Ақпан төңкерісі
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының алдына қойған міндеті қазақ деген «халқын ұлт деңгейіне көтеру», өз елін «жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру (М. Шоқай)» болды және осы мұратқа жету жолында халық бұқарасымен арада ортақ сана қалыптастыруға тырысты.
Алаш Орда құрылтайы
1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.
Улт азаттык
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.
«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
2 Көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің Түркістан мен Дала өлкесінен жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы жарлығының шығуы
3 Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: Ә.Жангелдин,А.Иманов,Т.Бокин,С.Сейфуллин,Т.Рысқұлов, С.Меңдешов,Б.Алманов,Б.Әшекеев,Ж.Мәмбетов қара жұмысқа алудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
4Либералдық-демократиялық зиялылар: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.
51913 жылдың өзінде А.Байтұрсынұлы: Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды деп жазды. М.Дулатұлы: Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан,күндіз күлкіден айырылды деп жазды жылғы қазандағы үндеу хатында: Тыңдаңыздар,қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар,-деп жазған болатын.
61916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: Болыстық,ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары Полициялық шенділер Имамдар,молдалар Несие мекемелеріндегі есепшілер Жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар Дворяндар
7 Көтеріліске қатысушы революцияшыл- демократияшыл зиялылар өкілдері: Жетісуда:Т.Рысқұлов,Т.Б окин,Б.Әшекеев,Ұ.Сауры қов,Ж.Мәмбетов,А.Қосақ ов Торғайда:Ә.Жангелдин,А.Иманов Орал облысы мен Бөкей ордасында:С.Меңдешов пен Ә.Әйтиев Маңғыстауда:Ж,Мыңбаев
8 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды,Орта Азияны,Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды
9 Шерубай-Нұра болысында:Н.Қияшев Қарашақ болысында:О.Шоңов Верный уезінде:Б.Әшекеев
10 Түркістан өлкесінде 347 адам атылды,168 адам жер аударылды. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |