2002 жылы ДДСҰ-ның берген анықтамасы бойынша, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек – бұл « өлімге әкелетін ауру мәселелерімен қақтығысқан науқас пен оның жанұя мүшелерінің өмір сапасын жақсартуда, туындаған мәселелерді ерте анықтау және дәл бағалау арқылы зардап шегуді шеттету мен жеңілдету және парапар ем араласуларын жүргізу (ауырсыну синдромы және басқа да тіршілік әрекетінің бұзылыстарында), сонымен қатар психоәлеуметтік және рухани қолдаулармен жақындау».
Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек күтімінің бағдарлама принциптері:
- мақсаты – ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекті қажет етушілердің өмір сапасын жақсарту;
- негізінде науқастардың қажеттілігі жатады, сонымен қатар олардың жанұясы мен күтімді жүргізетін тұлғалар;
- ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің күтімі – өмірге қауіп төндіретін созылмалы аурулар кезінде көмектің ажыратылмайтын құрам бөлігі;
- ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек күтімі кез келген жағдайларда
ұйымдастырылуы мүмкін, арнамалы қызметпен шектелмеген;
- негізгі басымдылықты үйінде көрсетілетін көмекке жасау керек, әсіресе қордың шектеулі жағдайларында.