Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



бет7/8
Дата20.07.2022
өлшемі2,33 Mb.
#147616
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-слайд (2)

НЕОЛИТ. ЖАҢА ТАС ДӘУІРІ
(б.з.б. 5-3 мыңжылдық)
  • Қазақстан аумағында неолиттік үш археологиялық-мәдениет сақталды: Келтеминар, Атбасар, Жебелі
  • Келтеминар мәдениеті (Арал маңы), Батыс Қазақстан жерінде Келтеминар мәдениетіне жататын ескерткіштер – Солянка, Бауыржан-аяқ тұрақтары.
  • Атбасар мәдениеті (Солтүстік Қазақстан) – Есіл маңынан тұрақтар табылды.
  • Жебелі мәдениеті (Үстіртте орналасқан) – үңгірлердегі тұрақтар Жебелі немесе Дам-Дам-Чашма ІІ тұрақтары табылды.
  • Өндіруші шаруашылық пайда болды: Неолит
  • Тас өңдеу техникасының гүлденген кезі: Неолит дәуірі
  • Неолит дәуірінің ең үлкен жаңалығының бірі: Қыш құмыра жасауды үйрену
  • Неолит дәуірінің басты ерекшелігі: Қыш құмыралардың пайда болуы, Егіншілік қалыптасты
  • Егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптасты: Неолитте
  • «Қыш құмыралар заманы» деп аталатын дәуір: Неолит
  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарының жаңа түрлері - дәнүккіш, келі, балта, т. б. ойлап тапқан уақыт: Неолит
  • Нелит дәуірінде металл бетін тегістеуде пайдаланылды: Яшма
  • Неолит дәуірі керамика бұйымдарына тән өрнектер: геометриялық
  • Неолитте саздан жасалған қыш ыдыс атауы – көзе

НЕОЛИТ ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ТҰРАҚТАР
  • Б.з.д. 5 мың жылдыққа жататын ең көне неолиттік тұрақ: Қараүңгір
  • Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас (Қаратау) ауданы жерінде орналасқан неолиттік тұрақ: Қараүңгір (қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған)
  • Қазақстан аумағынан табылған неолиттік тұрақтар саны: 800-ге жуық
  • Шығыс Қазақстандағы неолит тұрағы: Усть-Нарым
  • Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы: Пеньки
  • Неолит дәуіріне жататын Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтары орналасқан өңір: Орталық Қазақстан
  • Арал төңірегіндегі неолиттік тұрақтың бірі: Сексеуіл (Қызылорда облысы)
  • Қызылорда облысында орналасқан неолиттік Сексеуіл тұрағынан табылды: Қой мен сиырдың сүйегі
  • Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ: Сексеуіл
  • Неолиттік 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір: Жезқазған өңірі
  • Неолит тұрғындарының әдет-ғұрыптары туралы мәлімет беретін және қоғамда ана үстемдігінің қандай дәрежеде болғандығын білдіретін әйел қабірі табынды: Железинка ауылы маңынан
  • Сүйектен жасалған әшекейлер, садақ пен жебе ұштары табылған өзен маңы: Қараторғай
  • Тас өңдеудің жоғары дәрежеге жеткенін байқауға болатын неолиттік ескерткіштер табылды: Қараторғай өзені маңы
  • Неолит кезеңі тұрғындарының әдет-ғұрыптары туралы мәлімет беретін әйел қабірі табылған жер: Железинка ауылы
  • Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бөлінді: Бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет