Қазақстандағы ағылшын тілі
Ағылшын тілі әлемдегі ең ежелгі тіл болып есептеледі. Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі ең көп пайдаланатын тіл. Көптеген мемлекеттерде кеңінен қолданылатын ресми тілі болып саналады.Ағылшын тілі —әлемнің алдыңғы қатарлы алты тілінің бірі. БҰҰ-ның шешімі бойынша қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Ағылшын тілі жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілген және қазіргі таңда 1-сыныптан бастап оқытылады.Бұл жас балалардың тілін ағылшын тіліне жаттықтырып, сауатты жас ұрпақтың қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, көмекші етістіктер бар.Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында көптеген айырмашылықтар бар. Ағылшын тілінің төл күні БҰҰ-ның тікелей бастамасымен басқа тілдерге арналған ресми күндер секілді 2010 жылдан бері мерекеленіп келеді. Тілдер мерекесінің басты мақсаты – әлемдегі көптілділік дәстүрін нығайту.Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие. Бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Айтулы күні әлемде дөңгелек үстелдер, конференциялар, конкурстар, ғылыми көрмелер, ағылшын мәдениетімен танысуға болатын сабақтар өткізіліп келеді. Ағылшын тілі туралы қызықты мәліметтерге кезек берсек: біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды алып отыр. Ал бірінші орында – қытай тілі, екінші орынды – испан тілі иеленіпті. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп бай тіл болып саналады. Тілде синоним сөздер көп. Мысалы: «мас» (ағыл. drunk) сөзінің 200-ге жуық синонимі бар екен. Кейде бір сөзді екінші сөзбен шатастырып алатын кезде болады. Америкада ағылшынша сөйлеуге қатаң тиым салынады, өйткені штаттың ресми тілі – американ тілі. Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алаған. Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады, ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады.Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis екен. Бұл тыныс жолы ауруының атауы екен.
Ағылшын тілін қалай үйренуге болады? — кез-келген тіл білуге ынталанған адамның ойында тұратын сұрақ екендігі белгілі.Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ секілді әлемде үйренуге қиын тіл жоқ. Әлемде біз білмеген талай қызықтар бар. Мысалы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілде тілде еркін сөйлейген екен. Ендеше бұл ағылшын тілін еркін меңгеруге толықтай мүмкіндік бар дегенді білдіреді. Әр тілдің өз заңдылығы мен қиыншылығы бар. Ең алдымен тіл үйренемін деген адам алдына үлкен мақсат қоюы аса маңызды. Мысалы мен ағылшын тілін үйренген кезде көптеген қиындықтарға кез болдым, тілім байланып қиналдым десемде болады. Себебі, ағылшын тілі сөздерінің айтылуы мен жазылуы екы бөлек дүние екенін ұқтым. Қаншалықты қиын болсада тілге деген қызығушылығым арта түсті. Басында ағылшын тіліндегі астынан аудармалары шығатын киноларды, әуендерді тыңдай бастадым. Өзіме ұнағандарын жаттап отырдым. Өз өзімді қадағалап күніне он –он бес сөзден жаттап, сөздік қорымды байытып отырдым. Олардың сөздері өзіміздің қазақи сөздерімізге ұқсастығы барын байқадым. Мысал ретінде мына сөздің ұқсастығын қарастырайық. Бұл менің жеке ойым, оны тек ағылшын тілін жақсы үйрену үшін қолайлы деп түсіну керек.Sir - Сері (Сэр), Home - Үйім(өз үйім - өлең төсегім).House - Қуыс (пана, үй).Manage - Меңгеру (бақылау, қадағалау). Boot - Бұт (аяқ киім), Baby - Бөпе (бөбек), And - Енді (және). Тағыда осыған ұқсас сөздер бар. Ары қарай айтатын болсақ, ұқсастығы сөз құрастыруда тағы бар. Мысалы ағылшын тілінде ер дегенді істеген адамды көрсету үшін сөз соңына қосады. Онысы қазақи тұрғыда естіліп тұр. Мысалы: ардагер, қаламгер, мұрагер және т.б. Ағылшын тілінде: eater, broker, soldier, engineer және т.б.Одан ары, етістікті көрсету үшін ағылшын тілі to (ту) деп сөздің алдына қосады: todo, towatch, tosee, tolove...Ал енді қазақ тіліне қарасаңыз, тіптен ұқсас -ту деген сөз тіркесі бар. Мысалы: жасату, бастырту, көбейту. Тек ағылшын тілінде ол сөздің алдында тұрса, қазақша ол соңында қойылып, оған қоса -ду, -у болып қолданылады. Бұл ерекшеліктің шыққан тегі меніңше өзге елдің ықпалынан тууында боп отыр. Баяғыда, ағылшын тіліне өзге елдің мәдениеті билік еткен екен, содан ерекшеліктер қосылды.
Ал қазақ тілінің қоғамдағы мүмкіндіктері туралы сөз қозғасақ, алдымен қазақ тілінің қазіргі хал-жағдайы туралы айтып өткіміз келеді. Еліміздің бұған дейін Кеңес үкіметінің құрамында болғаны белгілі. Осының себебінен қоғамда қазақ тіліне қарағанда орыс тілінің басымдығы көп болды. Әріптердің өзін алып қарасақ - щ, ц, ъ, ь, э, ю, я. Сол тәрізді баяғыда құдіретті елдің аузынан естілген сөздер сол күйінде ене берді де, қазір тіпті мақтанышқа айналып кетті. Ана тіліміз тек тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жанданып, ауқымы кеңи бастады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елдегі қазақ тілді азаматтардың үлес салмағы соңғы 20 жылда айтарлықтай азая түсті. Мұны шеттен келген оралмандармен және орыс тілді азаматтардың елден көшуімен түсіндіруге болады. Қазір қазақ тілді азаматтардың саны елдегі басқа ұлттардан әлдеқайда көп. Бұның бәрі қазақ тілінің әсер ету ауқымының кеңеюіне септігін тигізуде. Жалпы айтқанда қазақ тілінің дамуы заңмен қай жағынанда қорғалған деп айтуға болады. Дегенмен қазақ тілінің ғылымға, ғылым тіліне айналуы айтарлықтай мәселе болып отыр. Қазіргі кезде ғылымды ізденушілер орыс не ағылшын тілдерінде үйренеді. Сол себепті, осы тұрғыда атқарылуы керек жұмыстар ұшан-теңіз. Қазақ тілінде ғылыми кітаптардың жазылуы қолға алынып, дұрыс жолға қойылмаса, бұл тұрғыда тілдің дамуы осылай кенже қала беретіні анық. Егер тілдік тұтастық болмаса, бір ұлттың өзі бірнеше тілге бөлініп, өзара түсініспей қалуы да ғажап емес. Сондықтан дана халқымыз ˮөзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметтеˮ деп атап өткендей өзге ұлтың тіліне де өз тілімізге де құрметпен қарау керек секілді.
Ағылшын тілі қай жерде жүрсекте ауадай қажет болатын тіл. Халықаралық тіл болғандықтан әлемді танытатын да , әлемге танытатын да, екі елді жақындастырып қарым-қатынас орнататын да осы-ағылшын тілі.Қазақстан әлемге енді танылып келе жатқан дамушы ел болғандықтан дамыған шет елдермен қарым-қатынаста болу қай жағынан алып қарасақта өте тиімді. Әлемдік ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілетті болу үшін ағылшын тілін қолданысқа енгізу қажет екендігі ешқандай дау тудырмайды. Осы арқылы біз ғылымнын жаңа жаңалықтарымен танысып, жаңа технологияларды игереміз, экспорт және импортты дамытып, әлем нарқына шығамыз, еліміздің туризм саласын дамытып, елге көптеген пайда әкелеміз. Экономикалық жағынан да, шаруашылық тұрғысынан да басқа елдерге қарағанда ілгері дамытып, дамыған 20 елдің қатарына ене аламыз. Ағылшын тілін меңгеру- әлемдік қажеттілік. Бұл тек қана Қазақстан еліне емес бүкіл әлемге қойылып отырған басты талап, бәсекелестік болып табылады. Басқа елдермен қарым-қатынас жасауда басты қару екендігі сөзсіз. Себебі әлемдік қарым-қатынас тілін меңгермеген ел кемде-кем. Сондықтан, біз, кейінгі ұрпақ қазақ елінің терезесі тең дәрежеде болуы үшін терең білім алып, әлемдік тілдерді танып, қазақ тілін әлемге танытуымыз басты мақсат. Біздің еліміз жас мемлекет,тіліміз де жаңа дамып келе жатыр. Ағылшын тілі енді ғана дендеп келе жатса да, бүкіл елге тез жайылып, тереңдей түсті. Ендігі кезекте ары қарай еліміздің тілдік қуаты күшейе түсер деген сенімдеміз. Еліміздің мәртебесі, ана тіліміздің тілдік қуаты артып, тілімізді өзге елдер үйренетіндей дәрежеге жетейік!
Достарыңызбен бөлісу: |