«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2013. Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын оқимыз



Дата02.07.2018
өлшемі31 Kb.
#46009

«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2013.

Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын оқимыз.

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Сондықтан ұйымдастыру комитетінің шешімін, яғни, бүкіл ел болып оқып, танып, біліп-талқылайтын кезекті қазақ әдебиетінің шығармалық туындысын асыға күтеді.


21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. Ол акцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасының  орынбасары, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың жетекшілік етуімен өтті.       

     Талқылауға ұйымдастыру комитетінің мүшелері  – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық академиялық   кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ЕҰУ «Алаш» мәдени  және рухани даму институтының директоры  Амантай Шәріп,   аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері       Ақайдар Ысымұлы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Гүлжамерия Қазина, жазушы,  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы қатысты.       

 Мәжіліс қатысушыларына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Назарбаев орталығының кітапханасы, Облыстық әмбебап кітапханалар, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша іріктелген авторлар тізімі ұсынылды.     

Тізімге Ғабит Мүсіреповтың  «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы енген еді.    Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық осынау әрбір шығарманың  құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.       

Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі күнге қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық-көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды.       

 Жыл бойына Астанадағы ҚР ҰАК-сында, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларда, әртүрлі мекемелердің кітапханаларында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған іс-шаралар өтетін болады. Акцияға жыл сайын білім беру мекемелері, сондай-ақ әскери бөлімдер қатысады.



Құрметті оқырмандар! Осы акцияға жаппай қатысуларыңызды сұраймыз. Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын оқуға шақырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет