Қазақстанда бейнелеу өнерінің Қалыптасу тарихының кейбір мәселелері жолдасбекова Қ. Е



Дата18.06.2017
өлшемі144,87 Kb.
ҚАЗАҚСТАНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНЫҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жолдасбекова Қ.Е. – Абай атындағы ҚазҰПУ 6МО11400 - тарих мамандығының

2 курс магистранты, karakoz_91j@mail.ru
Бұл мақалада Қазақстанда сурет салу өнерінің қалыптасу тарихының кейбір мәселелері баяндалады. Қазақстандағы сурет салу өнері қалай қалыптасқандығы мен алғашқы суреттер қалай пайда болғандығы жайлы, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнеріне үлесін қосқан суретшілердің шығармашылығы, олардың Қазақстан Суретшілер Одағының құрамындағы қызметі туралы айтылады. Одақтың нақты құрылған уақыты туралы деректер келтіріледі. Суретшілер одағын құруға байланысты атқарылған жұмыстар, оны құрудағы мақсат, Одақ құрылғаннан кейінгі суретшілердің жүйелі түрде өтетін көрмелері мен съездернде қарастырған мәселелер баяндалды. Қиындықтарға қарамастан Қазақстан Суретшілер Одағының суретшілердің басын біріктіріп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқандығы баяндалады.

Түйін сөздер: сурет салу, қазақ бейнелеу өнері, суретшілер одағы, суретшілер, мүсіншілер.
Қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіз ел ретінде дамудың жаңа жолына түскені белгілі. Биыл еліміздің тәуелсіздігінң 25 жылдығы аталып өтуде. Осы өткен уақыт аралығында халқымыздың рухани сала-сында да көптеген шаралар атқарылды. Тарихымыздың талай ақтаңдақ беттері анықталып, бүгінгі күнгі қоғамдық сұраныстарға лайық қайта жазылуда. Сонымен қатар, ұлттық мәдениетіміздің де көптеген мәселелері, оның ішінде бейнелеу өнері қатысты кейбір мәселелер де қайта қорытылып жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда елімізде бейнелеу өнерінің қалыптасуы, осы саланың кәсіби мамандарын біріктіретін шығармашылық ұйымның тарихын бүгінгі таңдағы сұраныстарға сай зерделеу өзекті деп ойлаймыз.

Қазақстан суретшілер одағының қалыптасу тарихы туралы мәселені қарастыруда қазақ бейнелеу өнерімен сабақтастыра қарастырғанымыз жөн. Қазақстан суретшілер одағының құрылу тарихына тоқтамас бұрын қазақ жеріне алғаш суретшілердің келуі туралы айтып кетуді жөн көріп отырмын. Қазақ даласында бейнелеу, сурет өнерінің пайда болуы патшалық Ресейден түрлі мақсаттарда келген орыс суретшілерімен байланысты. Бұл жағдай әрине Қазақстан Ресейге қосылған тұста орын алды.

Еліміздің табиғи қазба байлықтары, жер суы қашанда патшалық Ресейді қызықтырып келді. І Петр патша Қазақстанды оңтүстік, Оңтүстік Азияға кіретін "қақпа мен кілт" [1] деп айтты. Міне осы мақсатта табиғи байлықтарымызбен қоса халқымыздың салт дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін зерттеуге арнайы экспедициялар ұйымдастырылып 1664 суретші қазақ жеріне аяқ басты. Олар Еуропа мен Ресейде арнайы білім алғандар болатын.

Суретшілер өз қызығушылығымен келді десекте, басым көпшілігі арнайы тапсырмамен келгенде-рі де болған. Мысалға алатын болсақ, ағылшын суретшісі Джонь Кестельмен академиялық суреттер салушы Петр Григорьев ғылыми экспедициялармен, Андрей Горонович мемлекеттік қызметке, Асилий Штернберг қонаққа келді, Тарасс Шевченко мен Бронислав Залесский айдауда болды, Василий Веращагин әскери жорыққа қатысты, В. Белослюдов пен Г.Гуркиндер қазақ өнеріне қатысты қызықты этнографиялық материалдар жинады.


Мемлекеттік кеңесші И.К.Кирилловтың 1734 жылғы Орынбор экспедициясына қатысқан ағыл-шын суретшісі Джон Кестельдің жұмыстарын бізге жеткен алғашқы суреттер қатарына жатқызамыз. Оның суреттерінде далалықтардың кимдерінің ерекшеліктерін, әскери қару жарақтарын, дала табиғатын бүгінгі күнге дейін жеткізген. Олардың ішінде құмалақ ашу, қонақ күту сахналары, көш көріністері, көлден өту эпизодтары бар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей суретшілер әр түрлі мақсатта келді. Олардың шығармаларынан қазақ халқының әлеуметтік өмірімен қазақ даласының табиғатына деген қызығушылықтарын байқа-уымызға болады. Әскери қызметпен келген суретшілердің бірі В.И.Штеренберг Қазақстанда алты ай болып шығармашылығында үлкен той томалақ, күнделікті тіршілік кездеріндегі халық өмірін сипаттаған. Оның қазақ даласынан алған әсерін В.И.Вороновичке жазған хатында: "Это было самая приятная, самая интересная поездка в моей жизни", - деп ерекше әсермен баяндайды [1,38б]. Штерен-бергтің жұмыстарынан халықтың көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, тұрмыс көріністері, күнде-лікті өмірін мұқият бақылағаны байқалады.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, қоғамдық өмірін бейнелейтін суретшілер қатарында П.Кузнецов, В.Верщагин, Т.Г. Шевченко, А.Н. Горонович және Н.Хлудов болды.

Қазақстан әр түрлі ұлттардан шыққан суретшілердің екінші отаны тәрізді болды. Дегенменде, қазақ бейнелеу өнері үшін орны ерекше суретшілерде болды. Н.Хлудов шығармашылығынан қазаққа берілгендігі, нәзіктігімен тұрақтылығы, ақкөңіл тазалығы, адами жанашырлығы байқалып тұрады [1].

Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасып дамуы өте күрделі болды. Осы өнердің дамуына қазақтан шыққан тұңғыш суретші этногроф-ғалым Ш.Уәлиханов үлкен үлес қосты. Оның сурет өнерінен арнайы білімі болмасада, оның шығармалары кәсіби суретшілердің суреттерінен кем емес. Ол негізі-нен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Адамның мінез-құлқын дөп басып береалатын психолог болған. Шоқаннан бізге мұра болып қалған 150-ге жуық суреті бар. Шоқанның суреттерінің көпшілігі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» сияқты беделді басылымдарда жариялан-ған. Шоқанның «Тезек төре», «Потанин», “Қазақтың бейнесі”, “Қырғыздардың ат баптауы”, “Ұйғыр-лардың киім киісі” т.б. жұмыстарынан кәсіби суретші екенін байқалады. Шоқанның шығармала-рынан әлемге әйгілі суретшілер Леонардо да Винчи, Рафаэль Сантидің туындыларындағы әдіс тәсіл-дер байқалады. Әсіресе, оның долбар суреттері Леонардо да Винчидің эскиз суреттеріне өте ұқсай-тындығы айтылып жүр. Шоқанның шоқтығы биік жұмыстарының бірі –  осы долбар суреттері. Соның бірі – «1856 жылы Құлжада қытай жайсаңдарын қабылдауымыз» атты топтама портреттік шығарма.

Ш.Уәлиханов талғамы биік, сезімтал, шебер суретші болған. Қазақ бейнелеу өнерінің графика, кескіндеме саласында да Ш.Уәлиханов жоғары шеберлікке жеткеніне оның шығармалары дәлел бола алады. Сонымен қатар, ол өз шеберілігімен орыстың атақты суретшілерінің қатарынан орын алды [2].

Хлудов 1850 жылы Орлов губерниясында туылып, ал 1879 жылы Жетісу облысының орталығы Верный қаласына келіп, өмірі мен шығармашылығын осы өлкемен байланыстырады. Оның жергілікті халықтың өміріне арнаған жұмыстары:"Өгізге мінген бала", "Даладағы малшы бала", "Жасауыл", "Киіз үйде", "Түнгі барымта", "Қыста қалаға бару", "Қаралы көш", "Бие сауу", "Қой сауу", "Түйемен жер жырту", "Бәйге" суреттері халқымыздың қоғамдық-әлеуметтік өмірінің әр қырларын бейнелейді [1,51б].

Алматыдағы орталық музейде жұмыс істеген Домбровский Хлудов жайлы: "...он рисовал не только степи и горы, но и ту степень изумления и восторга, которые ощущает каждый, кто первый раз попадает в этот необычный край ....именно поэтому каждое его полотно ликует и смеется от радости... ", "Я люблю Хлудова за свежость, за радость, за полноту жизни, за красоту событий, кото-рые он увидел и перенес на холст. Я люблю его за солнце, каторое так и бьет на меня со всех его картин. Или яснее и проще: я люблю и понимаю его так, как дети любят и помимают огромные литографии на стене, чудесные поздравительные открытки, блестящие переводные картинки, детские книги с яркими лакированными обложками..." - деп жазды [3, 36-43б.б].

Хлудов қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, 1920 жылы жеке бейнелеу студиясын ашты. Осы студияда сабақ бергенде арнайы сурет мектебінде оқымаған Ә.Қастеевке қамқорлық жасап, Әбілханға сурет салу әліппесін үйретті [4]. ХХ ғасырда Хлудовтың қазақ өнеріне қосқан шығармашылығының маңызы өте зор болды.

Қазақстан Суретшілер Одағының құрылуына ең алғаш жасалған қадам 1920 жылы ашылған қазақ бейнелеу өнерінің кәсіпқой суретшілерін даярлайтын студия. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов, А.С.По-номарев сабақ берді. Суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Сонымен қатар, кәсіби суретшілердің қалыптасуына сол кездегі одақтас республикалардағы танымал шеберлер Б.В.Иогансон, А.А.Дейнека, С.В. Герасимов, А.А.Пластовтың сіңірген еңбектері мол [5].

Қазақстан суретшілер одағы алғашқы кәсіби өнертанушылар мен суретшілердің басын біріктірген одақтың бірі болды. Алматыда тұратын суретшілер 1929 жылы суретшілердің басын біріктіріп, Революциялық Ресей Суретшілерінің Ассоцациясы филияалын «бұқара қауымға көркем қызмет көрсету және тәлім-тәрбие беру» мақсатында құруды ұсынды. Осыдан кейін қазақстан Суретшілер одағын құруға даярлық жұмыстары басталды. 1933 жылы Одақтың ұйымдастыру комитеті құрылды. Бұл одақ Қазақстанда жұмыс істейтін суретшілерді тіркеу, суретшілердің шығармашылығын бір ортаға шоғырландыру мен жүйелеу, көрмелер ұйымдастыру және т.б. жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, тапсырыстар бойынша өнер туындыларын орындайтын кооператив «Қазақ суретшісі» жұмыс істеді. Ұйымдастыру комитетінің бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 1930 жылдың соңында өнер мектебі мен өнер галереясы ашылды. Ал Қазақ Суретшілер Одағының негізі 1933 жылы қаланды.

Ұйымдастыру Комитеті Төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы В.Сладков Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің өнер ісі жөніндегі басқармасы бастығына 1938 жылы жазған: «... оның туылу тарихына тоқталып кету қажет: нақты белгілеп беру мүмкін емес, бірақ, Қазақ Кеңес Суретшілер Одағы Ұйымдастырушылық Комитетінің алғашқы ұйымы 1932 жылға жатады, 1933 жылдан еш кеш емес. Себебі, ҚКСО мұрағатында осы жылмен белгіленген құжаттар ұшырасады (егер сол кезден сақталып қалған қағаз тіліктерін мұрағат құжаттары деп айтуға болатын болса)» [6] деп көрсетеді.

Одақтың құрылған жылы туралы суретші И.И.Савельев: «1933 жылы Қазақ Өлке Комитетінің бірінші хатшысы Мирзоян жолдастың бастамасымен Қазақстан Кеңес Суретшілері Одағының ұйым-дастыру бюросы құрылды, оның артынша «Қазақ суретшісі» кооперативі пайда болды» [7] деп жазады.

1940 жылы 26 маусымда Мәскеуде Қазақстан суретшілер одағының ең алғашқы республикалық съезі өтеді. Съезде Суретшілер одағының Жарғысы талқыланып бекітіледі. В.Сладков өзінің есеп беру баяндамасында 1940 жылы ҚКСО Бірінші съездінде жаңа ұйымның құрылған жылын ғана емес, айын да көрсетіп: «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Үкіметі мен Партиясының шешімімен 1933 жылғы шілдеде ҚКСО Ұйымдастырушылық комитеті құрылды. Оның қызметіне Қазақстанның суретшілерінің барлығын анықтап, бастарын біріктіру, Одақты ресми бекіту мақсатында суретші-лердің Бірінші съездін өткізу» [8] туралы шешім қабылданғанын атап айтады.



ҚКСО-ның мүшесі суретші Ф.Болкоев, өзінің түрлі баяндамалары мен есеп берулерінде аталмыш одақтың құрылған уақытын екі рет нақты 1933 жылғы шілде деп көрсетеді. Ол 1933 жылғы қараша және 1936 жылғы желтоқсан айлары арасындағы атқарған жұмысы жайлы өзінің баяндамасында: «ҚКСО Ұйымдастыру комитеті 1933 жылғы шілдеде партияның өлкелік комитетінің нұсқаулық-тарымен құрылған еді» [9] дейді. Ал Қазақстан Кеңестік Суретшілер Одағының V съезінде сөйлеген сөзінің стенограммасында А.Исмаилов 1933 жылғы 11 шілдеден қыркүйекке дейін Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болғанын, сосын қыркүйекте оның орнына Ф.Болкоевтың келгенін айтады. Соған қарағанда Қазақстан Суретшілер одағының алғашқы төрағасы А.Исмаилов болған сияқты. Одан кейінгі Суретшілер одағының Төрағалығы қызметін кімдер қай жылдары атқарғанын төмендегі кестеден көруге болады:




Аты-жөні

Туылған жылдары

ҚКСО төреғалығы қызметін атқарған жылдар

1

Исмаилов Әбубәкір

1913-1988

1933

2

Болкоев Федор Иванович

1905-1965

1933-1936

3

Джанкин М.М




1936-1937

4

Мартынов Григорий Семенович

1893-

1937-1938

5

Сладков Владимир Николаевич

1939

1938-1940

6

Брылов Георгий Александрович

1898-1945

1940-1943

7

Левин М.З.

1895-1946

1943-1945

8

Белов Михаил Александрович

1900-

1945-1948

9

Баранов Константин Яковлевич

1910-1985

1949-1951

10

Наурзбаев Хакімжан Исмаханұлы

1925

1951-1954

11

Қастеев Әбілхан

1904-1973

1954-1956

12

Мамбеев Сабыр Абдурасулұлы

1928

1956-1959, 1959-1962, 1968-1982

13

Гаев Николай Степанович

1921-2001

1962-1965

14

Телжанов Қанапия Темирболатович

1927

1965-1968

15

Ниязбеков Шәкен Онласынұлы

1938

1982-1986

16

Хайдаров Амен Абжанұлы

1923

1986-1987

17

Мергенов Еркін Тілекұлы

1940

1987-1993,

1998-2009



18

Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы

1946

2009-2016

19

Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы

1964

2016

Қазақстан Суретшілер одағының алғашқы мүшелері: Әбілхан Қастеев Николай Крутильников, Алексей Бортников, Александр Пономарев, Әубәкір Ысмайылов, Валентин Антощенко-Оленов және басқалар болды.

Қазақстан Суретшілер Одағының ұйымдастыруымен суретшілердің алғашқы көрмесі 1933 жылы өткізілді. «Казахстанская правда» газетінің «Хабарландыру» айдарында «Қазақстан суретшілерінің социалистік құрылыс үшін күресі» атты көрмеге кәсіби суретшілер, сурет салу сабағының мұғалім-дері, өздігінен сурет салушылар шақырылды. Бұл хабарландырудың астына алғаш рет Қазақстан Кеңес Суретшілер Одағының ұйымдастырушылық комитеті деген қол қойылған [7 ].

Көрмеге жаңа туындылармен қатар түрлі мұражайлар мен кеңселердегі туындылар қойылған. Семей облысынан 130-дан аса экспоноттар алып келінген. Оның көпшілігі өз бетінше салынған туындылар. Алғашқы көрмені ұйымдастыру барысында қиыншылықтар көп болғаны байқалады. Көрмеге бастапқыда берілген қалалық кітапхананың ахуалы тым нашар, жарық аз түсетін, орындары жетіспейтін, бөлмелері тар болды. Кейіннен көрме өткізуге кітапхана директоры қарсы болып, көрме мұражай залында өткізілетін болған. Көрменің өтуіне белсене қатысқан суретшілер: А.Исмаилов, Ф.И.Болкоев, А.М.Зотиков, Н.И. Крутильников, Н.Никешин, В.И.Оленев-Антощенко, А.А.Риттих, Н.Д.Тимофеев, Ф.А.Чернышев, т.б. [10].

1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ашылады. Бұл суретшілердің шығармашылығын шыңдауға үлкен жол ашты. Кәсіби суретшілердің тың тақырыптарда салған туындылары пайда болды.

Қазақ халқының атақты суретшісі Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Әбілхан Қастеевтің ғажайып туындыларына қарап отырған кезде, олардың авторы-ның жиырма жасқа дейін хат танымағанына, өз ауылынан алысқа ұзап шықпағанына, тіпті қарындаш пен қағаздың өзін алғаш рет 1922 жылы ауылда тұңғыш мектеп ашылғанда ғана он сегіз жасында, барып ұстағанына сене қоюыңыз қиын [10].

Қылқалам шеберлерінің тағдырыда күрделі де, қызықты болды. Олардың бірі қазақ бейнелеу өнеріне зор үлесін қосқан суретші Валентин Антощенко Оленов болды. Суретшінің өмір бойы тынымсыз жұмыс істегеніне «Еңбексіз күн қараң», «Еңбек сүреді екенсің қоғамға пайдалы еңбек етуге тиссің» деген өмірлік қағидалары дәлел бола алады. Қазақстан Суретшілер одағы құрылғанда құрамында небәрі жиырма суретші болған. Жиырманың бірі Валентин Антощенко-Оленов еді. Анто-щенко-Оленов бұл кезде еліміздің астанасы Алматыда қызмет істеді. Амиров Рашид Александрович-тің пікірінше Республикалық Суретшілер бірлестігінің шеңберінде көрме ұйымдастырылып жүйелі түрде жүргізіліп жолға қойылғандығы туралы айтылады. Суретшілер арасында нағыз творчествалық ынтымақтастық қалыптасады, тұрақты түрде студиялық жұмыстардың жүргізілуі, Қазақстан суретші-лерінің кәсіби шеберлігін арттыруға игілікті әсер еткендігі туралы мәліметтер бар. Қазақстан Сурет-шілер одағы қалыптасу кезінде еліміздің бейнелеу өнерінің алғашқы жастары өсіп-өніп, күш ала бастады. Антощенко-Оленов одақтың құрамындағы Ә.Қастеевпен, Ә.Ысмайыловпен, Қ.Ходжиков-пен, Л.Гербановский, К.Барановтармен достасады. Өз әріптестерімен іс-тәжірибе алмасуға дайын тұратын [11].

Қазіргі таңда одақтың еліміздің басқа өңірлерінде 11 филиалы бар. Қоғамдық шығармашылық одақтың құрамында 700 ге тарта кәсіби суретшілер бар. Олардың құрамына суретшілер, графикалық суретшілер, мүсіншілер, суретшілер мен монументалды-сәндік өнер, халық суретшілері мен өнерта-нушылар кіреді.


Қазақ халқы ұлттық және көркем өнерге бай халық. Осы өнерімізді жандандырып, ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында жеткізуде сонымен қатар кең насихаттауда Қазақстан Суретшілер Одағының алатын орны ерекше. Суретшілердің басын біріктірген алғашқы одақ, даму жолына түсті. Қазақ көркемөнер мектебін қалыптастырды. Құрамына тек қана суретшілерді емес, кескіндемешілерді, мүсіншілерді, өнертанушыларды біріктірген одақтың қызметі жыл өткен сайын жандана түсті. Жас талантты суретшілер қатары көбейіп, кәсіби суретшілердің шығармашылығының жандана түсуіне жүйелі түрде ұйымдастырылған көрмелер көп септігін тигізді. Дегенменде, қиыншылықтар көп болды. Қаражаттың жетіспеуі, көрме ұйымдастыратын ғимараттың болмауы және т.б. Бұл қиыншы-лықтарға қарамастан Қазақстан Суретшілер одағының беделі мен мәртебесі көтеріліп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына көп үлесін қосты.
1 Қазақ өнерінің тарихы. - 3 томдық (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың бірінші жартысы, ІІІ- том, 1-кітап). - Алматы: "Өнер", 2008. - 607 б

2 www.abai.kz

3 Домбровский Ю. Н.Хлудов учител рисования // Факел. Рассказы. Алма Ата. Жазушы, 1974. 36-43 б.б

4 Р.Төленқызы. Ш.Пірімбаев суретші, суретшілер күш қуатты табиғаттан алады. //Астана ақшамы 2010. - 23 қыркүйек (№104). 6-7 б

5 www.shrk.kz

6 Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік М ұрағаты А. І736-қор, І-тізбе, 13-іс, 227 п.

7 Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Союз художников Республики Казахстан 1933-1991. Алматы, Интерпринт 2009.

8 ҚР ОММ. І736-қор, І-тізбе, 58-іс, 36 п.

9 ҚР ОММ. І736-қор, І-тізбе, 13-іс, 201 п.

10 Нұрғалиев Р. Тума талант.//Алматы: «Жалын» 1984.- № 1-161 б

11 Антощенко-Оленов Валентин. Мастера изобразительного искусства Казахстана: Альбом. - Алма-Ата: Өнер, 1983. - 128 с



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет