ТАС ДӘУІРІ ПАЛЕОЛИТ Ерте тас ғасыры б.з.б. 2,6 млн жыл - б.з.б. 12 мыңжылдық
МЕЗОЛИТ Орта тас ғасыры б.з.б. 12-5 мыңжылдық
НЕОЛИТ Жаңа тас ғасыры б.з.б. 5-3 мыңжылдық
ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ б.з.б. 2,6 млн - б.з.б. 40 мыңжылдық (Атамұра баспасында 140 деп көрсетеді)
КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ б.з.б. 40 - 12 мыңжылдық
ОЛДУВЭЙ б.з.б. 2,6 млн жыл - б.з.б. 800
мыңжылдық
АШЕЛЬ б.з.б. 800-140
мыңжылдық
МУСТЬЕ (кей деректерде орта палеолит)
мыңб.з.б. 140-40
жылдық
ПАЛЕОЛИТ. ЕРТЕ ТАС ҒАСЫРЫ (б.з.б. 2,6 млн жыл - б.з.б. 12 мыңжылдық)
Ежелгі тас дәуірі – адам мен оның шаруашылық әрекетінің қалыптаса бастаған кезең.
Ерте палеолит (б.з.б. 2,6 млн - б.з.б. 40 мыңжылдық) дәуірінде адамдар жануарлар әлемінен бөлініп шықты. Адамдар еңбек құралдарын жасап, еңбек дағдыларын жетілдіре бастады.
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бұдан 1 млн жылбұрын пайда болып, аймақты игере бастаған.
Бірлесіп тамақ табу және жабайы жануарлардан қорғану үшін топтасқан ертедегі адамдардың ұжымы – тобыр деп аталды.
Алғашқы тобыр 20-30 ересек адамдардан құралды.
Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары – Үңгірлер
Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі: терімшілік, одан кейін аңшылық.
Алғашқы адамдардың аулаған аңдары: Мамонт мен бизон
Ерте тас дәуірінде: от пайда болды
Қазақстандағы ертедегі адамдардың өмір сүргені туралы дәлел беретін ерте палеолит дәуіріне жататын – Оңтүстік Қазақстандағы Жамбыл облысы, Арыстандыөзенінің бойында, Қаратау жоталарының маңында табылған еңбек құралдары: кескіш, қырғыш, тескіштер 1 млн жыл бұрынғы кезеңге жатады.
Тарихи дәуірдің алғашқы нұсқасын жасаған атақты американдық этнолог Л. Морганадамзат баласы тарихын үш кезеңге бөлді: жабайылық, тағылық, өркениеттік
Жер бетінде ауа райы күрт салқындап, мұз басу дәуірі б.з.б. 250 мың жыл бұрын басталды. Дат ғалымдарының айтуынша, мұз қысқа уақытта жер бетін үш рет басып, еріген. Б.з.б. 14-13 мыңыншыжылы қазіргі Арктика шегарасына ауысқан. Бұл суық ауа райына неандертальдықтар мен синантроптар бейімделді.