қосымша
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру ерекшеліктері
2020-2021 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары жаңартылған мазмұн бойынша жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларын игеруге көшеді.
Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 19 жалпы білім беру пәннің 15-ін оқыту қарастырылған. Бұл ретте 11 пән оқу үшін міндетті болып табылады, тереңдетілген деңгейдегі төрт пәннен 2 пән және 2 пән стандарттық деңгейдегі төрт пәннен таңдалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындалады. Үлгілік оқу жоспарында 14 пәнді оқыту қарастырылған: 10 пән оқу үшін міндетті болып табылады, өйткені «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» оқу пәндерінің мазмұны «Математика» пәнімен ұсынылған. Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың 4 бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған, тиісінше оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің 2 пәні бойынша.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің мазмұны мамандықтардың базалық модульдеріне біріктіріледі.
Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде оқитын топтар үшін), «Қазақ тілі және әдебиеті» (орыс тілінде оқитын топтар үшін), «Орыс тілі және әдебиеті» (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Өзін-өзі тану», «Дене тәрбиесі», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жатады.
Бейіндік оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде пәндерді таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушы өз қалауы бойынша өзіне маңызды оқытудың тереңдетілген деңгейінің екі пәнін және стандарттық деңгейінің екі пәнін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі пәндерге қарағанда тереңдетілген деңгейдегі бейінді пәндерге сағаттардың көп саны беріледі. Стандарттық деңгейде бейінді емес пәндер оқытылады.
Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндерге «Физика», «Химия», «Биология», «География» жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Биология», «География» жатады.
Қоғамдық-гуманитарлық бейіндегі тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Химия», «Биология», «География» жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандартты деңгейдегі пәндерге: «Физика», «Химия», «Графика және жобалау» жатады.
Жалпы білім беретін пәндердің жаңартылған мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады. Көлемі мен мазмұны бейінге (бағытқа) сәйкес үлгілік оқу жоспарларымен және үлгілік оқу бағдарламаларымен анықталады.
Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларын меңгеру сағаттарының жалпы көлемі 1448 сағатты құрайды.
Оқу әдебиеттері мен құралдарын таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығынбасшылыққа алу қажет.
Қазақ тілінде оқытатын техникалық және кәсіптік білім берудің
жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұнда)
Бағыты
|
Қоғамдық-гуманитарлық
|
Жаратылыстану-математикалық
|
Инвариантты компонент
|
Міндетті пәндер
|
|
Оқу пәндері
|
Сағат саны
|
Оқу пәндері
|
Сағат саны
|
1
|
Математика
|
120
|
Математика
|
180
|
2
|
Информатика
|
90
|
Информатика
|
90
|
3
|
Қазақ тілі
|
90
|
Қазақ тілі
|
60
|
4
|
Қазақ әдебиеті
|
90
|
Қазақ әдебиеті
|
60
|
5
|
Орыс тілі және әдебиеті
|
120
|
Орыс тілі және әдебиеті
|
120
|
6
|
Шетел тілі
|
120
|
Шетел тілі
|
120
|
7
|
Қазақстан тарихы
|
90
|
Қазақстан тарихы
|
90
|
8
|
Өзін-өзі тану
|
60
|
Өзін-өзі тану
|
60
|
9
|
Дене тәрбиесі
|
158
|
Дене тәрбиесі
|
158
|
10
|
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
|
90
|
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
|
90
|
Оқу жүктемесі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |