқарған ұзақ жылдар бойында мүлде игерілмей келген еді. Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасы ең алдымен Ә. Бөкейхановтың еңбектерінде мейлінше толық және тұтас көрініс тапты. Автор «Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде «қосылу», «өз еркімен» деген терминдерді мүлде қолданбайды, керісінше, «жаулап алу», «бағындыру» деген терминдерді қолданады, Кіші және Орта Ордалар қазақтары «оңтүстіктегі жаулары Горькая шебіне дейін тықсырғандықтан, орыс билігін тануға мәжбүр болды» деп атап көрсетеді. Бұл тақырыпты жалғастыра келіп, Ә. Бөкейханов XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейін «барлық қазақ рулары біртіндеп орыс билігін мойындады» деп атап өтеді.
Ә. Бөкейханов еңбектерінің XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз. Ә. Бөкейханов былай деп жазды: «XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап солтүстіктен жаңа халық — славяндар келе бастады; олардың мәдениеті сол кездегі Қырғыз өлкесі билеушілерінің мәдениетінен жоғары болатын, сондықтан жергілікті халық өз өлкесіндегі үстемдікті келімсектерге беруге тиіс болды». Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов екі кезеңге: мұнда ерікті отарлаушылардың пайда болуына және олардың ізімен үкімет жасақтарының келе бастауына бөледі. «Ерікті отарлау, — оның пікірінше, — осында сол кездегі ауыр тұрмыс жағдайларынан қашқан немесе қорғансыз бұратаналар есебінен оңай баю үшін шаруалардың, кылмыскерлердің, сектанттар мен басқа да әр түрлі тобырлардың келуімен жасалды. Бұл жөнінен оларға оңтүстік Орал мен біздің өлкеміздің солтүстік-шығысы ерекше қатты ұнады. Беймәлім елдерге тереңдей еніп, ілгері қарай қозғалумен жалғасқан «жер шолу» туралы ой осы тұста туды. Бұл қозғалыстың қаншалықты күшті және кұдіретті болғанын аты-жөні жоқ еріктілер толқынының небәрі екі жүз жылдай уақытта (1560—1750) Оралдан Камчаткаға дейін, Березовтан Алтайға дейін бүкіл Сібірді баса-көктеп жүріп өткенінен білуге болады. Осындай толқын тармақтарының бірі — солтүстіктен Ертіс бойымен және Бараба даласынан, екіншісі — оңтүстік Оралдан Жайық өзенімен оның салаларын бойлап Қырғыз өлкесіне келді. Соңғы қозғалыс ерте басталды, бірақ Ертіс бойымен отарлау тезірек жүргізілді, өйткені бұл толқын күштірек болатын; табиғи байлықтарының арқасында Ертіс өлкесі мен Алтай отаршылдар көзіне өте бағалы көрінді, сөйтіп олар осы жаққа көбірек жіберілді. Мұны орыс үкіметі де ұғынып, оған кейіннен басты әскери күштерін жіберді. Төменіректе біз үкіметтік отарлау (және жаулап алу) еріктілердің ізімен жүргізілгенін және былайша айтқанда, оны заңдастырғанын көреміз; кейбір жағдайларда үкіметтін белгілі жер учаскесін еріктілер сол кезде-ақ басып алғандыктан, оны өзінікі деп тануына ғана тура келді».[12]
Әлихан Бөкейханов өзінің Қазақстан тарихы және жер пайдалану нысандарының дамуы мәселелері жөніндегі еңбектерінде өлкенің солтүстік-орталық және шығыс бөліктерін жаулап алу мен отарлауды бөлек алып қарастырады.
«Есіл—Ертіс өлкесінде орыс адамдарының келген жылын қай жылға жатқызу керек екенін дәл айту қиын, — деп жалғастырады ол ойын. — Солтүстік Сібірдегі сияқты, мұнда да өлкені жаулап алудың алдында терісі бағалы аң аулауды кәсіп еткендердің, ал кейде бұратаналарды жай ғана тонап кету үшін келіп-кетушілердің болғаны анық. Орыс отарлаушыларының қандай да бір арнайы (талап-тонаудан басқа) мақсатпен бірікпеген еріктілер тобырын құраған осы жекелеген алдыңғы бастаушылары алғашқы кезде бұратаналар тарапынан, сірә, ынтымақты тойтарыс таппағанына қарамастан, отарлаудың сенімді тірегіне айнала алмады». Сөйтіп Ә. Бөкейхановтың пікірінше, Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау (ерікті түрде және үкімет арқылы) мен жаулап алудан тұрады. «XVIII ғасырдың аяғында (біздің жоғарыда байқағанымыздай) Қырғыз өлкесі көшпелілерінің едәуір бөлігі орыстардың билігін мойындап, орыстар шегінде көшіп жүрді. XIX ғасырдың басынан бастап үкімет жаулап алынған өлкені нығайту жайын ойластырды». Ә. Бөкейханов өзінің барлық зерттеулерінде «жаулап алу» деген ұғымды қолданып, сол арқылы XVIII—XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарының барысында қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды сипаттайды.
Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. «Өлкені бағындырған соң, — деп жазды ол, — орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі әмірі күмәнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін — бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады». Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден, ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл тұрғыда көптеген еңбектер ішінен Т. Рысқұлов, X. Досмұхамедов, П.Г. Галузо, С. Мендешев, Ғ. Тоғжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап өту керек.
П.Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П.Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. «Отар Түркістан» («Орыс патша өкіметінің Орта Азиядағы отарлау саясаты тарихының очерктері») деген кітабында ол былай деп жазды: «Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендей кіруі XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ басталған болатын.Орыс патшалары елге ентелей әрі толассыз дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды...».[13] Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең алдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.
Орта Азияға қарай ілгерілеуді біз ұлы державалардың «олжа бөлісу жөніндегі» «империалист жарыс» ағыстарының бірі деп қарастыра аламыз. Әрине Ресейдің крепостник-помещигі ең алдымен отарды өзі үшін басып алды, бірақ шынына келгенде бұл отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы үшін де басып алу болатын. П.Г. Галузо Ресейдің «отаршылдыктабыстары» тарихын Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі: біріншіден - халықтарды саяси дербестіктен айырудың; екіншіден — экономикалық жағынан кіріптар етудің; үшіншіден — Дүние жүзін болашақ отарларға болу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды деп есептейді. П.Г. Галузоның сіңірген еңбегі — XIX—XX ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көрсету және ұлт-азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. «...Дәуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық қозғалысы екі кезеңге бөлінеді».
X. Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық саясаты қазақ жерін Азияға ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану болды деп есептеді. Қазақ өлкесінің біржола «Ресейге бағынуын» ол XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы қазақтардың ұлт-азаттық күресінін жеңіліс табуы салдарынан болды деп санады. Ол Әбілқайыр және ру ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен сөз байласуға барып, елді бодандық алуға мәжбүр етті деп есептеді. X. Досмұхамедов қазақтардың Ресей мемлекетіне бағыну актісіне халықтың негізгі бұқарасының қатыспағанын келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз руларынан біркелкі өкілдер болмағанын мысалға келтіре отырып дәлелдеді.[14]
М. Әуезов «Әдебиет тарихы» деген кітабында (А., 1927) былай деп атап көрсеткен: «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер коп. Бір жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандық тарының қысымшылығы, үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты.
Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды». Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т. Рысқұловтың тарихи мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей бодандығына өтуі тұрғысынан қарастыра келіп, ол «бағындыру», «қазақтарды жуасыту», «жаулап алушы күш» деген терминдерді қолданған. Ол жазған «патша өкіметінің отаршылдық саясатында» екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап — қазақтардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап — шаруалардың отарлауы бөліп көрсетіледі. «Өздері ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жанадан жаулап алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен келімсек шаруаларды қоныстандырып отырды».[15]
Т. Рысқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шығыстан - жоңғарлардың, оңтүстіктен - Хиуа, Бұхара, Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасауынан көрінген. Т. Рысқұловтың пікірінше, Ресейдің Қазан (1552 ж.), Астрахан (1557 ж.) хандықтарын жаулап алу, Батыс Сібірді бағындыру (1581 ж.), орыстардың Орал мен Ертісті бойлай жылжуын күшейтуі жөнінде шығыста белсенді саясат жүргізуі едәуір рөл атқарған.[15]
Т. Рысқұловтың Қазақстан мен Орта Азияда Ресей тәжінің орнығуы жөніндегі тарихи тұжырымдамасы оның 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс туралы еңбектерінде түпкілікті ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің жалпы нәтижелерін пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының бастығы Г.Ф. Чиркиннің Орталық Азияның байырғы халықтарының тағдырына қатысты мынадай пікірін келтіреді: «Егер барлық орыс тайпаларын бір Ұлы Орыс Державасының қол астына қосу психологиялық жағынан орыс ниеттеріне толық көлемінде сәйкес келсе, егер Босфор мен Дарданелл «біздің Донымызға кілт» болса, Ресейдің Астрабад пен Мазандаранда орнығып алуы біздің әскери іске жұмсаған шығындарымызды едәуір дәрежеде өтейді және біздің байлығымызды мықтап ұлғайтады. Ал саяси жағынан біз осыдан 200 жыл бұрын-ақ өз данышпандығымен Каспийдің Оңтүстік жағалауын (сол сияқты бүкіл Орталық Азияны да) бағалап, Ресейді Эльбрус жанында орнықтырған Ұлы Петрдің мұрасын» қалпына келтіреміз.
XX ғасырдың 30-жылдарындағы тарих ғылымында патша өкіметінің жаулап алушылық себептері мен отаршылдық ниеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сол кезеңдегі монографиялар мен мақалалардың көпшілігі, соның ішінде С. Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» да сондай көзқарас тұрғысынан жазылды. «Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік пен мәдениет әкелген жоқ, — деп жазды ол. — Ол күйзеліс, талап-тонаушылық пен кісі өлтірушілік әкелді».[16]
Г.Ф. Дахшлейгердің, Д. Дулатованың, Ж. Қасымбаевтың, I. Қозыбаевтың, И.В. Ерофееваның 1970—1990-жылдарда жарияланған тарихнамалық зерттеулерінде XVIII ғасырдың 40-80-жылдарындағы отандық тарихты, ең алдымен Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды.[17]
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ жылдардан соң отандық тарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Абай туралы сөз» деген баяндамасында былай деп атап өтті: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Жер шарының неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан империя Орталық Азияны көктей өтіп, шығыс пен күнгейге тереңдей енуді көздеген-ді. Сондай стратегиялық мақсаттын дәл өтінде тұрған ел Қазақстан болды. Басқадан айырылса да, одан айырылмау саясаты алғаш рет сол кезде бой көрсетті. Ел билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйесі біржола мансұқталды. Метрополияның өзіндегі тәртіп күштеп енгізіле бастады. Әуелі қазақтың әр ұлысынан бірнеше шағын хандықтар құрылып, этноаумақтық тұтастық бұзылды.
Сосын әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді...
...Жер бетінде... осындай... тәлкекке ұшыраған халық ешқайда да жоқ шығар.
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен суға байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат еді».[18] «Отаршылдық жағдайындағы ұлттық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ» атты Бүкілодақтық «Дөңгелек үстелге» (1990 ж. 27—28 маусым) қатысушылар «қосылу» ұғымын «империяның билігін өз еркімен тануды ғана емес, сонымен қатар (шаруалар арқылы және әскери) жаулап алуды, отарлауды қамтитын» сан қырлы үрдіс ретінде түсіну керек деген қорытындыға келді. «Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында» (1994 ж.) Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын баяндау қазіргі ғылыми айқындамаларды шоғырланған көрінісі болды. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» деген бөліміндегі бір тарау «Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы» деп аталады. Онда XVI—XVIII ғасырлар бойындағы екі халық арасындағы саяси байланыстар туралы материал баяндалады; Ресейдің Хақназар және Тәуке хандарға жақсы көзқараста болғаны туралы; Қазақстан аумағына жоңғарлардың басып кіріп, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауын тездеткені туралы, рубасылары мен Әбілқайыр хан арасында елеулі алауыздық болғаны, Әбілқайыр ханның патша өкіметіне жасаған өтінішінде Орта жүз бен Ұлы жүзді бодандыққа қабылдауды сұрап, халық атынан әрекет еткені, ал олардың едәуір кейініректе және басқа жағдайларда қабылданғаны туралы айтылады. Патша өкіметі саясатының отаршылдық бағытының күшейе түсуіне, оның жаңадан қосылған жерлерде ішкі саяси жағдайды қиындатқанына баса көңіл бөлінеді. «Қазақстан тарихының» авторлары отарлау саясаты қазақ жерін айналдыра бекіністі шептерді кұру мен бұл жерлерде ресейлік басқару жүйесін енгізуден көрінді, мұның өзі қазақ халқының көпшілік бөлігінін наразылығын туғызып, бірқатар толқуларға ұласты деп санайды. Қорыта келгенде, мынадай айқын баға берілген: «Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. Орта жүздің көпшілік бөлігі мен Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары патша өкіметі әскери күштерінің көмегімен қосылды. ...Халықтың басым көпшілігінің үстінен бақылаусыз билік жүргізуге ие болған Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейте түсті».[19].Бұл бөлімде Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі ұлт-азаттық күреске қатысты материал мол қамтылған.
Алайда зерттеушілер мәселенің бұлайша қойылуы да тарихи ақиқатты көрсетпейді деген тұжырымға барған сайын көбірек ден қоюда. Зерттеушілер «қосылу» ұғымын түрліше түсіндіреді. Атап айтқанда, М. Қозыбаев «қосылу» термині тарихи үрдістің мәнін дәл білдірмейді, күштеу негізінде болған қорлаушылық мәні бар деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстан негізгі объектіге қосылған субъекті рөлінде көрінеді. Кезінде империялық кеңселерде жасалып, кеңестік ресми тарих ғылымында қабылданған термин іс жүзінде «басып алу», «агрессия», «жаулап алу» деген терминдердің баламасы болып көрінеді.[20] Ресейдің Сібірді отарлауы Қазан, Астрахан және Қырым хандықтарын жаулап алғаннан кейін басталды деп санау керек болғаны мәлім. Зерттеуші В. В. Каргалов басқаша болған деп есептейді, ол былай деп жазады: «Батыс Сібірді Ресей мемлекетіне дәстүр бойынша қосып алу ертерек басталды және 1483 жылы Сібір жеріне жасалған үлкен жорықты бастаған алғашқы орыс воеводалары кінәздер Федор Курбский мен Иван Салтык-Травин болған».[21] Осылайша, В. В,, Каргалов патша өкіметінің Шығыс жөніндегі отаршылдық саясатының басталу кезеңін тағы да бір ғасырға шегіндіреді. Одан кейінгі кезеңдерде Сібірдің әр түрлі облыстарын, соның ішінде Кенді Алтай мен Оралды Ресей мемлекеті бірінен кейін бірін жаулап ала берді.
Әр түрлі ұрпақтардың жекелеген зерттеушілерінің А. И. Тевкелевтен кейін Қазақстанның Ресей өрісіне сөзсіз қосылуын біржола айқындаған стратегиялық кезенді I Петрдің есімімен және іс-әрекетімен байланыстыруы орынды. I Петр Сенаттың жауапты қызметкері И. Кириллов пен дипломат, Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И. Тевкелевке (православие дінін қабылдағанға дейін — Кұтлымбет мырза, Мәмет мырза) қазақтарды Ресей бодандығына өткізу жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Қазақстанды жаулап алудың одан кейінгі онжылдықтарда, Н.Г. Аполлованың айтуынша, «патша өкіметінін «даланы бейбіт жолмен жаулап алу және қазақ халқының мәнгілік бодан болуы» дейтінді жүзеге асыруға бағытталған кең көлемді агрессиясы» түпкілікті ресімделген стратегиясы осылайша белгіленді.
Ресей елшісі А.И. Тевкелевтің күнделігіне тарихшылар әлдеқашан назар аударған болатын. Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді, бұл оған қазақ қоғамын едәуір дәрежеде жақсылап зерделеуге және оның ықтималды мүмкіндігін анықтауға жағдай жасады. Ресей саясаты емін-еркін дала халқымен қарым-қатыс тәжірибесін жинақтады. Келіссөз кезінде дала жұртының билеуші жоғары топтары екіге: Әбілқайыр ханның жақтастарына, сондай-ақ бодандықты қабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақтаушылар басқа бір амал тапты. Бодандық туралы келіссөз Жетіру тайпалар одағынан шыққан, Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің бірі Бөкенбай батырдың Тевкелевке деген ізгі ықыласының арқасында ғана табысқа жетті. Бөкенбай батыр өзіне башқұрттар мен жайық қазақтары тарапынан көмек көрсетілсе, оның өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) «қырғыз-қайсақ ордасын екі жылда қылыштың күшімен Ресей бодандығына келтіруге уәде беретіндігін» айтты.[22] Кейін А.И. Тевкелев миссиясының барлық материалын қорыта келіп, тарихшы А.И. Левшин былай деп тұжырымдауға мәжбүр болды: «Тевкелевтің Ордаға келуі айлакер Әбілқайырдың билік сүйгіш бүкіл ойын ашып көрсетті. Ресейдің жаңа бодандарынан ант алуға келген шенеуніктер өз ойларындағы дәрежеде қабылданбағаны былай тұрсын, келген бойда-ақ өмірмен қоштаса жаздады... Кіші ордадағыдай Ресейді жақтаушылар өз ішінде соншалық болмаған қарапайым халық өз тәуелсіздігінен айырылғысы келмеді, бәрін де басқаша түйсінді, сондықтан да өздерінің Ресейге бағынған тайпаластарына қатты қарсыласты». Сонымен XVI ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастарының проблемасы отандық тарихтағы басым проблемалардың бірі болып табылады. Бұдан бұрынғы тарихнамада бұл проблема алуан түрлі бағаланды, кеңестік кезеңде «қосылу» ұғымының классикалық ұғымға айналдырылғанынан бастап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда енгізілген «кіру» терминімен аяқталды. Қалай болғанда да, халықаралық қатынастардағы аса қиын тоғысулары салдарынан Қазақстанның саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай уақытқа айырылғаны тарихи факт болып табылады.
Бүкіл дүниежүзілік тарих қалыптаса бастаған сауда-шаруашылық байланыстары мен кеңейе түскен дүниежүзілік рынок адамзаттың алдына жекелеген дүниежүзілік мемлекетгердің сауда жолдары тіршілігін өз қолында ұстауға ұмтылу фактісін тартты, өз кезегінде бұл олардың дүние жүзіндегі сауда және өнеркәсіп жөнінен бақталастығын туғызды. Осындай жағдайларда Орталық Азия елдерінің тарихы өзгеше қалыптасты. Адамзаттың өткендегі жалпы тарихынан бастау алып, гүлденген далалық өркениетті Қазақстан шектес жатқан алып көршілерінің сыртқы саясатында көңіл аударарлық объектіге айналады. Абсолюттік монархия орнығып, орталықтандырылған мемлекетке айналған, Азия халықтарын дипломатиялық жолмен бағындыру және әскери экспедициялар жөнінен тәжірибесі бар Ресей «Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізетін қақпа кілті» болуға тиісті қазақ жеріне көзін тіге бастады. Бұл орайда Ресей империясы ішкі қажеттерін де, Еуропа және Азия құрлықтарында орнығып алу кажеттігін де негізге алды. Қазақстанды бағындыру кезінде Ресей саясатының табысқа жетуіне Орталық Азия аймағындағы Ұлы дала көшпелілері мен оның көршілеріне тиімді болмаған жағдай да себепші болды. Жоңғария, Қытай, Осман империясы, Орта Азия хандықтары, Англияның мүдделері Орта Шығыска келіп тоқайласты.
Ресейдің «шығыстағы саясатында» қазақтар жөніндегі мәселе Қазақ хандығымен байланыс жасаған ІІІ Василий билік еткен кезден бастап-ақ маңызды орын алған еді. Егер қазақ-орыс қатынастары XVIII ғасырдың басына дейін, оның алдындағы екі ғасыр бойы Ресей экспансиясының өрістей түскеніне қарамастан, тәуелсіз екі мемлекеттін өзара қатынастары болып келсе, [[Ұлы Петр реформалары]] кезінен бастап Ресейдің Орта Азия мен Қазақстан жөніндегі сыртқы саясатында Дала өлкесін жалмап-жұту сарыны басымдық ала бастайды. I Петрдің «шығыс идеясы» Үндістан және Қытай жерімен өтетін сауда жолдарын басып алу жоспарын туғызды.
XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдын қиындауымен ерекшеленеді. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Сонымен бірге қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты кұбылыстар өpic алды: көшпелі қжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік құрылымдары жолындағы ішкі саяси күрес күшейді, сол жылдарда қазіргі Қазақстан аумағында «барша жұртқа қарсы баршаның соғысын» бастаған «келте хан» дейтіндер бас көтерген еді. Бұл соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін әлсіретті, оның материалдық ресурстарын азайтып, адамдар шығынын көбейтті. Бұл дәстүрлі көшіп-қону жолдарының өзгеруіне және жалпы алғанда көшіп жүру жүйесінің бұзылуына әкеп соқты. Ақырында, қазақ қоғамының дамуындағы келеңсіз оқиғалар мен қайшылықтардың шырқау шегіне жеткен кезеңі Қазақстан тарихына «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген 1723—1727 жылдар болды. Бұл қансыратқан қасіретке толы, ашаршылық, адамдар құрбан болып, экономика күйзелген, өндіргіш күштер кұлдырап, мәдениет кері кеткен заман еді. Сонымен бірге тұрмыс салты бір номадтардың, шынына келгенде, дүниежүзілік империялар мен алып көршілерінің «үлкен саясатына» құрбан болған туысқан халықтардың өзара соғысқан фактісі назар аудартады. Қалай болғанда да, Отан тарихында ұзаққа созылған қазақ-жоңғар соғысының болатаны, онда жоңғарлар агрессиясына қарсы қазақ халқының халықтық жасағының шешуші рөл атқарғаны анық. Егер туған жер және ата-бабалар қонысы қорғалғанын ескерсек, жай ғана жасақтар соғысы емес, Отан соғысы деуге болады. Туған жерінің батыс және солтүстік-батыс шекарасына қарай ығыстырылған қазақ рулары Еділ мен Жайық арасындағы кен жайылымдарды пайдалану шиеленісіне тап болды, мұның өзі орал қазақтарымен және қалмақтармен қайшылықтарға әкеп соқты. Оның үстіне жоңғарлар агрессиясы салдарынан қазақ жүздері арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар едәуір әлсіреп кетті, ал оның одан әрі асқынуына руаралық араздық пен бытыраңқылық себепші болды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде еуропалық өнеркәсіп өркениеті өрістеуінін басымдығы айқын аңғарылып, ол әскери істің пәрменді дамуынан көрінді. Оқ ататын қару мен артиллерия атты әскерді ығыстыра бастады.
Ресей империясының айыр басты бүркітіне Қазақстанның бағынуы бір сөзбен айтқанда, 1731 жылдан бастау алады. Бұл Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханның Ресей императрицасы Анна Иоанновнадан бодандыққа қабылдап, қамкорлыққа алуын өтінген жылы еді. Әбілқайыр ханның жасаған әрекеті тарихнамада өте қайшылықты бағаланды. Оның жағымсыз жақтары деп: жеке-дара билікті көздеген зымияндық, ол барлық қазақтардың атынан әрекет жасағандықтан, қазақ руларының мүдделерін елемеу; Әбілқайыр мен онын айналасындағылардың құдіретті державаның қамқорлығы арқасында басқа бақталастарынан астамдық алуы аталды. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресеймен құжатқа қол қоюын ақтайтын себептер арасында мыналар: сыртқы саяси факторлар — жоңғарлар агрессиясына тойтарыс беру қажеттігі; Иран шаһы Нәдірдің жаулаушылық әрекеттеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік шептеріне қауіп төнуі; Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сұқтануы; қазақтардың шекаралас жерлеріне башкұрттардың, Еділ қалмақтарының, Жайық қазақтарының, Сібір әскерлерінің жиі-жиі шапкыншылық жасауы аталады. Ішкі және басқа да кейбір факторлар — рулық ақсүйектер мен жергілікті билеушілер сепаратизмін түп-тамырымен жою қажеттігі; бір орталыққа бағынатын мемлекет құру керектігі; қазақ халқының жоңғарлар тарапынан ұзақ уақыт бойы жасалған агрессиядан, хандар, сұлтандар, ақсақалдар арасындағы өзара қырқысқан соғыстардан, сыртқы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей экспедицияларының қазақ даласына жасаған барлаушылық қызметі мен қалмактар жаулап алған қазақ жерлерінде бекіністер салуы; А.И. Тевкелев, И.И. Неплюев және басқалар арқылы Әбілқайырды орыс бодандығын қабылдауға итермелеген Ресей дипломатиясының кызметі; XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындығы айтылады.
1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Әбілқайырханға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы сыйлық грамотаға қол қойды. 1731 жылғы 10 қазанда Әбілқайыр ханмен бірге әр рудан өкіл болған 56 адам: арғыннан — 17, найманнан — 7, қыпшақтан — 4, тамадан — 2, жағалбайлыдан — 3, кердеріден - 1, алаштан — 4, байбақтыдан — 2, жаппастан - 2, масқардан — 2, табыннан — 10, шөмекейден — 1, кетеден — 1 адам қол қойып, Ресей тағына ант берді.
Кіші жүз бен Орта жүз ақсақалдары мен сұлтандарының 1740 ж. Орынбор маңында өткен съезі Ресей бодандығының алғашқы нәтижелерін нығайтуға себепші болды. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын қабылдауды жақтап, Қазақстанды жоңғарлардың басып кіру қаупінен қорғауға ұмтылды. Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен ақсақалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейге Орта жүздің бір бөлігінің ғана бағынғанын көрсетті. Ал Солтүстік-Шығыс және
Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империяның құрамына патша өкіметінің әскери-саяси әрекеттері салдарынан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында ғана кірді. I Петрдің арманы іске асырылды. Қазақтардың Ресей империясына протектораттық тәуелділікті тану проблемасы көптеген зерттеушілердің еңбектеріндегі талдау тақырыбына айналды.[23] Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары бір бөлігінің Ресей билігін тану мәселесі Білім және ғылым министрлігі — Ғылым академиясының отандық тарих пен халық бірлігі жылына арналған сессиясында да қаралды (1998 ж. 4шілде).36 Халық жазушысы, белгілі зерттеуші М. Мағауин Қазақстан тарихына өз көзқарасын «Қазақ тарихының әліппесі» деген кітабында (А., 1995) баяндаған. Онда қазақ мемлекеттілігінің көкейкесті проблемалары, қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресінің негізгі кезеңдері қарастырылып, отандық тарихты зерделеудегі бірсыпыра, оның ішінде кейбір елеулі олқылықтар анықталған.
Кеңестік қоғамтанушылар үшін К. Маркстің өз серігі Ф. Энгельске хаты ұзақ жылдар бойы методологиялыұ нұсұау болып келгені мәлім, бүл хатында ол былай деп жазған: «Ресей Шығысқа көзқарас жөнінен шынында да прогресшіл рөл атқарып отыр. Бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан, Ресей үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін өркениеттендірушілік рөл атқаруда» (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығ., 24-т., 241-6.). Алайда Ресей зертгеушілері бұл мәтіннен «бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан» деген тіркесті алып тастаған. Ал аймақтар тарихшыларының дәйексөзді осылай қысқартусыз пайдалануға батылы бармады. Мұндай көзқарас жағдайында «Қара теңіз бен Каспий теңізі және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін» Ресейдің атқаратын рөліне К. Маркстің бағасы мүлде өзгеше мағынаға ие болды.
Бүгінгі таңда Шығыс халықтары үшін Ресейдің атқарған рөлін бағалауда не өзгерді? Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ақиқатты қаймықпай айтуға қол жетгі. К. Маркстің «бүкіл пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан» деген сөздері нақты мазмұнмен толықты. Орталық Азияның халықтары үшін Ресейдің «бүкіл пасықтығы және славяндық ластығы», кесіп айтқанда, қазақтарды отарлауы, геноцид пен этноцид, орыстандыру, күнарлы жерлерін тартып алу саясаты, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншу және т.б. түрінде көрініс тапты. Бұған ұлт-азаттық қозғалыс тарихы жөніңде жарияланған көптеген деректі жинақтар, сондай-ақ Ғ. Сапаргалиевтің «Патша өкіметінің Қазақстандағы жазалау саясаты» деген монофафиясы (А., 1960) дәлел болады. Айтыс қызуына беріліп, зерттеушілердің кейде тым қызбалыққа, бірбеткейлікке жол беруі де әбден мүмкін. «Пасықтық пен славяндық ластықты» тым қоюландыруды, ал оның 260 жыл ішінде әбден қордаланып қалғаны да рас, біздің Ресейдегі әріптестеріміз кейде үстірт қабылдайды. Мұның бәрін түсінуге болады.
Сонымен бірге, бірең-сараңын қоспағаңда, Қазақстан зерттеушілері бұрынғысынша Шығыс жөніндегі Ресейдің өркениетшілдік рөлін барынша атап айтады. Ол шетаймақ халықтарын орыс және еуропа мәдениетіне тартуда, өндіргіш күштерді жедел дамытуда, империя құрамында бүкіл дүниежүзілік тарих үрдістеріне қатысуда болатын.
Қалай дегенмен де, Ресей құрамындағы Қазақстан тарихы проблемаларының тарихнамалық ізденістері осы бағытта жүріп келеді. Бұл тезисті өлкені отарлау тарихнамасын зерттеу мысалымен дәлелдеп көрелік.
Қазақтар отарлауын зерттеу проблемалары.
Қайшылыққа толы әрі қазақ халқына өте ауыр тиген Қазақстанды отарлау болған үрдісі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Қазақ отаршылдығын зерттеуге алғаш назар аударғандардың бірі П.Г. Галузо болды. Оның «1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар» деген еңбегінде (А., 1965) осы аймақты қазақтардың отарлауы туралы мәліметтер бар. Авторды толғандырған мәселелер ауқымына мыналар: жетісу қазақтарының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, қазақтардың жер игеруінің дамуы, қазақтардың жылқы саны бойынша, жер игеру және егістік алқабының көлемі бойынша жіктелуі, станицалардағы қанау нысандары жатады. Бұл проблемаларды зерттеу едәуір көп статистикалық және мұрағаттық материалға ғана емес, сонымен қатар Н.3. Леденев, М. Хорошхин, Ф.М. Стариков, С.Н. Белецкий, А.А. Кауфман және баскалардың да бұрын жарияланған еңбектеріне негізделген. П. Г. Галузодан кейін, 35 жылға шекті қазақтар проблемасы ғалымдар назарын аудармай келді, тек соңғы жылдарда, қазіргі демографиялық проблемаларға және Қазақстанда қазақтардың жандануына тығыз байланысты мәселе қайтадан көкейкестілік сипат алды. Көптеген жарияланымдар арасынан біз екі еңбекке: М. Әбдіровтің «Қазақстан казактарынын тарихы» (А., 1994) жэне Т. Б. Митропольскаяның «Жетісу қазақтары тарихынан» (А., 1997) деген еңбектеріне тоқталып өтейік.
М. Әбдіров өзінің алдына: қазақ даласына алғашқы орыс қазақтарының келу уақытын, өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінде қазақтардың алатын орнын, қазақтардың Қазақстанды жаулап алуға және қазақ халқының XVIII— XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын қазақтардың басып-жаныштауда атқарған рөлін анықтауды міндет етіп қойған. Мәселенің бұлайша қойылуы патшалық Ресейдің он бір қазақ әскери жасағының төртеуі: Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу қазақ әскери жасақтарының тікелей Қазақстанда орналасуына байланысты. Астрахан қазақ әскери жасағы тікелей Бөкей Ордасына жақын жерде болды.
Проблеманы зерттеу нәтижесінде автор мұнда қазақтар үш міндет:ең жақсы және құнарлы жерлерді жаппай тартып алу, қазақтарды шол далаға ығыстырып шығару, қазақтардың дәстүрлі көші-қон аймағын тарылтып, сол арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық үрдісін бұзу; әскери жорықтар кезінде мал атаулыны жаппай айдап әкету, сөйтіп қазақтарды негізгі тіршілік көзінен айыру; бейбіт ауылдарға нақ сондай тонаушылық шапқындар кезінде көшпелілердің ең басты тіршілік тұтқасы және әскери күші — ер адамдарды жаппай қырып-жою мен қолға түсіру міндеттерін орындады деген қорытындыға келеді. «Бірге, біртұтас алып қарағанда, олар қазақ халқына қарсы этноцидке көшу сатысындағы геноцидті білдірді»
Бірегей этнологиялық үрдіс ретінде қазақтардың бүкіл тарихын М. Әбдіров нақты екі кезеңде, олардың тарихи тұтасуы мен қақтығысуы кезеңдерінде қарастыруға болады деп санайды. Біріншісі — Монғолиядан Дунайға дейінгі ұлы дала белдеуінің кең-байтақ аумағында орта ғасырлар Дәуірінде (VI—XVI ғғ.) пайда болған ежелгі түрік құбылысы ретіндегі қазақтар. Екіншісі — оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы далада бұрын осында өмір сүрген түрік халқынын ішкі ресейлік негізі ықпалымен көбінесе славян қазақтарының қалыптасуы.
Т.Б. Митропольскаяның еңбегі бір аймақпен - Жетісумен шектеледі. Қазақтардың қалыптасуы туралы мәліметтерге қоса, автор қазақтар арасында 1917-1920 жылдар аралығында болған оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, оларды «Екі диктатур арасында» деп атайды. Автордың айтуына қарағанда, патша өкіметінін құлауы туралы хабарды жетісулықтар «монархияға адал берілгендік» немесе «либералдардың оң қанатына сенім» көрсетпей қарсы алған. Петроградта, Мәскеуде, Ташкентте және баска да революциялық орталықтарда қазақтар көпшілігінің бейтараптығы большевиктерге пайдалы болып шықты.[24] Қазақтардың 1917 жылғы әрекеттерін зерделей келіп, автор 1918 жылғы 4 наурызда Верныйда Уакытша үкімет комиссарлары өкіметінің кұлатылуы мен Кенес өкіметінің орнатылуына байланысты қорытынды шығарады. Корытындысында тақырыптың аз зерттелген, автор анықтаған проблемалардың тізбесі өлтіріледі, олардың ішінде қазақсыздандыру да бар.
«Кеңес өкіметі органдарының қазақсыздандыру деп аталған әрекеттері,- деп нактылай түседі автора — мемлекеттік мекемелер ретінде қазақ әскерлерін таратудан гөрі, сословиені жою мен жер игеру реформасынан гөрі, Ресейдің өмір шындығынан қазақтарды әлеуметтік-этникалық құрылым ретінде сызып тастау әрекеттерінде болатын». Көріп отырғанымыздай, қазақтар самодержавиенің тірегі мен қорғаны бола отырып, оның Қазақстандағы идеялары мен ниеттерін жүргізушінің елеулі рөлін атқарған. Сонымен бірге орыстың қоныстанушы деревнясының өкілдері ретінде де қазақ тұрғындарының Қазақстандағы қоныстану аймақтарын игере отырып, өзара ықпал өзара іс-қимыл жасау негізінде қазақ халқымен шаруашылық-экономикалық, мәдени араласу үрдісін тездете түскенін атап өткен жөн.
Көптеген өлкетанушылық еңбектердің арасында В.А. Терещуктің «Көкшетау туралы әңгімелер» деген кітабы ерекше. Кітаптың «Қазақтар — патша өкіметінін сенімді тірегі» деп аталған бөлімінде автор оларға «патша өкіметі бүлік шығарған бүлікшілерді бағындыру, бүкіл қырғыз-қайсақ халқын жоғары монарх қолына қарату жөніндегі үмітті жүктеді» деп атап көрсетеді.[25]
В.А. Терещук қазақтардың қазақтарға ғана емес, қоныс аударушы мұжықтарға да менсінбей қарағанын баяндайды. «Қазақтарға жалпы жұрт назарының аударылуы, кейде олар өтпеген еңбегін, жасамаған ерлігін жөн-жосықсыз ғана салу олардың арасында өздеріне деген зор сенім, жеңілісті білмеу, ерлік рухын туғызды. Олар өздерін бұрынғысынан да күшті данққа бөлеп, патша мен Отанға жан сала қызмет ететін, орыс шебін қорғаушылар ретінде көрінуге ұмтыдды. Сондықтан әрбір ретте дабыл алғашқы қағылғаннан кейін аттарына ер салып, дипломатия, заңдар, халық тілегі дәрменсіз болған жерге шауып жететін».[25]
Сонымен тарихнамада XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының Қазақстанды жаулап алуын айқындаушы проблемалардың бірі және кен-байтақ аумақты отарлық шет аймаққа айналдыру көрсетілді. Бұл бір жолғы саяси акт болған жоқ, оның нысаналы және ұзақ уақыт жүргізілуі қазақ қоғамының тарихы мен өмірінің барлық жақтарына ықпал жасады.

Дереккөздер


Историческая наука Советского Казахстана (1917—1960 жж.). Очерки становления и развития. А., 1990; Козыбаев И. М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990; Соныкі. Историческая наука Казахстана (40-80-е годы XX века). А., 1992.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991; Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925; Златкин И. Я. История Джунгарского ханства. М, 1983; Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи. XVII—XVIII вв. А., 1991; Соныкі. Россия и Джунгарское ханство в XVIII в. Барнаул, 1998; Касымбаев Ж. К- Под надежную защиту. А., 1989 және басқалар.
Кар.; Козыбаев М. Актуальные проблемы изучения отечественной истории //Отечественная история, 1998, № 3; Соныкі. «История России есть история страны, которая колонизируется» //Столичное обозрение. 1998, 8 мамыр; Соныкі. Академик К. И. Сатпаев и проблемы вхождения Казахстана в состав России. / К. И. Сатпаев и общественные науки Казахстана. А., 1999, 54-73-6.
Моисеев В.А. Россия и Джунгарское ханство, 105-6.
Қар.: Қазақ ССР тарихы. А., 1957, 1-т., 221-231-6, және т.б.
Военный сборник, 1852, № 9, 150-6.
Неделя, 1990, № 7 (1559). Кар.: Козыбаев М. К. История и современность. А. 1991, 140-6.
Ключевский В. О. Соч., т. 1, 50-6.
Валиханов Ч. Ч. Избр. произведения в пяти томах. А., 1985, т. 4, 81-6.
Абай. Наследники. На перепутье. Сб. А.. 1995, 105-6.
Абай Кунанбаев. Шығармалар. 2 томдық. 1-т., А., 1968, 205-6.
Букейханов А. Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи /Избранное. А., 1995. 49-6.
Галузо П. Г. Туркестан - колония (Очерки истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии). М, 1929.
Досмухаммедов X. Избр. А., 1998, ЗЗ-б. (Ескерту: профессор Халел Досмүхамедовтің Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов қозғалыстарын зерттеудін авторы екені мәлім.(Досмұхамедов X. Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет, Тайманұлы Исатайдын қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат / Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы. Избранное. А., 1998,-32-6; 33-64-6).
Рыскулов Т. Р. Собрание сочинений. А., 1997, т. 2, 215-6, 226-232-6.
Асфендияров С. Д. История Казахстана (с древнейших времен). А.,-М., 1935, т. I.
Дулатова Д. И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 жж.). А., 1984; Дахшлейгер Г.Ф. В. И. Ленин и проблемы казахстанской историографии. А., 1973; Сулейменов Р. Б. Внешнеполитические связи Казахстана в XVI-XVIII вв. в советской историографии /Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI—XVIII вв. А.. 1983; Нурпейісов К. Н. Алаш һәм Алашорда; Козыбаев И. М. Историческая наука Казахстана; Козыбаев М. К. История и современность; Соныкі. Ақтандақтар ақиқаты. А., 1991; Ерофеева И. В. Присоединение Казахстана к России как историографическая проблема /Историческая наука Советского Казахстана (1917—1960 жж.). А., 1990; Артыкбаев Ж. О. Казахское общество; традиции и инновации. Караганда, 1993; Соныкі. Этнос және қоғам. XVIII қ. Қарағанды, 1995; Соныкі. История Казахстана (двенадцать лекций). Караганда, 1997; Соныкі. История Казахстана в XIX веке. Караганда, 1992; Касымбаев Ж. К Кене. А., 1993; Соныкі. История города Акмолы, А., 1995; Соныкі. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение. А., 1995.
Абай. Наследники, 60-61-6.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). А., 1994, 194-6
Неғұрлым толық қараңыз: «Столичное обозрение». 1998, 8 мамыр.
Каргалов В. В. Полководцы X-XVI вв. М„ 1987, 172-6.
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. А., 1961, т. 1, 63-6.
Кар.: Кузембайулы А. История дореволюционного Казахстана. А., 1992; Кузембайулы А., Абилев Е. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов XX в.). А., 1996, 176-177, 179-6; Кузембайулы А., Абилев Е. Казахстан в XVІІІ - нач. XX вв. Костанай, 1995; Касымбаев Ж. К. Хан Кене. А., 1993; Соныкі. История города Акмолы, А.. 1995; Соныкі. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение; Ерофеева И. В. Казахские ханы и ханские династии в XIII — середине XIX вв. /Культура и история Центральной Азии и Казахстана:роблемы и перспективы исследования. А.. 1997, 106-107-6; Артыкбаев Ж. О. Казахское общество; традиции и инновации.; Соныкі. Этнос және қоғам. XVIII в.; Соныкі. История Казахстана (двенадцать лекций); Соныкі. История Казахстана в XIX веке; Муканов М. С. Этническая территория казахов в XVIII — начале XX веков. А., 1991; Соныкі. Қазақ жерінің тарихы. А., 1994; Соныкі. Из исторического прошлого. А., 1998; Елагин А. С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. А., 1993; Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А., 1994; Мырзахметов М. Казак калай орыстандырылды. А., 1993.
Митропальская Т. Б. Из истории Семиреченского казачества. А., 1997, 37-6.
Терешук В. А. Рассказы о Кокчетаве. Кокшетау, 1992, 131-6.
Дереккөздер
Крафт И. И. Қазақтардың орыс бодандығын алуы. Орынбор, 1897; Сон-
дай-ақ караныз: «Айкап». Күрастырғандар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов. А., 1995,49-52-6.

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдык.


3-том. — Алматы: «Атамұра», 2010. ISBN 978-601-282-029-4,3-т ISBN 978-601-282-026-3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет