Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілердің мәдениеті мен өнері



бет3/9
Дата26.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#105621
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
мәдениеттану 2практика

Ғұндардың діни наным-сенімдері

  • Ғұндар (хундар) Тәңірге табынған, олар бізге ата-бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен әдет-ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт-дәстүрлерді түгел ұстанған. Ғұндар көсемін тәңірқұт деп атаған. Ол «көк пен жерден туған, күн мен ай тағайындаған» деген мағынаны білдіреді. Ғұндар жыл сайын көктемде өздерінің «ата-бабаларына, көкке, жерге және аруақтарға» құрбан шалып отырған. Күн сайын тәңірқұт Тәңірге: таңертең шыққан күнге, кешке айға сыйынған. Ғибадат ету рәсімі жұлдыздар мен айдың орналасуына қарай орындалған. Яғни, ғұндардың өз жұлдызнамасы болған. Тоқетерін айтқанда, сыйыну бағышталатын нысан Көк Аспан мен оның Жоғарғы Құдайы – Тәңір болған. Көне пайымдар бойынша, аруақтар – адамдардың табиғатынан өзгеше, тірі жан иелері. Олардан қорыққан, сондықтан қайырсадақамен көңілін аулаған. Аруақтар күшті, бірақ шексіз құдіретті емес. Табиғатынан мейірбан да, қаскөй де емес. Бірақ кейде зиянкестік те келтіреді, кейде пайдалы да бола алады. Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет етуі үшін достары мен кәнизактарын20 құрбандыққа шалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет