1-Жүргізуші:
Қаңтардағы қантөгістен бері бір ай өтті, осы оқиғаға студенттеріміз шолу жасап өтсе.
Шымкентте түнгі шеруге мыңдаған адам шықты
5 қаңтарға қараған түні Шымкентте бірнеше мың адам әл-Фараби даңғылынан шамамен он шақырым жердегі қала әкімдігіне дейін жаяу жүріп өтті. Екі сағатта әкімдік алдына жеткен наразылар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап етті. Наразылық барысында әкімдік жанында тұрған полиция көлігі бүлінді, кейбір көлікті аударып тастады.
Жиналған халық Қазақстан әнұранын айты, "Оян, қазақ!", "Шал, кет!", "Жинал!", "Қосыл!", "Жаңаөзенмен біргеміз!" деп айқайлады.
- 30 жылда Қазақстанда айтарлықтай өзгеріс болмады. Жұмыс жоқ, халық аш. Қымбатшылық. Газ бағасын 50 теңгеге түсіру халыққа ештеңе бермейді, тұрмысын жақсартпайды. Бұл - уақытша алдау, - деді наразылардың бірі.
Жиналғандар арасында дауыс зорайтқыш құралын ұстаған адамдар көпшілікті арандатуға жол бермеуге, ештеңені бүлдіріп-қиратпауға, қоқыс тастамауға шақырып жүрді.
Түнгі сағат үштер кезінде жиналғандар толық тарады. Полиция наразылыққа араласпады. Сейсенбіде Шымкент Плаза маңында наразылық басталған сәттен бастап интернет ажырап қалды.
Алматыда 5 қаңтар түнде болған оқиғалар(видео)
Достарыңызбен бөлісу: |