ҚАЗАҚСТАНДА АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН
ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҒАЛЫМДАР
Бейсенбаева Ғ.Қ – оқытушы
Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар жүргізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Қазақстанда дефектолог мамандарды дайындау дұрыс жолға қойылмаған еді.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, сол кездегі Ленинград қаласындағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлініп, білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл шара отандық арнайы мекемелердегі мамандарды толығымен қамтамасыз етпеді. Өйткені жоғарыда атап көрсеткендей, сол жылдардан бастап арнайы мектептердің саны біршама артқан болатын.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастау алды. 1976-1977 жылы бөлім болып, кейін дефектология факультеті ретінде қызмет етіп қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды даярлау тәжірибесінің іргетасы қаланды. ҚазПИ‑дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына үлес қосқан дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М. және т.б. болды.
Қазақстанда дефектология ғылымының дамуы Ж.И.Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл‑ойы кемтар балалардың өзін‑өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында нақтыланған.
80-шы жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақты М.Ш.Адилова кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор болды [1].
Л.О.Сарсенбаева көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын қарастырса, Л.Х.Макина ақыл‑ойы кемтар балалардың тұлғааралық қарым‑қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілді меңгеру мәселесін зерттеп бұл салада да құнды еңбектер жазды. Атап айтқанда, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесі бойынша мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Ал математика әдістемесі бойынша Р.А.Сүлейменова ақыл‑ойы кемтар балалардың емеп шығарудағы қиындықтарының ерекшеліктерін зерттеуі мен И.Е.Терехованың көмекші мектепте ондық бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігімен ерекшеленген. Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік бейімдеу жұмысын әзірлеу үшін А.Қ.Рсалдинованың ақыл‑ойы кемтар балалардың стандартты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, бағалы еңбек.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілдік оқу мәселесін зерттеп, бұл салада құнды еңбектермен танымал. Соның бірі Өмірбекова Қ.Қ. [2] «Көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателерінің түрлері» атты жұмысында мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді ЖСТД балалардың сөйлеу тілінде көптеген кемшіліктер, қателіктер кездесетінін анықтады. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жағы. Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық дыбыстардың жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде: ң, қ, ү, ұ фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағанын анықтаған және көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесінде мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М.Коржова мен А.Қ.Сатованың диссертацияларында көрініс алады. Нақты Г.М.Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ.Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселелерін зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
Сондай‑ақ еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан коррекциялық‑педагогикалық көмек көрсету жүйесін әзірлеген қазақстандық ғалым Р.А.Сүлейменованы [3] атауға болады. Оның зерттеуі қазіргі таңда бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:
Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг – «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
Скрининг нәтижесінде анықталған «қатер» тобындағы балаларды ата‑аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық‑медициналық‑педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.
Арнайы бала‑бақшаларды жалпы үлгідегі бала‑бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын түзетушілік жұмыс
Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми‑әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
Мемлекеттік құқықтық қамтамасыз ету.
2002 жылы А.К.Ерсарина дамуында ауытқушылықтары бар балаларды ерте жастан анықтау, кеңес берудің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысып, қажетті әдістемелік нұсқау, құралдарды мамандарға ұсынған. Сонымен бірге, кемтар балаларға ерте жастан көмек көрсету саласындағы А.Д.Жалмұхамедованың мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан білім беруге баулудың, ұйымдастырушы-әдістемелік негіздерін қарастырған еңбегінің мәні зор.
Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың дамыту мәселелерін нәтижелі түрде іздестіруде Л.К.Макинаның зерттеу жұмыстары маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, балалар үйінің тәрбиелік ортасының спецификасы жасөспірімдердің тұлғалық қарым-қатынастарын қалыптастыруда міндетті түрде көрініс табады. Осы зерттеу жұмыстарына орай бірінші жоспарға интеллектуалдық бұзылыстары бар жетім балаларды өз бетімен өмір сүруге даярлау. Оларды әлеуметік ортаға біріктіру мәселесі қойылып, түзетушілік іс-шаралардың жүйесі ұсынылды (балаларды балалар үйінің жағдайында тәрбиелеу). Зерттеу жұмыстарында есту қабілеті зақымдалған, көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың тұлғааралық мәселерін зерттеу ұсынылды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке даярлықтарын қалыптастырудағы түзетушілік жұмыстың мәселелерін ашудың аспектілері жаңа, әрі өзекті болып келеді. З.А. Мовкебаева сауат ашуды ары қарай меңгеру үшін кеңістіктік дағдыларды кезеңмен ашқан. Сонымен, балаларды мектепке даярлаудың маңыздығы дәлелденіп, сол тақырып бойынша зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, сөйлеу тілінде ауытқушылықтары бар балаларды мектепке даярлықтарын қалыптастырудың интегративті моделі ашылған.
Г.А.Абаева игеру қабілеті зақымдалған қазақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, ойдың қазақ фольклорының түрлі жанрларын түсінуін зерттеген болатын. Көру қабілеті зақымдалған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың әдістемесін ашуда бұл мәселені шешу баланы мектепке даярлау кезіндегі түрлі қазақ фольклор жанрларын қолданумен тыңыз байланысты екендігін көруімізге болады.
Г.С.Оразаева мектепке дейінгі логопедиялық іс-тәжірбиеде қазақтың ұлттық ойындарын түзетушілік бағытта қолданудың типологиясын сипаттаған. Қазақ ұлттық ойындарының тарихы мен шығу тегін зерттей отырып, олардың ерекшеліктерін анықтап, ғасырлар бойы жинақталған әлеуметтік тәжиірбиесі мол колоритпен даналықта жинақталған тәрбиелеу және білім беру мүмкіндіктерін логопедиялық жұмыс барысында қолдануды сипаттаған.
Г.А.Абаева мен Г.С.Оразаева жүргізген мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін жағдай туындатып, қазақ халқының мәдениетіне қол жеткізуге жол ашып отыр. Аталған мамандардың басшылығымен жұмыс істеп келе жатқан жас кадрлар да он жылдық ішінде отандық білім беру аймағына өз үміттерін қосуда. Олар А.А.Байтұрсынова, А.А.Даурамбекова, Г.И.Тулебиева, Г.Б.Ибатова және т.б. Қазіргі уақытта арнайы педагогика кафедрасында зерттеудің төмендегідей бағыттары айқындалған: мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың сөз туындату дағдыларын қалыптастыру, қазақша оқытылатын ақыл-ойы кем балаларды сауат ашуға үйретудің ғылыми – әдістемелік негіздері ретінде көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау ерекшеліктерін анықтау.
А.А.Тайжан, Л.И.Завалишина, Л.Н.Манжуова, Г.С.Шубаева зерттеу жұмыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетудің медициналық аспектілерін қарастырған.
Ең алғаш рет Қазақстанда есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арналған «Естімейтіндер әлемінде» атты терминалогиялық сөздік шығарылды (Ж.И.Кошикова). Сөздіктің қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі түп нұсқаларын шығару мәселесі БҰҰ–дағы мүгедектердің құқықтары жайлы (2007) конвенциясымен бекітілуде. Сонымен қатар мемлекет Конвенциясы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты бірқатар өзгерістерді қабылдауда.
Ең алғаш қазақ кемтар балалардың ерекшеліктерін ғылыми зерттеулері тәуелсіздіктен кейін жүре бастады. А.Н.Аутаева [4] естуінде ауытқуы бар балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеген. Бұл отандық естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс. Ол есту қабілеті бұзылған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру психологиялық‑түзету жұмысында олардың потенциалды мүмкіндіктеріне, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің психолингвистикалық негіздеріне, сөйлеу тілі дамуының психологиялық, психофизиологиялық заңдылықтарына сүйене отырып жүргізу қажеттігін қарастырған.
Әдебиеттер
Адилова М.Ш. Особенности психомоторики младших школьников с ЗПР. Автореф.дис.канд.псих.н. – М.,1988
Омирбекова К.К. Формирование связной письменной речи учащихся IV классов вспомогательной школы: Автореф.дис.канд.пед.н. – М:,1985.
Сүлейменова Р.А. Организационно-технические основы ранней коррекционно-педагогической помощи детям с ограниченными возможностями. Автореф.дис.док.пед.н.-М:, 2001
Аутаева А.Н. Психолого-педагогические основы формирование звукопроизношение у детей-казахов с нарушениями слуха 7-8 лет. Дисс. Алматы, 1999
Достарыңызбен бөлісу: |