Қазіргі кезде оқушы мен оқушылар арасында, оқушылар мен мұғалімдер, мұғалім мен ата-аналар арасындағы жанжал туындап, әр түрлі ситуациялар, көптеген теріс әрекетке бой алдырып оны мектеп әкімшілігі, психолог, мектептегі ардагерлер, ата-аналар комитеті, сынып жетекші, тәрбие жөніндегі орынбасары оқиғаның алдын алып жанжалдың басқа тараптарының да құқықтары бұзылмауы керек. Мектептеі жанжалдарды басқарудың ең тиімді тәсілі-оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп сотқа жібермеу, алдын алу шараларын ұйымдастыру қажет. Оқушылар арасындағы жанжалды, кикілжіңді, шиеліністі медиаторлар өзара ымырашылдықпен, бітімгершілікпен қоғамдық келісім арқылы ретке келтірген дұрыс деп ойлаймын.
ҚАЗАҚСТАН КӨП ҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ
ҚАЗАҚСТАН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ
Бала тәрбиесімен айналысуда өз тәжірибемізден жинақтаған ата-ананың басшылыққа алуы қажет деп санаған ұстаным. - Баланың ең алдымен денсаулығын қадағалауға көңіл бөлу. Денесін шынықтырып қана қоймай ұқыптылықпен тазалыққа үйрету.
- Баламен жақын сырлас, дос болуға тырысу. Ондай кезде балаға жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей, мұқият тыңдап, өз көзқарасыңды білдіру.
- Бала қандай да болсын қате іс жасаса жекіп, дүрсе қоя беруден гөрі түсіністікен қарау әлдеқайда пайдалы. Ең бастысы-қателікті бетке басып,мойындатуда емес, жақсысын алдымен айтып, баланы жігерлендіре отырып, кемшілітерін жұқалап жеткізу сонымен қатар кемшілікті жою жолдарын көрсету.
- Бала болған соң, өз қатарластарымен бірде дос болып, бірде ренжісіп жатады. Тіпті кейде таяқ жеп келуі де мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген абзал.
- Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылау. Шамаңыз келсе бала биімі бар істерді беруге тырысу.
- Баланы еркін тәрбиелеу. Бірақ еркіндіктің жөні осы екен деп мүлдем қараусыз жіберуге болмайды. Балаға қатты сөйлемеңіз, сөз ұқпайтын болады.
- Бала кішікентай кезінде барлық ақпаратты еш кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан балаңызды ақпаратты талғап қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге үйреткен абзал.
- Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Бір затты көрсе, соны міндетті түрде бұрап, сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш болып келеді. Мұндай балалар табиғатынан дарынды болып келеді.
- Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік-баланы өз күшіне сендіріп үйрету. Балаңыздың болашағына қандай сенсеңіз, оның әр ісіне де сондай сенім көрсету-баланы сенімді ете түседі. Балаға ең алдымен өзіңіз сенбесеңіз, оған ешкімде сенбейтін болады. Баланы өз күшіне сендіру оның әр қадамын нығайтып, батыл болуға тәрбиелейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |