Қазақстандағы археологиялық тастаңба нысандарының таралуы нәдірқұл Н. М. 5В011600 – География мамандығының 3 курс студенті Ғылыми жетекшісі: Кошербаева Ш. С



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі497,15 Kb.
#32769
1   2   3

«Теректі әулие» петроглифтері – әзірге тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ тарихи жәдігер. Ол Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым қашықтықта орналасқан. Теректі жартасындағы бейнелер біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздағы 1 мың жылдықтың басында бедерленген. «Теректі әулиедегі» суреттер (пиктограмма, петроглифтер) тас бетіне қашалып салынған. Пиктограмма тас бетіне салынған суреттердің бізге жеткен көне ескерткіштерінің бірі. Тіршілікте тылсым табиғатпен тіл табысқан адамзат баласының бар білімі, таным-түйсігі, ақыл-парасаты, зейін-зердесі бейне-белгілер түрінде тас бетіне таңбаланған. Тіршілік иесі өзінің өмір сатысының барлық кезеңінде табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын бейнелеп қалдырған.    Кейбір тастардың мұқият өңделгені соншалық, олардың беттері күні бүгінге дейін айнадай жылтырайды. Жергілікті халық оны әулиенің сырғанағы деп атап кеткен (4- сурет).

Сурет 4. «Теректі әулие» петроглифтері
     «Теректі әулие» гранит қырқалар кешенінің анда-санда ғылыми кітаптарда аталғаны болмаса түбегейлі зерттелмеген. Тарихы тылсымға, тастары таңбаларға толы кешеннің адамзат тарихының ашылмай жатқан беттерін ақтаруға септігі тиюі әбден ықтимал. Қалай болғанда да осыншама күрделі кешен маман ғалымдар тарапынан тиянақты зерттелуін қажет етеді[24].

Пиктограмма – тас бетіне салынған сурет, бізге жеткен ең көне ескерткіштердің бірі. Тіршілікте тылсым табиғатпен тіл табысқан адамзат баласының бар білімі, таным-түйсігі, ақыл-парасаты, зейін-зердесі бейне-белгілер түрінде тас бетінде таңбаланған. Тіршілік иесі өзінің өмір сатысының барлық кезеңінде табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын бейнелеп қалдырған.

Қазақстан аумағында бағзы заманынан бүгінге дейінгі тарихынынан сыр шертетін рухани-материалдық мұралардың шоғыры туристердiң қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Оларды қалпына келтiрiп, туристiк нарыққа тарту қажет.Археологиялық тастаңба нысандары Қазақстанның туристік кластерін қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл өз кезегінде археологияның ашық аспан астындағы ескерткіштерін дұрыс консервациялау мен музейлендіруге тікелей байланысты. Тарих пен мәдениет ескерткіштерін туризмнің тартымды нысандарына айналдыру болашақтың ісі.

Әдебиеттер:

1.Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2009. – 570 б.

2.Марғұлан Ә.Х. Тамғалы тас сыры (Орта ғасырда тасқа жазылған қазақша таңба, ұрандар) //Қазақ тарихы. 1993, №2. – Б.10-30.

3.http://kk.wikipedia.org/wiki/ Археологиялық ескерткіштер.

4.www.bnews.kz .Тасқа жазылған тарихтасадақалабереме?

5.Байпақов К.М., т.б. Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер. – Алматы, 2005. – 226 б.



6.kk.wikipedia.org/wiki/ Тастағы тарихи таңбалар
Түйіндеме

Мақалада Қазақстан аумағында археологиялық тастаңба нысандарының түрлері мен олардың таралуына сипаттама беріліп, бірқатар жартастағы суреттер-петрогливтерге сипаттама берілгендігі қарастырылды.

Summary

The article describes the characteristics of types and forms of their distribution on the territory of Kazakhstan archaeological tstab, a number of cave drawings description of considered dedication petrolifere.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет