Срсп 9 апта
Қазақстанда саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1990 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халықжаңа жағдайға бейімделіп келді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенн паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады.
Тәуелсіздік – біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажрамас бөлігі.
2.Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалыптасуы және жүзеге асуы.
Кайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің сгемендік-терін жариялады. Одақғы реформалауга бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалыгі жатты. Осындай жағдайда 1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация кабылдады1. КазКСР Жоғарғы Кеңесі К^зақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың езін-езі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық., құқықтьгқ мемлекет құруды негізге алыл, Казақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Декларацияны кабылдады.
Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатыпастарып шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын сақтайды. Декларацияда алғаш рет КазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.
ҚазКСР-нің территориясының өзгсрмейтіндігі бекітілді.
Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі КазКСР егемендігінің бірден-бір иесі жәнс мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады дсп керсстілді. Республика халқы атынан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар.
Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне катысуы үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылды.
Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болды және ең жоғары әкімшілік — атқарушы билік болып есептелді. Сот билігін Жоғарғы сот
жүргізді.
ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас прокурорымен келісе отырып ұсынады жоне оны ҚазКСР Жоғарғы Ксңесі бекітеді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркі-мен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бүл егемендіктің езекті қағидаларының бірі сді. Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ зандарын тоқтата алды.
Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді. Республика өз бюджетін дсрбес калыптастырады.
Республикада ядролық каруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиып салынды.
ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет кауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды.
3. Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы.
Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.
Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.
Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:
Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар
мен елдердіңі саяси тәжірибесін көрсетеді.
Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси
білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді.
Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті,
саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды
Саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді. Ол саяси ойлар дамуының бастапқы кезеңдерінде қарапайымдылығы мен нақты өмірдің негізімен астасып кеткендігіне орай қарапайым және шектеулі болды, ерекше функция ретінде жеке көрініске ие бола қоймады. Бірақ өркениеттің дамуымен, мемлекеттік биліқтің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделенуімен саяси ойдың мазмұны байи түсті. Яғни, саяси ой мемлекеттік-биліктік функцияның орындалуымен, қоғамның құрылымдық күрделенуімен және оның даму проблемасымен байланысты. Алайда, қоғамдағы билік құру проблемасы қанша күрделене түскенімен де саяси ойдың базалық негізі ретінде сақталып қалған өз ядросы болады. Бұл:
биліктің, мемлекеттік биліктің әлеуметтік қажеттілігі,
биліктің заңды болуы; биліктің негізгі функциялары;
билік құрушы субъектінің, оның өкілеттілігінің анықталуы, биліктің шектелуі;
саясаттың, қоғамның саяси өмірінің нормативті негіздері:
билік пен оған бағыныштылардың өзара қарым-қатынасы.
Қоғамды басқаруды ұйымдастырумен байланысты осы және басқа да мөселелер саяси ойдың тұрақты мазмұны болды. Сонымен қатар, саяси ойдың өмір мазмұнына қарай салмақтала түсетіндігін, оны саяси шынайылық пен оның проблемаларының үнемі өзекті етіп отыратындығын ескеру қажет. Саяси ойлардың тарихы туралы мейлінше толық түсінік алу үшін жалпы түрде қысқаша тарихи шолу жасап өтелік. Саяси ойдың даму кезендері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатмларымен байланысты.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дсйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |