Тәрбие сағаты: Гүл ғажайып дүние. Мақсаты



Дата16.02.2018
өлшемі80,01 Kb.
#37715
Тәрбие сағаты:Гүл ғажайып дүние.

Мақсаты:

Оқушыларға гүл түрлері, гүлдердің мекен ету ортасы, ерекшеліктері,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, табиғатты аялауға ,қорғауға баулу. Эстетикалық талғам мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, бейне фильм, слайд, гүлдер.

1-жүргізуші: Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі- өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ , кисе киім, жақса отын, малына өріс, өзіне қоңыс болған. Сондықтан бір тал кессең, он тал ек, Атаңнан мал қалғанша тал қалсын, Көкті жұлма көктей соларсың деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.

2-жүргізуші.« Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Ол адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерді ,туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау –үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз гүлдер әлеміне арналады.

1-жүргізуші:

Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер

Жайнар кезім келді деп.

Қанаттарың желбіреп, таңмен бірге оянып

Күн нұрына боянып

Көрік бердің далаға

2-жүргізуші:

Гүлдер,гүлдер не түрлі,

Құлпырда да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Өрт дегенім -гүл екен,

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім

Үзіп алдым біреуін

Сыйлайын деп анама.

Қазір сіздердің алдарыңызға бір топ гүлдерді шақырамыз

(Гүл бейнесінде киінген қыздарды ұлдар көпшілікке таныстырады.)

Бәйшешек:

Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі-бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде науырыз айының бас кезінде көктеп бүршік жарады.


Мен боламын қырларында текеметтің.

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.

Ыдырады мұз бен қар,

Мен шыққан соң сыналып.

Ала бұлттан жұлдыздар,

Қарағандай сығалап.

Аз өмірдің өзінде,

От жалын боп лауладым.

Соғылған дер кезінде,

Күміс қоңырауларым.

Елемедім ызғарды,

Күнге күліп қарадым.

Қызықтырып қыздарды,

Гүлге негіз қаладым.


Қызғалдақ- лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан негізінен» түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді.Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны-Голландия болып саналады. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді.Осы фестивальда қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Ал екінші отаны-Голландия деп хабарланды. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: Ұлы жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа елдерді жалғастырды.

Қызғалдақтың сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы жібек жолы кезінде қызғалдақ әлем елдерінде таралғаны дәлеледеніп отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны-қазақстан екенін әлем мойындап отыр.-деген болатын.


Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,

Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.

Сәні деп өмірінің көңілінің,

Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.

Қызыл ғалдақ, ақ ғалдақ,

Қолда бар не мақталмақ.

Қазақстан ежелден,

Алуан гүлдер жапқан бақ.

Ұқсайды оған қоңырау,

Әркімге тиіс ұнау.

Құрта алмайды сан таптап,

Қазақпенен оны жау.

Кең төсінен даланың,

Сыйлар шаттық, маған мұң.



Інжугүл –бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдер кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж іжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күні «Інжугүлді гүлдер патшасы деп білемін»,-деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған . Ал, ол сөзге сазгер А.С. Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші»аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.

Көктемнің алғаш гүлінің,

Інжугүл атты бірімін.

Адамдықтың, достықтың,

Куәсімін, жырымын.

Жапырағым жайылған,

Секілді қос алақан.

Қоңыраудан жоқ, айырмам,

Келбетіме қарасам.

Тұңғиық-су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, ұш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдеміліг көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқабөледі», -деген екен.Оның гүлі ақ, алқызыл,күлгін көк, қан қызыл болады. Қазақстанда аз мөлщерде жайық өзені маңайында кездеседі.

Ақ көйлекті бойжеткен

Қалқып жасыл қайықпен,

Көлде жүзіп жүргендей,

Қарайсың таң қалып сен.

Суда малти білмейсің,

Жетпейсің ол гүлге сен.

Тақсаң оны кеудеңе,

Көрінесің мүлде сен.

Орның ерте кештегі,

Өзгертер бұл көшпелі

Оған себеп толқынды,

Су үстінде өскені.

Қалампыр гүлі- Еуропа еліненен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі-ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

Жайлауда жел тербесе,

Иісіңі дала аңқыр.

Бақшадан да мен неше,

Көрдім сені Қалампыр.

Ежелден халық бұл гүлді,

Жалқауларға қимайды

Қорғайтын елді, үлгілі,

Батырларғы сыйлайды.

Қызыл, сарыгүл көрдім,

Ағы да бар не түрлі,

Қалампыр гүл гүлдердің

Ардагері секілді.

Бақытгүл –ерекше гүлдейтін өсімдік. Негізінен ол Қытай Жапон елдерінен тараған. Бұл гүлді қалыңдыққа сыйлайды. Адамдар кейде оны ең жақын адамдарына сыйлап жатады. Гүл түстері сан алуан. Халық арасында «Бақыттылық белгісі» есебінде танымал гүл.

Күздің гүлі бақытгүл

Қарашада атып гүл

Хош иісі сүйсінткен,

Ең әсем гүл бақтағы.

Ою-өрнек қатпары,

Өте үйлесім тапқаны.

Кіндігін кейде қыздарша

Көрсетпец әдеп сақтады.

Нарғызгүл- гүлдері қатпарланып,шеңберленіп орналасқан әдемі, көрікті гүлдерінің бірі. Отаны Мексика. Ыстық және салқын ортаға да төзімді гүлдердің бірі.

Гүлінің ұсақ қатпары,

Шеңберленген біркелкі.

Бұл да әсем гүл бақтағы,

Көз тартарлық тұр, келбеті.

Мексикадан тараған

Әлемге болып танымал.

Бұл күнде көк пе қарадан,

Басқа түстің бәрі бар.

Бөртегүл-әдемі өсімдіктердің бірі. Қазіргі таңда бөртегүлдің жүзге жуық түрлері бар. Оны гүлдері сия көктен алқызыл, сары, қызыл болып келеді.

Жұпар иіс сиренді,

Қазақша бөртегүл дейді.

Қоршап бақша үйлерді,

Көктемде ерте гүлдейді.

Айтсақ сөздің анығын,

Мәлім бізге ерте бұл,

Шыңғысханның жарының

Аты осы Бөртегүл.

Қоңыраугүл-гүлінің аты сыртқы тұрпатына қарап қойылған. Ол қышқыл топырақты жерлерде өседі. Қоңыраугүл маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, сия көк, сары,күлгін болады.

Әр түсті алуан түрі бар.

Бір ашылса қаулайды.

Қарап тұрсаң қызыл- ақ,

Тү рілген сәл кемері.

Үлкендеу бірін үзіп ап,

Сыңғырлатқым келеді.

1-жүргізуші

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Сол тұрғаның ұнайды,

Құлпырғаның ұнайды.

Ұқсап сәби балаға.



2-жүргізуші

«Гүл»дегенің жүрегі ғой даланың.

Сұлулығы туған жердің қаланың,

Жан тербейтің нәзік сұлу гүлдерді,

Күтіп-баптап аялайтын баламыз.

Есемсейтов Мейрамның орындауында ән тамашалаңыздар.



Тәрбие сағатына қатысып отырған ұстаздардан сауалнама жүргізіледі.

Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?

Қызыл-белсендік пен өмірлік күш қуаттың белгісі.Бұл түсті батыл,табанды, ерлік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетікшілікке келеді.

Қызыл раушан-махаббат белгісі

Ақ раушан-құпиялық белгісі

Лала гүлі-тазалық белгісі

Наркез-шығыс елдеріндГүл е жаңа жыл белгісі

Сүмбілшаш-кездесу белгісі

Інжугүл-шабыт беруші

Қалампыр –ерлік пен өрліктің белгісі

Бақытгүл- бақыттылық белгісі

Қызғылт-жалынның түсі,негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді.Олар жарқын,айрыұша адамдар.Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету үшін өмірлерін қиюға әзір.

Қызыл-белсендік пен өмірлік күш қуаттың белгісі.Бұл түсті батыл,табанды, ерлік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетікшілікке келеді

Сары-жылу және жарықтың түсі.Бұл адамдар көпшіл,достыққа берік,еркіндікке талпынғыш. Ол бәріненде өз еркіндігін биік қойып,әр түрлі шектеулерді жек көреді.

Көңіл күйі тез өзгеріп, оптимис адам.

Алқызыл-нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы,жарқын жақтарын ғана елеп,ескеріп,қараңғы түстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін,кіршіксіз,табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ-шаттықтың түсі.Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл,қызба келеді,тез еліктегіш.Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалына қалады,кейде ол өзгенің ықпалына да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк-адамдар арасындағы жақсы қарым- қатынасты ең жоғары бағалайтын адам.

Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдақты, салқындықты,араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет