Қазақстандағы археологиялық тастаңба нысандарының таралуы нәдірқұл Н. М. 5В011600 – География мамандығының 3 курс студенті Ғылыми жетекшісі: Кошербаева Ш. С



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі497,15 Kb.
#32769
  1   2   3
ӘӨЖ 37.091 (567.5)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАСТАҢБА НЫСАНДАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Нәдірқұл Н.М.

5В011600 – География мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Кошербаева Ш.С., п.ғ.м.

Алматы университетінің аға оқытушысы

Алматы қаласы

Еліміз ежелден халық жиі қоныстанғанын айғақтайтын тарихи-археологиялық ескерткіштерге бай. Олардың қатарына отырықшы және көшпенді мәдениеттің қатар дамығанын айғақтайтын туристік-рекреациялық маңызы бар төмендегі рухани материалдық мұралар:

- адамзат қоғамының дамуының баспалдағы болған Ұлы Жібек жолының солтүстік-шығыс тармағының бойындағы ерте орта ғасырлық сауда-экономикалық, әкімшілік-аумақтық маңызы бар қалалар;

- қола, сақ-ғұн кезеңдерінің петроглифтері, қорғандары мен бал-бал тастары;

- керуен жолдарының бойындағы сауда бекеті, әскери бекініс қызметін атқарған төрткүлдер мен астрономиялық және әскери бақылау қосыны қызметтерін атқарған қарауыл төбелер;

- қазақ-жоңғар соғысы кезінде кескілескен шайқас болған орындар;

- ХVІІІ-ХІХ ғасырлардан сақталған этнографиялық маңызы бар қазақ қыстақтары жатады.

Өткеннің сан алуан тарихи ескерткіштерінің ішінде жартастағы өрнектер (андрондық мәдениет), бедерлер мен әшекейлер көрнекті орын алады. Қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер Қазақстан аумағының көп жерлеріне таралған. Бәрінен көп петроглифтер жоғарғы Ертіс, Балқаш бойынан, Жетісудан және Оңтүстік Қазақстаннан табылды. Мұнда Батыс Алтайдың, Іле, Жоңғар Алатауларының және Қаратаудың көрікті шатқалдарының сілемдерінде "шөлдік күнге күю" деп аталатын темір мен марганец тотықтарының тамшыларынан жиналған жылтыр қабыршақтармен жабылған жартастар мен қойтастар мол. Петроглифтер тек аталған аймақтарда ғана емес, олар республиканың басқа аудандарында, мәселен, Орталық Қазақстанда, Маңғыстауда көп таралған. Қазақтың ең бір асыл ескерткіштері адам баласы оңайшылықпен таппайтын көзден таса жерлерге орналасқан[4].

Таңбалы тас – қорым (пантеон) және қорық жер, оның жақпар тасына салынған алғашқы таңбалар Шыңғыс хан заманына, тіпті одан да әрі әлмисаққа нұсқайды. Қазақтың қазақ болмай алты алаш болып тұрған кезінде жазылған жазулар да осы Таңбалы тас бетінде тұрған мөр есепті. Таңбалардың түйдек түскен заманы қазақ этносының қалыптасуына байланысты. Дегенмен, қазақ жеріндегі ең бір қасиетті ескерткіш әлі күнге ғылыми түрде нәтижелі зерттеліп, оқырманға танылмай отыр.



Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер – жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді[19].

Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда  Тамғалы, Баянжүрек, Құлжабасы, Ешкіөлмес және Қарақырда (Алматы облысы), Арпаөзен, Боралдай мен Қасқабұлақ (Оңтүстік Қазақстан облысы) Қаратау мен Маймақта (Жамбыл облысы),  Тарбағатай  мен Бөкентауда (Шығыс Қазақстан облысы), Теректi әулие (Жезқазған), және т.б. аумақтарда кездеседі.

Зерттеу жұмысында Қазақстандағы археологиялық тастаңба нысандарының таралуына сипаттама беру міндеттеріне сәйкес бірқатаржартастағы суреттер-петроглифтерге сипаттама берілді. Кешеннің маңыздылығына қарай Тамғалыдағы тасқа салынған суреттер 1 бөлімнің 1 тарауына жан-жақты сипатталды.

Жыл сайын петроглифтерді зерттеу жасағы Жетісуда суреттердің жаңа жинақтарын тауып алады. Бұл аймақ жартасқа салынған өнердің аса қаныққан ескерткіші болып табылады және қола дәуіріндегі петроглифтер негізгі бөлігін құрайды. Осы топта Қазақстан ежелгі тұрғындарының байырғы тіл діні және мифологиялық ұғымдармен байланысты, ақпаратты және қызықты суреттер бар. Олардың арасында жасанған кейіпкер, аң (қақсыр) маскасын киген адамдардың суреті, алғашқы билерлің суреті, күнбасты кейіпкерлер мен екі аяқты күйме арбаның суреті бар діни сюжеттер.

Тамғалы шатқалы, Құлжабасы, Ешкіөлмес және Баянжүрек тауларындағы суреттер тарих үшін аса жарқын болып табылады. Тамғалыдағы суреттер және, Ақ-Қайнар жеріндегі құрып кеткен жабай бұқалардың мүсіні аса қызықтыларға жатқызуға болады. Олардың кейбіреуі үш метрден ұзын. Ақ-Қайнар шатқалында қасқыр маскадағы ерлердің мүсіндері және артқы аяқта тұрған қасқырлардың суреттері бар. Сол жерде осы бұқаның мүйізінде би қалпындағы адамдар мүсіндері бар. Ешкіөлмес тауындағы жартаста жүз шақты ежелгі екі аяқты күйме арба, жануарларды құрбан шалған сахнасы соғып жасалынған. Осы петроглифтер біздің заманызғадейін екінші мыңжылдықта соғып жасалынған. Ол туралы ескі екі аяқты күйме арба, қару түрлері (балта, шоқпар) және тау бөктерінде орналасқан қола дәуірінің ежелгі қоныстануы айта алады.



Алматы қаласынан батысқа қарай 240 шақырымда Құлжабасы тауында археологтар тапқан петроглифтер ең ежелгі, ал біздің заманызға дейін екінші мыңжылдықтың соңында, қола дәуірі шамасында Ешкіөлмес тауындағы суреттер ең кейінгі болып табылады.

Құлжабасы жазуы  Қазақстандағы жартасқа шекілген ежелгі түркі Құлжабасы жазуы  Отар станциясынан 14 км қашықтықта Құлжабасы тауындағы өзектің сол жағалауындағы жартастан 1965 ж. табылған. Мұндағы бұқа бейнесіне 7 таңба шекілген, бұқа бейнесінің биіктігі 14 см, тұрқы 24 см. Алғашқы әріптен басқа таңбалар  анық көрінеді, жазудың қазақша аудармасы: «Екі ара немесе аспан асты бейбітшілік болсын», - деген мағынада. Зерттеулерге сүйенсек бұқа бейнесі шаманизмнің алғашқы кезеңінде салынған деген пікірлер бар. Археологтар бұл бейнелерді б.з.б. І ғасырға жатқызады[2].

Ешкіөлмес петроглифтері – Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер(1-сурет).

Сурет 1. Ешкіөлмес петроглифтері 
Ешкіөлмес петроглифтерін Қазақстан аумағында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде  А.Марғұлан атындағы археология Институты «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына»  ұсынылған (28.09.1998. ж).  Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді[3].

Баянжүрек (ойратша «байин дзурх» – жомарт жүрек) тастағы суреттері Алматы облысы, Қапал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу Алатауы сілеміне жататын тауда орналасқан (2- сурет).

Сурет 2. Баянжүрек петроглифтері
Баянжүрек петроглифтерін тіркеу мен сипаттау бойынша зерттеулерді 1995-1996 жылдары, құрамына А. П.Франкфорт, Д. Сакки, П. Видаль, Р. Давид, Ж.П. Бозелик, Ф. Солейхаву, сондай-ақ испаниялықтрасолог П.Жардон, А.Немлаги кірген Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының бір топ ғалымдарымен бірлесіп жүргізілді[1].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет