2-Жүргізуші: Президент өз баяндамасында елімізде орын алған қақтығыс салдарынан туындаған қиындықтарды еңсеру жолдары мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері мен оларды шешудің бағыт-бағдарын айқындады.
Осы мақсатта, жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловқа нақты тапсырмалар жүктеді.
Еліміздегі құқық қорғау органдары жүйесіне түбегейлі реформа жасап, олардың жауынгерлік дағдылары мен дайындығын күшейту, материалдық-техникалық базасын жақсарту, жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру мәселелерін іске асыруды міндеттеді.