Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады. Шаруашылығы Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Қаңлылар жылқы, қой, ешкі, сиыр малдарын өсіріп, мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан.Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелерҮйсін шықты.Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған. Қорытынды Қорытынды. Қазақстан жерін тас, қола дәуірінде мекендеген тайпалардың материалдық, мәдени мұралары көп болған. Ежелгі тайпалар табиғат құбылыстарынан қорыққанынан бір-біріне жақын жүрді. Қоршаған ортаның дүлей күштерінен бірігіп қорғанды. Күнкөрісінің негізі болған малын қысы-жазы бағып семіртті, осыдан бірте-бірте көшпелі өмір дағдысына көндігіп кетті. Көшпелі өмір, қоршаған ортаның географиялық та, климаттық та ұқсастығы бұл тайпалардың наным-сенімі мен дүниетанымына да бірегей ықпал жасап отырды. Нәтижесінде, адамдар мінезіндегі, әдет салтындағы ұқсастық жақтар пайда бола бастады. Бұл ұқсастықтар кейінгі скиф-сақ, ғұн, үйсін атымен жазба тарихқа белгілі бола бастаған тайпалардың жол-жоралғы, салт-дәстүрлерінде бой көрсеткен моральдық, ақыл-естік нормативтерді қалыптастырды. Сақ–скифтер адамзат мәдениетінің көне беттерін «аң стилі» өнер үлгісімен байытты, сөйтіп өз қолтаңбасынг қалдырған жұрт санатында тарихта қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |