«Біздің үміт»
жобасы
Мақсаты: Қаламыздың дарынды балаларымен жүйелі түрде мақсатты жұмыс ұйымдастыру, ЖТС, Экобиоорталық және оқушылардың шығармашылық сарайында «Зияткер» қалалық ғылыми қоғамын құру.
Міндеті:
- мектептердегі педагогикалық ұжымның, жоғарғы оқу орындары оқытушыларының және мүдделі ұйымдардың күшін біріктіру арқылы қалада дарынды балалармен үйлестіру жұмысының жүйесін құру;
- мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс жүргізу үшін тиімді әр түрлі әдістер және тәсілдермен таныстыру;
- психологиялық қызметтердің ресурстарын пайдалана отырып, дарынды балалардың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау және диагностикалау, жетістіктеріне мониторинг жүргізу;
- қаламыздағы дарынды балалардың қабілеттерін дамыту үшін білім беру, мәдениет, өнер және техникалық шығармашылық саласында қызметтердің қолжетімді болуын арттыру.
- «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттау, балалар шығармашылығы мен жобалар көрмесін өткізу.
Күтілетін нәтижелер: қалада дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту үшін құрылған жүйе; дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мамандарды дайындайтын жетілдірілген жүйе; оқушыларды олимпиадалық резерв мектебінің, жазғы бейінді лагерлердің қосымша жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту; қала оқушыларының пәндік Республикалық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық байқауларға, фестивальдарға, турнирлерге қатысу нәтижесінің рейтингтік бағасын арттыру; дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру; дарынды балалармен жұмыстың жаңа технологияларын сынақтан өткізетін эксперименталдық алаңдар санын арттыру; дарынды балалармен жұмыс жүргізетін білім беру мекемелері мен педагогтар және жеке білім беру бағдарламалары туралы ақпарат енгізілетін «Қаланың дарынды балалары» деректер базасын құру, жеңімпаздар жұмыстарының жинағын шығару.
Қатысушылар: педагогтар, оқушылар және қосымша білім беру ұйымдары, өңіріміздің ЖОО.
Жобаны енгізу мерзімі: 2015-2018 жылдар.
Жобаны енгізуге жауаптылар: Айкенева Д.Т., Жаркембаев Е.Қ., Цыганов А.П.
Жобаны енгізу бойынша іс-шаралар жоспары.
Іс-шара
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
Оқушыларға арналған іс-шаралар
|
Қысқы «Кіші академия».
|
Қаңтар
|
Айкенева Д.Т. Жаркембаев Е.Қ.
|
«Зияткер» ҒБМ отырысы.
|
Қаңтар
|
Айкенева Д.Т.
|
«Сыңғырлаған дауыстар» эстрада әндерінің қалалық байқауы (кіші жас санаты), № 1 БММ
|
Сәуір
|
Тюлюкова Ж.Н.
Костюк Л.Г.
|
Жас журналистердің IX фестивалі
|
Сәуір
|
Данилова Н.В.
|
«Зияткер» ҒБМ отырысы
|
Сәуір
|
Айкенева Д.Т.
|
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Өскемен қаласының болашақ экологиясы» зерттеу жұмыстарының байқауы (портфолио)
|
Сәуір
|
Айкенева Д.Т.
|
Мектеп бітіру балын өткізу. Халықаралық және Республикалық ғылыми байқаулар мен олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету
|
Маусым
|
Тимофеева Л.И.
Айкенева Д.Т.
|
«Зияткер» ҒБМ отырысы.
|
Қыркүйек
|
Айкенева Д.Т.
|
«Зияткер» ҒБМ отырысы.
|
Қараша
|
Айкенева Д.Т.
|
«Денсаулық төлқұжаты» ғылыми портфолио қорғау байқауы
|
Қараша
|
Айкенева Д.Т.
|
«Шеберлік планетасы»:
1. Мир своими руками.
2. Технические открытия
3. Оч Умелые ручки
|
Желтоқсан
|
Айкенева Д.Т.
Цыганов А.П.
Жаркембаев Е.Қ.
|
«Зияткер» аймақтық академиясының оқу жылына арналған қызметі туралы ақпараттық лифлет-материал шығару
|
Қыркүйек
|
Асташкина Г.В.
|
Педагогтарға арналған іс-шаралар
|
Инновациялық, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары арасында дарынды оқушыларды психологиялық қолдау жобаларының байқауы.
|
Тамыз
|
Айкенева Д.Т.
Смағұлова Б.С.
|
Сертификатталған педагогтар лабораториясының отырысы «Дарындылықты қалыптастыру бойынша диалог алаңы» (№ 3, 11 мг)
|
Ақпан
|
Әдіскерлер
Лаборатория
басшылары
|
«Оқушылардың дарындылығын дамыту механизмі» ғылыми басшылар отырысы, Экобиоорталық
|
Сәуір
|
Айкенева Д.Т.
Цыганов А.П.
Жаркембаев Е.Қ.
|
Ақпараттық-аналитикалық іс-шаралар
|
Дарындылықты анықтау және қолдау бойынша бағдарламалар, диагностика-лар, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің қалалық банкін талдау
|
Қараша
|
Айкенева Д.Т.
|
Дарынды оқушылардың әр түрлі деңгейдегі зияткерлік іс-шараларға қатысу нәтижелеріне мониторинг жүргізу
|
Желтоқсан
|
Айкенева Д.Т.
|
«Балабақша, отбасы және мектеп заманауи білім беру сапасын қамтамасыз ету шарты»
жобасы
Достарыңызбен бөлісу: |