Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталады. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) шатраш деген ойынды білген екен



бет1/3
Дата19.10.2022
өлшемі103,79 Kb.
#153817
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Дойбы 2023ж
aliev tainy semii proroka mukhammada, тест 300 дб, 5 лекц диф псих, Латын сессия жауаптары 2023, Латын сессия жауаптары 2023, Дарис-7 Көміртегі айналымы (копия)

Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.Дойбы үйірмесін 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны,аптасына бір сағат жылына 35 сағатқа жоспарланған.

Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталады. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) ШАТРАШ деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды ДОЙБЫ десе, батыс аймақтарда ШАТРАШ деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысқан. Бір ерекшелігі, алғашқы чемпионның ұлы Абайдың немересі, семейлік Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың (бұрынғы деректерде Әкрам деп келген едік) болғандығында. Әрхам Кәкітайұлы екінші рет 1949 жылғы өткен республика біріншілігінде чемпион болыпты. Бұл кісі сонымен бірге тоғыз құмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше рет ел біріншілігіне қатысқан.Қазақтанда бірінші болып дойбыдан спорт шеберлігіне кандидат болған – Шәкір Әлімбайұлы Жамбыршин.Қазақтан дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ жайлы алғашқы үйрену кітабын жазған Талапбек Сұлтанбекұлы (1930-2009). «Дойбы ойыны» (1954), «Шахмат ойнай білесің бе?» (1959), «Шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ» (1967) кітаптарының авторы.Қазақ жігіттері арасынан тұңғыш дойбыдан спорт шебері болған – Бақ Қуанышбайұлы Иманәлиев (1952.25.07 – 2008.28.07).Бақ Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамбаш ауылының тумасы. Жастайынан көзі көрмей қалған жігіт тағдырдың тәлкегіне көнбей білім алып дойбы үйірмесіне қатысып, әуелі әздер арасындағы, сосын сау көзділер арасындағы жарыстарда озып 1984 жылы алғаш рет КСРО финалына қатысқан бірінші қазақ жігіті.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет