Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғау
. Адамның құқықтары тек
Қазақстан Республикасының мемлекетішілік құқығымен ғана емес, сонымен қатар
нормалары әлемдегі түрлі мемлекеттердің көзқарастарының келісімі арқылы жасалатын адам
құқықтары жөніндегі халықаралық актілермен реттеледі. Мемлекеттер адам құқықтарының
халықаралық-құқықтық реттелуіне келісім бере отырып, адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтарын қорғау және сақтау саласында тиісті міндеттемелерді өз мойындарына
алады. Алайда адам құқықтарын мемлекеттердің жүзеге асыруы әмбебап және аймақтық
халықаралық ұйымдардың тарапынан (БҰҰ, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі,
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеттері, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және т.б.)
бақылауға алынады.
Адам құқықтарын қорғайтын әмбебап халықаралық ұйымдарға БҰҰ және оның
органдары жатады. Олар ха- лықаралық конференцияларға шақырады, адам құқық тары
жөнінде зерттеулер жүргізеді, адам құқықтары саласында жекелеген мемлекеттерге
консультациялық және техникалық көмек көрсетеді, адам құқықтары саласындағы
мемлекеттердің міндеттерін БҰҰ Жарғысы және халықаралық келісімдер бойынша алынған
мін- деттерінің орындалуын бақылайды.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын көпшіліктің құрметтеуі мен сақтауы
жөнінде БҰҰ қызметтерінің орындалуына БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы және оның
жетекшілігімен БҰҰ-ның экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС) жауапты. БҰҰ
Жарғысының 13-бабында:
“Бас Ассамблея нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне тәуелсіз
адам құқықтары мен барлығына бірдей негізгі бостандықтарды жүзеге асыруға
жәрдемдесу... мақсатында зерттеулерді ұйымдастырады және ұсыныстар жасайды"
делінген. ЭКОСОС БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес “адам құқықтары мен барлығы үшін негізгі
бостандықтарды қурметтеу және сақтауды марапаттау мақсатында ұсыныстар
жасауға
» уәкілетті. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жұмыстары тек адам
құқықтарына қатысты мәселелерге бағытталған экосос арнаулы комиссиялар Адам
құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдердің әл-ауқаты комиссиясы және кемшіліктің алдын
алу және азшылықтарды қорғау комиссия ішіндегі комиссия құрды.
Адамның әлемдегі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғауға
қажетті шараларды қабылдайтын және БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы қызметін
үйлестіретін БҰҰ-ның Бас хатшысының басшылығымен және қамқорлығымен БҰҰ-ның
адам құқықтары саласындағы қызметіне негізгі жауапкершілікті адам құқықтары жөніндегі
БҰҰ-ның жоғарғы комиссары алады. Осылайша, адамның әлемдегі құқықтарының жүзеге
асырылуына жәрдемдесуші адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының
Басқармасына құқықтарының бұзылғандығы туралы жеке тұлғалардан және адамдар
тобынан жылына 100 000-ға жуық арыз келіп түседі.
БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары аясында адам құқық- тарының сақталу мәселелерін
қарастыратын, олардың бұзылуы бойынша арыздар қабылдайтын, сонымен қатар адам
құқықтары жөнінде халықаралық құжаттар жо- басына ұсыныстар даярлайтын, адам
құқықтары саласы бойынша зерттеу жүргізетін Адам құқықтары жөніндегі кеңес жұмыс
істейді.
БҰҰ құрамына, сонымен бірге босқындарға халық- аралық көмек көрсететін БҰҰ
Жоғарғы комитетінің Босқындар істері жөніндегі басқармасы кіреді. Қазіргіуақытта әлемнің
122 елінде, соның ішінде Қазақстанда, БҰҰ Жоғарғы комитетінің Босқындар істері жөніндегі
басқармасының 246 бөлімі құрылған.
БҰҰ-да сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі бір- қатар халықаралық
келісімшарттардың негізінде: Нәсілдік дискриминация комитеті, әйелдерді кемсітуді жою
комитеті, Азаптауға қарсы комитет, Бала істері жөніндегі комитет сияқты органдар
құрылған.
Адам құқықтары жөніндегі (БҰҰ) әмебап ынтымақтас- тық жүйесімен қатар аймақтық
ынтымақтастық үлгілері бар (Еуропа Кеңесі және ЕҚЫҰ). Еуропа Кеңесі адам құқықтары
саласында ежелгі аймақтық ұйым болып табылады. 1950 жылы 4 қарашада Еуропа Кеңесі
адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенция
қабылдады. Аталған конвенцияның негізінде адам құқықтарын аймақтық қорғау ме- ханизмі
адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот құрылды. Оның шешімдері конвенцияға
қатысушы мемлекеттер үшін міндетті.
Еуропа Кеңесімен қатар адам құқықтары мәселелері Батыс және Шығыс Еуропаның
барлық мемлекеттерін, сонымен бірге АҚШ пен Канаданы біріктіретін Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі (ЕҚык/ ЕҚЫҰ) қызметінде маңызды орын алады.
1994 жылы ЕҚык Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болып қайта құрылды
(ЕҚЫҰ). 2010 жылы осы беделді ұйымға төрағалық еткен Қазақстан ЕҚЫҰ-ның белсенді
қатысушысы болып табылады. ЕҚЫҰ құрамына демократиялық институттар және адам
құқықтары жөніндегі Бюро, ұлттық азшылықтар істері жөніндегі
ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ
өкілі және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерде адам құқықтарының жан- жақты қамтамасыз
етілуі мен қорғалуына септігін тигізетін өзге де мекемелер кіреді.
Адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер. БҰҰ
Жарғысына сәйкес оның қатысушы мемлекеттерінің адамның негізгі құқық тары мен
бостандықтарын сақтау міндеттемелерінің заңды сипаты ерекше атап өтілетін БҰҰ аясында
адам құқықтарын қорғау саласындағы іргелі халықаралық- құқықтық актілер қабылданды.
Ең алдымен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билльді даярлау бойынша үлкен
жұмыс жүргізді. Оған адам құқықтары жөніндегі: Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ
декларация, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, Экономикалық,
әлеуметтік және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт, Азаматтық және саяси
құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге бірінші және екінші Факультативтік хаттама
сияқты халықара- лық актілері кіреді.
Адам құқықтарының толыққанды тізімі қамтылған әлемдегі ең алғашқы құжаттар 1948
жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары жөніндегі
жалпыға ортақ декларация болды. Бұл тарихи құжаттың қабылданған күні жыл сайын Адам
құқықтарының күні ретінде бүкіл әлемде аталып өтіледі. Жалпыға ортақ декларацияда жеке
құқықтар мен бостандықтардың (өмір сүру құқығы, бостандық және жекебасқа
қолсұғылмаушылық; ой, ар-ұждан және дін бостандығы; құлдыққа, зорлық-зомбылыққа
тыйым салу); саяси құқықтардың (сенімдер бостандығы және оларды еркін білдіру; бейбіт
жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығы; өз елін басқаруға және сайлауға қатысу
құқығы және т.б.), адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары (әлеуметтік
қамсыздандыруға кұқық, еңбекке және өз еркiнше жұмыс таңдау құқығы; тең еңбекке тең
төлем құқығы; демалу және бос уақыт кұқығы; денсаулық сақтау құқығы; ана мен баланы
әлеуметтік қорғау құқығы; білім алуға құқық) сияқты үлкен тізімі бекітілген.
БҰҰ-ның Жалпыға ортақ декларациясында айтылған адам құқықтарына міндетті заңды
күш беру үшін Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт (1966 ж.),
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт (1966 ж.),
азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге бірінші және екінші
Факультативтік хаттама (1976 ж. және 1989 ж.) сияқты халықаралық актілер БҰҰ-ға
қатысушы мемлекеттер үшін міндетті заңды күші бар құжаттар ретінде қабылданды.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт адамның азаматтық (жеке)
құқықтарын (өмір сүру күқығы, бостандық және жеке басына тиіспеушілік құқығы, заң
алдындағы теңдік, ой, ар-ұждан және дін бос тандығы, сенімдер мен оларды білдіру
бостандығы же- не т.б.) және саяси құқықтарды (қауымдастықтар, бейбіт жиналыстар
бостандығы құқығы, мемлекеттік істерді жүргізуге және сайлауға қатысу, мемлекеттік
қызметке тең қолжетімдік құқығы және т.б.) жариялайды. Бұл пактіні Қазақстан
Республикасы 2005 жылы ратификациялады.
БҰҰ-ның азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге екі факультативтік
хаттама қабылданды. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге Бірінші
Факультативтік хаттамаға сәйкес, егер тұлғалар Халықаралық пактіге қатысушы мемлекеттің
қарауында болса және Хаттаманы ратифи- кациялау немесе оған қосылу арқылы Комитеттің
құзыретін таныса БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті жеке тұлғалардан арыздарды
қабылдай алады. Бұл ретте Комитетке арыз түсірген тұлға өз еліндегі құқықтық қорғаудың
барлық құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып болуы керек.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге екінші факультативтік
хаттамаға сәйкес Осы пактіге қатысушы елдерді өлім жазасын тоқтатуды және өлім
жазасына кесу туралы шығарылған үкімдерді орындамауды міндеттейді.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт әрбір
тұлғаның еңбекке және өз еркімен еңбекті таңдау, демалу, экономикалық және әлеуметтік
мүдделерді қорғау үшін кәсіптік одақтарды құру, әлеуметтік қамсыздандыру, білім алу,
мәдени өмірге араласу құқықтарын бекітеді. Бұл пактіні Қазақстан Республикасы 2005 жылы
ратификациялады.
Пактіге қатысушы мемлекеттер пактіде көрсетілген құқықтарды сақтау үшін қабылданып
жатқан шаралар туралы баяндамалар жасауы тиіс. Баяндамалар БҰҰ- ның Экономикалық
және әлеуметтік Кеңесінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
Комитетіне жолданады.
Адам құқықтары жөніндегі билль БҰҰ-ның нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін
жою туралы Халықаралық Конвенция, Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы
Конвенция, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-
намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция, Бала құқықтары
туралы конвенция сияқты адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілерімен толығады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған, негізгі мақсаты бала құқықтарын барынша
қорғау болып табылатын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ерекше атап өтуге
болады (1990 ж.). Конвенция нормаларына сәйкес, егер ұлттық заңнама кәмелетке жетудің
ертерек мерзімі белгіленбесе 18 жасқа дейінгі тұлғалардың бәрі бала болып саналады.
Балалар өз құқықтарын оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір
кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-
нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына,
баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына
қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.
Конвенцияның жүзеге асырылуын бақылау БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі арнайы
комитетіне тапсырылған. Қатысушы мемлекеттер оған конвенциямен танылған құқықтарды
орындау үшін қолданылған шаралар туралы ұлттық баяндамалар жасаулары тиіс.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстанда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және
қорғаудың негізгі механизмдері қандай?
2. Адам құқықтарын қорғайтын әмбебап халықаралық ұйымдарды атаңдар.
3. Адам құқықтары туралы Халықаралық билльге қандай құжаттар кіреді?
4. Адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық кұқықтық актілерді атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |