Анимизм – аруақтар мен рухтарға сену. Қоршаған ортадағы әр нәрсенің жаны немесе рухы бар деп ойлау. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы.
Тотемизм – адамның шығу тегін белгілі бір жануармен, өсімдікпен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру.
Магия – табиғаттың дүлей құбылыстарының өздерін сақтау үшін түрлі тылсым әрекеттер жасау.
Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған – құдайға сыйыну
МЕЗОЛИТ. ОРТА ТАС ДӘУІРІ (б.з.б. 12-5 мыңжылдық)
Кейінгі палеолит пен мезолит кезеңінің басында ауа райы өзгеріп, мұз ери бастады (13 мың жыл бұрын). Өсімдіктер мен жануарлар әлемі өзгерді. Қазіргі замандағыға ұқсас климат қалыптасты. Климаттың өзгеруіне байланысты ірі жануарлар жойылып, кейбір түрлері көбейді. Мысалы қоян, бұғы, қасқыр және т.б. жүйрік аңдарды аулау үшін қару-жарақтың жаңа түрі – садақ пен жебе пайда болды.
Алғашқы сал, қайық пен ескек түрлері жасалынды, аңшылықта қолға үйретілген ит адамдарға көмегін тигізді. Жекелеген аңшылар қауымға тәуелді болмай, өздігінен-ақ аң аулауға шыға бастады. Күннің жылына түсуі терімшіліктің маңызын арттыра түсті.
Мезолит заманында рулық қауым күшейді.
Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал атауы: Микролит (ұзындығы 1-2 см ұсақ тас құралы. Ол тас тілігінен немесе жаңқадан дайындалды. Құрамалы техника арқылы бекітті және оны пышақ пен жебеге қолданды)
Мезолит заманының басты жаңалығының бірі: Садақ пен жебенің жасалуы
Ағаш сапқа үшкір тастарды екі жақ басынан тарамыс жіппен байлап бекітіп жасалды: жебе
Жебе мен садақ, бумеранг (100 м ұшатын орақ тәрізді қару) дүниеге келген дәуір: Мезолит
Алғашқы сал, қайық пен ескек түрлері, ау, сүйектен жасалған сүңгі жасалынды: Мезолитте
Ретушь әдісімен жүзін өткірлеген ірі құралдар: тесе, кетпен, қайла
Қоғамдағы топтардың белгілі бір кәсіп түріне бірте-бірте мамандануы: Қоғамдық еңбек бөлінісі
Мезолит дәуірінде қауым мүшелері бөлінген топтар: Қариялар, ересектер, балалар
Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы: Бағыштау (инициация)
Егіншіліктің пайда болған мерзімі – 10 мың жыл бұрын
Мезолит дәуірінің ерекшеліктері: Жануарларды қолға уйрету, дәнді дақылдарды өсіру
Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құрал атауы: Тас орақ
Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы: Tece
Мезолиттік тұрақтар саны – 20.
Мезолит заманының зерттелген тұрақтары: Атбасар маңында - Тельман, Қарағанды жанында Әкімбек, Көкшетау аумағында - Виноградовка, Торғай жерінде - Дүзбай, Маңғыстауда - Кызылсу, Солтүстік Қазақстанда - Мичурин, Боголюбово, Явленка
Мезолиттік аңшылар мекендеген өзен жағалаулары: Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық
Мезолит дәуіріндегі тұрақтардың аз болуының негізгі себебі: жиі қоныс аударуынан
Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылған өзен анғары: Есіл